20 Наурыз, 2019

Елбасы қилы жолда теңдессіз табыстарға қол жеткізді - Қ. Тоқаев

950 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Президент өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістіктеріне тоқталды.

Елбасы қилы жолда теңдессіз табыстарға қол жеткізді - Қ. Тоқаев

«Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап халықтың әлеуметтік ахуалын көтеруге бағытталған нарықтық экономикасы бар қуатты егемен мемлекет құру ісіне білек сыбана кірісті. Қилы жолда теңдессіз табыстарға қол жеткізді» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Тұңғыш Президент Жолдауларының маңызын, нәтижелі болғанын баса айтты.