Экология • 26 Сәуір, 2024

Акцияға Ассамблея мүшелері де атсалысты

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Акцияға Ассамблея мүшелері де атсалысты

«Жасыл аймақ» апталығы аясында этномәдени бірлестіктердің өкілдері кәсіпкерлермен, еріктілермен бірге Әлихан Бөкейхан атындағы ауданға бал өсімдіктерін екті.

Көгілдір тоғандардағы аллеяға 50 қараған бұталары мен бес шырша егілді.

«Біз сары қарағанды бекерден таңдаған жоқпыз. Бұл бал өсімдігі әдемі, оның үстіне өте қарапайым, құрғақшылыққа төзімді, топырақты азотпен байытады. Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және экологиялық мәдениетті нығайту», дейді ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Дия Ержанова.

Көшет егу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да атсалысты. Олар бұл аллеяда балалармен жиі серуендейді.

Жергілікті биліктің мәліметінше, биыл Әлихан Бөкейхан атындағы ауданға 10 мыңға жуық жасыл желек егіледі.

1

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024