Соңғы жаңалықтар
Салық • 23 Сәуір, 2024
Декларациялау тәсілдерін қайта қарау қажет пе?
Соңғы үш жылдан бері еліміздегі салық төлеушілердің санатына қарай табысын декларациялау міндеттеліп келеді. Оның негізгі мақсаты - көлеңкелі экономиканың үлесін азайтып, жемқорлыққа қарсы және әлеуметтік саясатты жетілдіру мен активтерің шетелге заңсыз шығып кетуіне тосқауыл қою.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Париж Олимпиадасы: қоржынға 47-ші жолдама түсті
Қатар елінің астанасы Дохада стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде сынға түскен Мария Дмитриенко дүбірлі доданың жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2024
Орал оқушылары мектепке қайта оралады
Орал қаласының білім беру бөлімі хабарлағандай, ертеңнен бастап облыс орталығындағы барлық 50 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 23 Сәуір, 2024
Алматыда төрт мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған
Алматыда жыл басынан бері төрт мыңнан астам шетел азаматы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Ақтөбе облысында екі мыңға жуық адам өтемақы алды
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 1 966 адамға мемлекеттен жалпы сомасы 638,8 миллион теңгеге жуық әлеуметтік төлем төленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 23 Сәуір, 2024
«Бірін-бірі аямайды». Мырзағали Айтжанов боксшылардың бірлескен жаттығуы қалай өткенін айтты
Түркістан облысындағы Алма-Тау оқу-жаттығу базасында бокстан Қазақстан құрамасы мен шетелдік боксшылардың бірлескен жаттығуы өтті. Бірлескен дайындыққа ел боксшыларымен бірге Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Куба мемлекеттерінің чемпиондары да қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының үздік үштігін түйіндеді
Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қыз-жігіттері Түрікменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 23 Сәуір, 2024
Астанада жаңа тарихи кітаптардың тұсаукесері өтті
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, ғалым, профессор Дархан Қыдырәлінің қырғыз тілінде жарық көрген «Мұстафа», «Абыздар Аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және «Ташка Жазылган Тарых» кітаптарының тұсаукесері өтті. Салтанатты іс--шараға Қазақстанның зиялы қауым өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғам өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Сәуір, 2024
«Енесінің атынан несие рәсімдеген». Алаяқ келіннің әрекеті әшкереленді
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының 67 жастағы тұрғыны кейінгі 3-4 айда қалыпты зейнетақысынан кем ақша алып келген. Себебін білмек болып банкке хабарласқан зейнеткер өзінің атына несие рәсімделгенін, сол несие бойынша берешегі де бар екенін білген, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2024
Ақмолалық құтқарушылар отқа оранған қоймадан итті алып шықты
Кеше, 22 сәуірде Заводская кентіндегі «Сантик» ЖШС ұйымының аумағында қойма өртеніп, жалын 500 шаршы метрді шарпыды. Тілсіз жау 2 сағаттың ішінде жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Су тасқыны кезінде азық-түлік бағасын көтерген 17 кәсіпкер анықталды
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМТ) бағасын негізсіз көтерген 17 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 23 Сәуір, 2024
Қарағанды облысындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшеті отырғызылады
Қарағанды облысының орманшылары Кирзавод ауданындағы өртенген орманға 90 мың қарағай көшетін отырғызуға ниетті. Орманды жаппай қалпына келтіру «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Нұрлан Әбдіров алматылық студенттерге көшбасшылық дәріс оқыды
18 сәуірде ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстанның сайлау жүйесін дамытудың өзекті трендтері» тақырыбына арналған көшбасшылық дәріс форматында сөз сөйледі. Іс-шараға университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, сондай-ақ ҚР ОСК хатшысы, мүшелері, ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңесінің және еліміздің бірқатар өңірлерінің аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 23 Сәуір, 2024
Астана көшелеріне 40 жаңа автобус шығарылды
Елорда қонақтары мен тұрғындарына қызмет көрсету мақсатында қала көшелеріне 18 метрлік 40 жаңа автобус шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
«Наурыз» тұрғын үй бағдарламасының шарттары қандай?
«Отбасы» банкі төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов 1 мамырда іске қосылатын «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Тасқын суын ұтымды пайдалану жолдары қандай?
Су ресурстары және ирригация министрлігі ел өңірлерінде тасқын суы қалай пайдаланып жатқаны туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 23 Сәуір, 2024
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Астанаға келеді
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Астанаға екі күндік іс-сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жануарлар • 23 Сәуір, 2024
Бруцеллезді диагностикалауға арналған жанама гемагглютинация жинағы әзірленді
ҚазАТЗУ ғалымдары рекомбинантты ақуыздардың негізінде бруцеллезді диагностикалауға арналған жанама гемагглютинация реакциясы-жинағын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан халқына алғыс айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Сәуір, 2024
Астанада үлескерлерді алдаған алаяқ Ресейден табылды
2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы болып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы 200 үлескердің 4,3 млрд теңгеден астам қаржысын ұрлап кеткен алаяқ Ресейден табылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Қанша үй су астында қалды?
Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов еліміздің батысында Ресейдің Ириклинск су қоймасынан Жайық өзеніне судың ағуына байланысты жағдай күрделене түскенін, солтүстікте су көтеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Қазақстанда 111 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады
ҚР Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ведомствоның тұрғын үй құрылысы саласындағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
4 облыс аумағында 8 жол бөлігі жабылды
Күн жылынып, қардың тез еруі салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында су тасқыны болып, бірнеше жол бөліктері жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Жүргізуші куәлігін алу үшін автомектептерде оқу міндеттелді
Бүгіннен бастап елдің мамандандырылған орталықтарында автомобильдерді тіркеу кезінде нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шарттарын ұсыну қажет болады. Сонымен бірге мәміленің жазбаша нысаны туралы талап жойылады, деп хабарлайды Egemen.kz «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2024
6 облыстағы өзендерде су деңгейі төмендеді
Бүгін өтіп жатқан Үкімет отырысында елдегі су тасқыны жағдайы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша өтемақы төленеді
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар қосымша өтемақы алады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2024
Семейде ультра заманауи спорт кешені салынады
Семейде «Пищевик» стадионының орнына 10 мың көрерменге арналған заманауи спорт кешені салынады. Соңғы эскиз бекітілді. Қазір жобалық-сметалық құжаттамалар рәсімделіп жатыр, құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қазан айында басталады. Құрылысты 2026 жылдың ақпан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Туризм • 23 Сәуір, 2024
Қазақстан мен Таиланд арасында тұрақты визасыз режим бекітілді
Бүгін Бангкок қаласында Қазақстан мен Таиланд арасында визасыз режим енгізу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Қазақ боксшысы үш дүркін Азия чемпионын жеңді
Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен бокстан Дүйсенқұл Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнирде Қазақстан спортшысы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Асу Алмабаевтың UFC-дегі кезекті қарсыласы анықталды
Отандасымыз Асу Алмабаевтың UFC-дегі үшінші жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 15 маусымнан 16-сына қараған түні өтеді. Бұл туралы Tapology.com сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.