Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
420 материал табылды

Марапат • 07 Мамыр, 2024

Тыныштық пен тұтастықтың қалқаны

Мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнау­лы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысқан Мемлекет бас­шысы – Қазақстан Қару­лы күштерінің Жоғар­ғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттық­та­ды. Президент осы екі мей­рам жауынгерлік дәстүр­дің сабақтастығын паш ете­тінін, батыр баба­лары­мыздың даңқты жолын қазір өскелең ұрпақ жалғас­тырып келе жатқанын атап өтті.

Саясат • 04 Мамыр, 2024

Инклюзивті қоғам қалыптастыру – маңызды басымдық

Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы мүгедектігі бар адамдарды медициналық, еңбек және әлеуметтік оңалту мәселелеріне арналды. Іс-шара барысында сенаторлар мемлекеттік органдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен бірге аталған санаттағы азаматтарды қолдауға арналған ұсынымдар топтамасын әзірледі. Сондай-ақ оларды әрі қарай іске асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан • 26 Сәуір, 2024

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалы­ғымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаз­дық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өтті. Жиынға Парламент Сенатына ҚХА қатарынан сайланған депутаттар, респуб­ликалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Ассамблеяның еріктілері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы ұйымның өңірлердегі делегаттары қатысты.

Қоғам • 25 Сәуір, 2024

Тұнығыңды лайлаған кім?

Сағи Жиенбаевтың «Ардағым-ай, бағың да ашылмады-ау. Ашылмады-ау, дауың да басылмады-ау» деп басталатын «Ана тілім» деген өлеңі бар емес пе? 80-жылдары жазылған осы өлеңде ақынның: «Тұнығыңды қай кәпір лайлаған? Ел додаға түскенін көріп едік, Сен додаға түсер деп кім ойлаған?» деген өткір сұрақтарын жарты ғасырға жуық уақыт өткенде қайтадан күн тәртібіне шығаруға тура келіп отыр. Себебі? Себебі – өз тұғырына әлі қондыра алмай келе жатқан қазақ тілінің қойыртпақ тілге айналып бара жатқанында.

Су тасқыны • 11 Сәуір, 2024

Ел басына күн туса...

Еліміз кейінгі 80 жылда болма­ған үлкен апатқа тап болды. Қарғын судың кесірінен қара халық қазір күрделі жағдайды басынан өткеріп жатыр. «Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер» еді. Өкінішке қарай, еліміздің он екі аймағын су басып, тұрғындар жан сауғалап жат­қанда қара бастың қамын күйт­теп, біреудің қайғысы­нан пайда көріп, қолдан қымбат­шы­лық жасағандар да табылды.

Саясат • 05 Сәуір, 2024

Мақсат – дінаралық диалогті дамыту

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ Парламент депутаты жұмыс сапарымен Ватикан мен Италия Республикасына барды. Сапар аясында делегация Рим Папасы Францискпен кездесті. Сондай-ақ Ватиканның Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясының және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Қазақстандық сенаторлар Италия Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарымен де кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Қоғам • 19 Наурыз, 2024

Кедергісіз ортадағы көктем мейрамы

Наурызнама онкүндігі аясында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығының қызметкерлерімен және емделушілерімен кездесті.

Саясат • 18 Наурыз, 2024

«Taldau talks»: Сарапшылар платформасының таныстырылымы

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Taldau talks» диалог платформасының алғашқы отырысы өтті. Сарапшылар бас қосқан іс-шарада Орталық Азияның әлемдегі артып келе жатқан рөлі және жаңа геосаяси жағдайға байланысты өңір бетпе-бет келіп отырған негізгі сын-қатерлер талқыланды. Кездесуге америкалық саяси сарапшы, Орталық Азия және Кавказ институтының негізін қалаушы Фредерик Старр арнайы мейман ретінде қатысты.

Сұхбат • 15 Наурыз, 2024

Парламентаризмді дамыту: Мақсат пен меже

Осыдан төрт жыл бұрын құрылған Парламентаризм институтына жүктелген басты міндет – қабылданатын заңдардың сапасын арттыру. Заңнамаға өзгерістер енгізудің ғылыми негіздемесін қалыптастырып, жаңа нормаларды енгізу және заң жобаларын әзірлеу де осы мекемеге міндеттелген. Бір сөзбен қайырғанда, институт депутаттарға заңнамалық бастама құқығын іске асырып, сапалы заң шығаруға көмектеседі. Өткенде «Бізге мемлекеттік тілді міндеттейтін заң керек пе, әлде заңның өзі мемлекеттік тілде жазылғаны маңызды ма?» деген мәселені көтергенде сапалы заң шығару ісінің өзекті тұстары да байқалған еді. Осыған орай біз Парламентаризм институтының директоры Қанатбек САФИНОВКЕ бірқатар сұрағымызды қойып, ой-пікірін білген едік.

Марапат • 07 Наурыз, 2024

Бочча жеңімпаздары марапатталды

Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының пре­зиденті Мәулен Әшімбаев атал­ған паралимпиадалық спорт түрінен дәстүрлі турнирдің жабылу рәсі­міне қатысып, жеңімпаздарды марапат­та­ды. Жарыс боччадан алғаш­қы қазақ­стандық жаттық­тырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды.