Қоғам • 26 Сәуір, 2024

Керек дерек

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су тасқыны салдарынан келген шығындарды өтеуге «eGov mobile» қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Өтінімдерді қабылдау қызметі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі барлық азаматқа қолжетімді.

Керек дерек

Жаңа сервисті пайдалану­ үшін азаматтарға «eGov mobile» қосымшасының бас­ты­ бетіне өтіп, тиісті батырманы таңдау жеткілікті. Бұл қызметті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қор­ғау министрлігімен және Ұлт­тық ақпараттық технологиялар акционерлік қоғамымен бірлесіп әзірледі.

Егер өтінім қағаз түрінде берілген болса, оны қайта жіберудің қажеті жоқ. Өйткені бір рет жіберілген ақпарат авто­матты түрде есепке алынады. Қазіргі таңда министрлік гуманитарлық көмек тасымалдайтын дрондарды іске қосып жатыр. Америкадан жет­кізілген 3 дрон су тас­қынынан зардап шеккен ай­мақтарға гуманитарлық кө­мек тасымалдайды. «ARC Drones құрылғылары Аты­рау қаласында және Тө­тен­ше жағдай министрлігі қыз­мет­керлерімен бірлесіп ең шал­ғай және жеткізу қиындық ту­ғы­затын жерлерге азық-түлік, дәрі-дәрмек пен басқа да өмір­лік маңызды материалдық құ­рал­дарды шұғыл тасымалдау жұ­мыстарына кірісуге дайын»,­ деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024