Талбесік • 26 Сәуір, 2024

Регель қызғалдағы

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ботаникалық бақта сирек кездесетін Регель қызғалдағы гүлдеді. Шу-Іле тауларының тасты және жартасты беткейлерінде өсетін эндемикалық гүл еліміздің Қызыл кітабына енген.

Регель қызғалдағы

Регель қызғалдағы аппақ әрі күлтесінің түп жағы сарғыш түстілігімен көз тартады. Ботаникалық бақ топтамасына осыдан он жыл бұрын шамасында әкелініп, Альпинарий коллекциялық ай­мағына отырғызылған қыз­ғалдақтың жалғыз жапырағы тарақ тәрізді тарам-тарам жо­лақ­ты әрі гофрленген мата тәрізді болып келеді.

Көктем айында Ботаникалық бақта Регель қызғалдағынан басқа сирек кездесетін Леммерс, Грейг қызғалдағы, пияз түрлері мен басқа да көптеген өсімдік гүлдейді. Осыған орай жасыл-желекті бақтың ғалымдары келушілер үшін жабық коллек­циялық учаскеге экскурсиялар ұйымдастырып, табиғаттың ерекше тартуымен бөлісуді дәстүрге айналдырған.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024