Қостанай облысының делегациясы Татарстанда болды

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев бастаған облыс делегациясы іскерлік сапармен Татарстанда болып,  ондағы министрліктер, ведомстволар және кәсіпорындар басшыларымен бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Егемен Қазақстан
23.10.2017 1973
2

Сапар барысында алғашқы кездесу Татарстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Рустам Нығматуллинмен өтті. Ол сөзінде Татарстан мен Қостанай облысы арасындағы орнаған халықаралық байланыс, келешекте екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың бағыттары жөнінде, сонымен қатар іскерлік қатынастарды нығайтуға  өздері тарапынан дайын екендіктерін білдірді. Ал облыс әкімі Мейіржан Мырзалиев халықаралық және өңіраралық байланыстарды дамытудың маңызына тоқтала келіп, Қостанай облысының экономикалық өрлеу көрсеткіштері, инвестициялық әлеуеті, ынтымақтастықтың келешек негізгі бағыттары жөнінде айтып берді. Сонымен қатар ол көршілермен іскерлік  әріптестікті, оның ішінде инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруды екі жақты кеңейте беруге үміт артатынын да жеткізді. 

Татарстан Инвестициялық даму агенттігінің жетекшісі Талия Минуллинамен болған кездесуде республиканың инвестициялық әлеуетін аталған агенттік қостанайлық қонақтарға тұсаукесер жасап айтып берді. Татарстан Республикасы Ресей Федерациясы бойынша инвестиция тартуда көшбасшы болып келеді және бұл істе жақсы тәжірибе жинақтаған. Өз кезегінде Мейіржан Мырзалиев те Қазақстанда инвестиция тарту жөнінде Ұлттық стратегия қабылданғанын, оны жүзеге әзірлеу барысында Қостанай облысы «пилоттық» өңір  деп белгіленгенін  жеткізді. Сондай-ақ біздің делегация Татарстанның  Құрылыс, архитектура және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрлігінде де болды. Сол жерде Ресей инвестициясы арқылы Қостанайда  жүзеге асатын лифт  жабдықтары өндірісі жобасы туралы айтылды.

Қостанайлықтар Қазандағы «Алабұға» ерекше экономикалық аймағы мен «Химград» технополисін аралады. Осыдан 11 жыл бұрын «Алабұға» ерекше экономикалық аймағы 27 миллиард теңгеге инвестицияланған болатын. Қаржы Федеральдық және Татарстан республикасы бюджеттерінен, сонымен қатар жекеменшік кәсіпорындардан тартылды. Экономикалық аймақта  машина жасау, химия, құрылыс материалдары, металл өңдеу секілді сүйекті кәсіпорындар жұмыс істейді. Мұнда инвестициялық жобаларды жүзеге асырғысы келгендер үшін 50 гектарға дейін жер беріледі және дайын ғимараттар да ұсынылады. Жобаға салатын қаржы талап бойынша көп емес, 120 миллион рубльдің  ісін пайдаға асырса жетіп жатыр.  Басқарушы компания жобаларды орналастырып, инфрақұрылымды қамтамасыз етеді. Компанияда 700 адам еңбек етеді.  Бір ерекшелігі, «Алабұғада» инвестициялық жобаны орналастыру Сараптама кеңесі мен  Татарстан Республикасы Президентінің шешімі арқылы ғана  мүмкін болады. Қостанайлық делегация үйренетін үрдістен үлгі алып қайтты.

 

 Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды

12.12.2018

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

12.12.2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

12.12.2018

Алексей Ут­киннің жеке көр­­месі көрерменге жол тарт­ты

12.12.2018

Павлодар облысында 72 көше, 7 ауылдың атаулары өзгерді

12.12.2018

Атырауда ұн тартатын диірмен іске қосылды

12.12.2018

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерге қолдау артады

12.12.2018

Қостанайда Ғафу Қайырбековтың 90 жылдығы аталып өтті

12.12.2018

Қарапайым түсінік

12.12.2018

Ағысқа қарсы жүзген жазушы

12.12.2018

Қазақстан тарихы – әлемдік деңгейдегі тарих

12.12.2018

Түркістанды танытатын туындылар

12.12.2018

Шығай хан

12.12.2018

Ерін үндестігі неге таңбаланбайды?

12.12.2018

Nápaqa qaıdan tabylar?

12.12.2018

Сарыбелдің «саумалы» Ұлы даланың ұтымды жобасына айналды

12.12.2018

Латын әліпбиіне көшудегі Әзербайжан тәжірибесі

12.12.2018

Тік тұрып жұмыс істеу жаттығу емес

12.12.2018

Әлемде әр үшінші мектепке таза әрі қауіпсіз дәретхана қажет

12.12.2018

Экономикада тұрақты өсім бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу