Қазақстан • 17 Сәуір, 2024

Қазақстан Оксфорд исламтану орталығымен ынтымақтастық орнатады

35 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Оксфорд исламтану орталығының директоры Фархан Ахмад Низамимен кездесті. Онда ғылыми-зерттеу байланыстары мен рухани дипломатия саласындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Оксфорд исламтану орталығымен ынтымақтастық орнатады

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Сенат төрағасы Фархан Ахмад Низамиге Қазақстан ғалымдармен белсенді қарым-қатынасы үшін алғыс айтып, бұл қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін екі елдің ғылыми қауымдастығын біріктірудегі маңызды қадам екенін атап өтті.

Ол Қазақстанның Оксфорд исламтану орталығымен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін жеткізді.

«Қазақстанда өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі жиырма жыл ішінде мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты ілгерітетін беделді және мойындалған халықаралық алаңға айналды. Өткен жылы біз алдағы онжылдыққа арналған Конгрессті дамыту тұжырымдамасын қабылдадық. Біздің жұмысымыз климаттың өзгеруі, теңсіздік, экстремизм және соғысты қоса алғанда, қазіргі әлем алдында тұрған ең өзекті мәселелерді шешуге көмектесу үшін діни жетекшілер, саясаткерлер және халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Осы орайда біз рухани дипломатияның үлкен әлеуетін көріп отырмыз, сондықтан біз бұл орталықпен осы бағытта одан әрі ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз», деді Мәулен Әшімбаев.

Фархан Ахмад Низами Мәулен Әшімбаевқа алғыс білдіріп, екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту мен ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын нығайтуға ниетті екенін білдірді.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті