Көрме • 17 Сәуір, 2024

Елордадағы Еуразия кітап жәрмеңкесі

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ел астанасында дәстүрге айнал­ған «Astana Eurasian Book Fair – 2024» VII ха­лықаралық кітап көрме-жәрмең­кесі бас­талды.

Елордадағы Еуразия кітап жәрмеңкесі

Кітап көрмесіне Қазақ­стан, Ресей, Түркия, Иран, Өз­бекстан, Ис­пания, Қы­тай елде­рінен баспа, кітап сату, та­нымдық-ғылыми бі­лім беру және поли­графия­лық өнім­дерін ұсынатын 70-ке жуық ком­пания қатысады.

Биылғы жобаның негізгі мақ­саты – балалар мен жас­өспі­рім­дерді кітап оқуға баулу, отба­сы­мен бірге кітап оқуды насихат­тау, жастардың оқырмандық тал­ға­мын қалыптастыру, оқыр­ман­дарға жетекші баспалар­дың кітап өнімде­рінің ең жақсы заманауи ассор­тиментін ұсыну, әлемдік кітап шығару және баспа индус­трия­сының тәжірибесімен алмасу, әлемдік баспалармен байланыс орнату және баспа ісіндегі жетістіктерді көрсету болып отыр.

«Astana Eurasian Book Fair – 2024» халық­аралық кітап көрме-жәрмеңкесі ересектерге де, ба­ла­ларға да бірдей қызықты бо­­­­латын бес күндік мәдени-іс­кер­­­­лік бағдарламадан тұрады. Көр­­ме қо­нақтары мен қатысу­шы­ларын же­текші отандық және шет­елдік баспалардан ба­ла­лар әдебиеті, көркем әде­биет, ғы­лыми-танымдық әдебиет­тер­дің тұ­сау­кесері, белгілі ақын-жазу­шы­лармен қолтаңба-сес­сиялар, кітап шығарудың өзекті мәсе­лелері тал­қыланатын дөңгелек үстелдер күтеді. Бес күндік көрмеде күн сайын ойын алаңында кітап оқу, шеберлік сыныптары, тағы басқа да қызықты іс-шаралар өт­кізіледі.

Айта кетейік, кітап көрме-жәр­­меңкесін дәстүрлі түрде «Фо­лиант» баспасы ұйымдас­тырып келеді.

Сондай-ақ биыл көрмеге кіру ақылы болмақ. Кіру бағасы – 500 теңге (зейнеткерлерге, балаларға, оқу­шы­ларға, студент­терге, көп­балалы аналарға, мүмкіндігі шек­­­теулі жандарға кіру тегін). Жинал­ған қаржы су тасқы­ны­нан зардап шеккен аймақтарға жіберіледі.