Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
99 материал табылды

Мирас • 04 Мамыр, 2024

Ши немесе тіз оқ

Ерте кезде қазақтар тіз немесе ши оқпен құс атқан. Бұл оқтың тіз немесе ши деп аталуына себеп, оқтың тым жіңішкелігі және қатты шиден жасалуына байланысты. Кәнігі мергендер мұндай ши оқтың төрт-бесеуін адырнаға қатар орнатып, бір деммен шашырата атқан.

Мирас • 02 Мамыр, 2024

Қол күші мен ақыл тоғысса, оқ мүлт кетпейді

Ұланбатыр қаласында «Ер жігіттің үш өнері» атты жеке­меншік компания бар. Бұл мекеме – ежелгі еуразиялық көшпелі ұлыс: сақ, ғұн, көк түркі дәуірі, одан кейінгі Шыңғыс қаған негізін қалаған Моңғол империясы тұсында қолданыста болған атыс қаруы – садақ түрлерін жаңғыртумен айналысады. Аталған мекеме басшысы көне қару-жарақ маманы әрі садақ атудан ұлттық дәргейлі мерген Төмөрхуу Батмунке мырза өткен Наурыз мейрамы қарсаңында халқымыздың салт-дәстүрін насихаттаумен айналысып жүрген «Qazaq-oner» ұлттық қауымдастығы, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлға­лар бірлестігінің шақыруымен Қазақстанға келіп, Алматы мен Астанада көрме ұйымдастырды. Осы орайда моңғолиялық шеберге жолығып, көшпелілердің жауынгерлік өнерінің бір саласы – садақ қаруы хақында әңгімелестік.

Жәдігер • 30 Сәуір, 2024

Ғұн күймесі

Көзіқарақты қауым һәм маман тарихшылардың бәрі біледі, қазіргі қазақ халқы – әлем тарихына тұңғыш рет еуразиялық аумақта көшпелі империя құрған көне ғұндардың ұрпағы. Ақын Мағжан Жұмабаев «Ерте күнде отты Күннен ғұн туған, Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам» дегенді бекер айтпаған болар.

Спорт • 22 Сәуір, 2024

Азия чемпионаты аяқталды

Өткен аптада Шымкент қаласында жалауын көтерген жамбы атудан Азия чемпионаты аяқталды. Бұл жарысқа сары құрлықтың 14 мемлекетінен келген 60-қа жуық мерген «Мажар», «Азия», «Түрік» стильдері, халқымыз­дың дәстүрлі жауынгерлік өнері жамбы ату бойынша сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтады.

Жәдігер • 08 Сәуір, 2024

Алып кітап

Астана қаласындағы мәдени ошақтардың бірі – Қолжазбалар және сирек­ кітаптар ұлттық орталығының қорында салмағы 10 кило тартатын, ал көлемі 40х44,5 см, 408 беттен тұратын алып кітап бар. Бұл жәдігердің бағасына құн жетпейді. Өйткені бұл кітап ислам әлемінің үшінші халифасы Осман Аффанның тұсында жазылған.

Пікір • 03 Сәуір, 2024

Ұлық мерекенің мәні

Қайраткер тұлға Амангелді Айта­лының «Алтын Орда» газетінде (19 наурыз, 2009 жылы) жарияланған сұхбатында: «Отаршыл идеология 1 қаңтарды Жаңа жыл ретінде са­намызға терең сіңірді. Қазір көп­шілік халық 22 наурызды күткеннен гөрі 1 қаңтарға аса мән береді. Бұл – санаға сіңген дәстүрдің күштілігі. Енді осы қалыптасып, санаға сіңісті болып кеткен дәстүрді өмірден, психология­мыздан қалай шыға­рып, Наурызды тойлауға көше­міз?», деген еді.

Жәдігер • 31 Наурыз, 2024

Ғасыр толған құнды кітап

Көрнекті жазушы Жүсіпбек Аймауытұлы (1889 - 1931) педагогика, психология саласынан құнды оқу құралдар жазып қалдырған. Соның бірі – 1924 жылы Орынборда 3500 тиражбен жарық көрген, 186 беттік «Тәрбиеге жетекші» (Бала оқытушыларға) атты кітабы. Бұл еңбекке биыл 100 жыл толып отыр.

Таным • 22 Наурыз, 2024

Ұлт тарихындағы ұлу жылы

Күнтізбелік есеп бойынша Ұлу жылы күллі ғаламның қақпасын ашып кірді. Бұл жыл туралы халқымыздың ауызекі фольклорында: «Аяңдап бесінші жыл ұлу келер, Сыпайы көңіліңе жылу келер, Маусымда берекесін мол ғып беріп, Көңілді жабырқатпай түзу келер» дейтін бір шумақ бар. Осыған қарағанда, жаңа жыл – жарқын күндердің бастауы, жақсылық пен жайлылықтың бекем тұрағы, береке мен бірліктің тұнық бұлағы болар деген үміт мол.

Жәдігер • 14 Наурыз, 2024

Күйік ханның хаты

Күйік хан (Гүюг хан) – Шыңғыс қаған негізін қалаған көшпелі Моңғол империясының үшінші ұлы ханы һәм Өгедейдің тұңғыш ұлы. 1246–1248 жылдары тақ иесі атанған. Бұл тұлға туралы атақты саяхатшы, моңғол үстіртіне тұңғыш табаны тиген еуропалық әрі ханды көзімен көрген италиялық діндар Плано Карпини «Liber Tatarorum, Liber Tatarorum» («Татарлар туралы жазба») атты естелігінде: «Күйік орта бойлы, қулық-сұмдыққа жетілген, ақылы ұшқыр, тәкаппар адам» деп жазыпты.

Зерде • 15 Ақпан, 2024

Жошы ұлысы және қыпшақтар

Моңғолдардың 1219–1224 жылдардағы Хорезм жорығының нәтижесінде Ертістен Жетісудың батысы, Сыр бойы, Үстірт, Әзербайжан, Грузия, бүкіл Қапқаз, қазақтың Сарыарқасы, Еділ, Дон, Дунай, Азаулы бойы, кейін, 1238–1240 жылдары бүкіл Русь жері Киевпен қоса, Болгарияға дейінгі алып аймақ Жошы ханның иелігіне өтіп, әлемде «Жошы ұлысы» дейтін үлкен империя пайда болды.