Аймақтар • 17 Сәуір, 2024

Жылыой ауданында 650 отбасы бір реттік әлеуметтік төлем алды

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында тасқын судан зардап шеккен отбасыларға бір жолғы әлуеметтік төлем беріле бастады.

Жылыой ауданында 650 отбасы бір реттік әлеуметтік төлем алды

Фото: Видеоскрин. Атырау облысы әкімдігі

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың айтуынша, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері өтініштерді тәулік бойы өңдеуге кіріскен.

«Қазір 650-ге жуық өтініш бойынша бір реттік әлеуметтік көмек қаржысын төлеуге шешім қабылданды. Өтініші қанағаттандырылған отбасылардың есеп-шотына 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне сәйкес 369 мың 200 теңге түсті», деді Гүлнафис Айшуақова.