Пікір • 26 Сәуір, 2024

Ауызбірлік – берекенің бастауы

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы елде және әлемде болып жатқан жағдайлардың аясында маңызды сая­си оқиғаға айналды. Онлайн форматта өткен сессия елдің ішкі және сыртқы саясатының көптеген өзекті мәселесіне толық әрі нақты жауап берді.

Ауызбірлік – берекенің бастауы

Сессияда бүкіл қоғамды – құт­қарушылар мен еріктілерді, мемлекеттік қызметшілер мен бизнес өкілдерін, азаматтық белсенділері мен еліміздің барлық өңір жастарын біріктіру мәселесіне баса назар аударылды.

Су тасқынымен күреске қоғам белсенділері зор үлес қосты. Еріктілер зардап шеккендерге жәрдем беріп, гуманитарлық көмек жинау ісін ұйым­дастырып жатыр. Бұл – отандас­тарымыздың ауызбірлігі мен азамат­тық жауапкершілігінің айқын көріні­сі. Ең бастысы, Президент зардап шеккендердің барлығына келтірілген залал өтеліп, бұл қиындықпен ешкім жалғыз қалмайтындығына сендіріп отыр. Ол үшін елімізде бюджет шығыстары қысқартылып, қаражатты үнемдеудің қатаң режімі енгізіледі. Ел тұрғындарының қалыпты өмірге мүмкіндігінше тезірек оралуы үшін мемлекет бәрін жасайды.

 

Александр УРМАШОВ,

Қарағанды облысы «Ассамблея жастары» ұйымы өкілдігінің төрағасы

 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024