Нью-Йорктегі теракт: анықталған жайттар

Нью-Йорктің Манхэттен ауданында автокөлік велосипед жолындағы жолаушыларды қағып кетіп, оқ жаудырды. 

Егемен Қазақстан
01.11.2017 2477
2 Фото: BBC

Оқиға қалай болды?

Оқиға жергілікті уақыт бойынша түскі сағат 15:05-те болды. Полицияның хабарлауынша, шағын жүк көлігі велосипед жолына шығып, адамдарды қағып өткен. Мектеп автобусына соғылған соң қолында екі қаруы бар жүргізуші көліктен шығып, оқ жаудырған. Полиция күдіктіні жарақаттап, қамауға алды.

Ресми мәлімет бойынша, 6 адам оқиға орнында, 2 адам ауруханада қайтыс болған. 11 адам аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. 

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио журналистерге берген сұхбатында "Бұл, сөзсіз, қарапайым, еш жазығы жоқ адамдарға қарсы террорлық акті", деді.

Әзірге ешқандай террористік ұйым болған оқиғаны өз мойнына алмады. Алайда, лаңкестердің қызметіне мониторинг жасайтын SITE Intelligence Group компаниясы шабуылға дейін қылмыскер телефонына суретке түскенін, онда "Ислам мемлекеті" туының суреті тұрғанын айтты. 

Күдікті кім?

Қамауға алынған 29 жастағы Сайфулло Саипов Өзбекстанда туып-өскен. АҚШ-қа 2010 жылы келген. Алдымен Флорида штатында тұрған, Кейін Нью-Джерси штатының Патерсон қаласына көшкен. Әйелі, 3 баласы бар. 

Журналистер Сайфулло Саиповтың екі рет жол ережесін бұзғаны үшін қамауға алынғанын анықтады. 

Дональд Трамп не деді?

АҚШ Президенті Дональд Трамп қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, "Біз террористік ұйымдардың елімізге кіруіне жол бермеуіміз керек", деп жазды. 

CNN Ақ үйдің бас аппараты қызметкерлерінің бірі Дональд Трампқа оқиға туралы айтқанын хабарлады. Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс "Президент Нью-Йорктегі оқиға туралы хабардар. Жаңа ақпарат шыға салысымен, оған баядалатын болады", деді. 

Осы мәлімдемеден кейін Трамп Твиттерге "Нью-Йоркте аса қауіпті адам шабуыл жасапты. Құқық қорғау орындары оқиғаны назарда ұстайтын болады", деп жазды. 

Ресми ұйымдардың мәліметі

Нью-Йорк полициясының басшысы Джеймс О'Нил баспасөз конференциясында қылмыскердің "Аллаху акбар" деп айғайлағанын растады. "Саиповтың айтқаны мен жалпы жағдайға қарап бұл оқиғаның террористік әрекет екеніне көз жеткізуге болады", деді ол. Ал штат губернаторы Эндрю Куомо күдіктінің жалғыз әрекет еткенін айтты. "Бұл ұйымдасқан қастандық немесе жоспар деуге келмейді. Бұл бір адамның әрекеті", деді ол баспасөз конференциясында. 

Нью-Йорктың полиция департаменті басқа күдіктілер іздестірілмейтінін айтты. Дегенмен, билік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Саиповтың тек АҚШ-тағы емес, Өзбекстандағы таныстарын да анықтайтын болады. 

Сондай-ақ қала билігі оқиғаға қарамастан Нью-Йорктегі Хеллоуинді тойлауға арналған дәстүрлі шеру белгіленген уақытта өтетінін мәлімдеді. 

Дайындаған Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

19.11.2018

Алматыда инклюзивті білім берудің үздік оқытушылары анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

19.11.2018

Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

19.11.2018

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

19.11.2018

Қыс мезгіліне дайындықтың жай-жапсары қозғалды

19.11.2018

Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

19.11.2018

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу