Қоғам • 24 Сәуір, 2024

Танымал рэпер МОТ Астана тұрғындарына ерекше ұсыныс жасады

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада концерт өткізген танымал рэпер МОТ тыңдармандарын қаланы таза ұстауға және экологиялық науқанға белсенді атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Танымал рэпер МОТ Астана тұрғындарына ерекше ұсыныс жасады

фото: Астана қаласының әкімдігі

Ол Астанада көптен бері болмағанын, қаланы сағынғанын айтып, оның таза әрі әдемі екеніне ерекше назар аударды. Рэпер концертке жиналған жанкүйерлерін тазалықты сақтауға және іс-шарадан кейін қоқыстарды жинап кетуге шақырды.

«Өздеріңіз білесіздер, біз Қазақстанды қатты сағындық, Астанада көптен бері болған жоқпыз. Қазақстанда екенімізді қалай сезінгенімізді білесіздер ме? Мен Астананың өте таза әрі әдемі екеніне кезекті рет көз жеткіздім. Қаланың тазалығына атсалысыңыздар. Қазір экологиялық акция жүріп жатқанын естідім. Тазалықты осы жерде де сақтап, рухани, музыкалық кешті ары қарай жалғастырайық. Сондықтан концертке бөтелке, банка сияқты заттар алып келсеңіздер, бірге алып кетейік», деді МОТ.