Футбол • 31 Қазан, 2017

«Астана» командасы Тель-Авивке жетті

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-тур аясында «Маккабиге» қарсы кездесу өткізу үшін «Астана» футболшылары Тель-Авив қаласына жетті.

«Астана» командасы Тель-Авивке жетті

Команда мүшелері «Herods Herzliya» қонақүйіне жайғасты. Станимир Стойловтың командасы бүгін кешке алғашқы жаттығуын өткізеді. Ал ертең кешке өтетін ашық жаттығудан соң, «Маккаби» мен «Астана» командаларының бас бапкерлері баспасөз мәслихатын береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қарашада Тель-Авивте УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-тур аясында «Маккаби» мен «Астана» командалары жасыл алаңға шығады.

Алмас МАНАП,
«Егемен Қазақстан» – Тель-Авивтен (Израиль)