Елбасының кітапханасының көшпелі көрме жобасында қандай іс-шаралар болады?

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы тәуелсіздік жылдары атқарылған іс-шаралардың көшпелі көрме жобасын өткізуді жоспарлап отыр. Осыған орай кітапхана директорының орынбасары Әмірхан РАХЫМЖАНОВПЕН кездесіп, іс-шараның анық-қанығын сұраған едік.

 
Егемен Қазақстан
08.11.2017 2832
2

– Әмірхан Мұратбекұлы, әңгіме­мізді әуелі көрме жайынан бастасақ.

– Елбасы кітапханасы алғаш рет «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі ғылыми білім беру және мәдени-ағарту көрме жобасын ұйымдастыр­ғалы отыр. Оның ашылу салтанаты Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музейде 10 қараша күні өтеді. Елордамыздың Арқа төріне қоныс аударғанына 20 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында Елбасының жеке архиві, жеке кітапханасы және музейі қорының зерттеу нәтижелері мен материалдары, бас-аяғы 140 мыңға жуық құжат, 30 мыңға жуық кітапханалық қор, 40 мыңнан астам музей жәдігерлері­нің ішінен таңдаулыларын Алматы қаласы жұртшылығының назарына ұсынбақпыз. Қазіргі уақытта Алматыға 700-ден астам экспонат жеткізілді. 

Көрменің экспозициясы төрт үл­кен бөлімнен тұрады. Алғашқысы Ел­басының туып-өскен жері Үшқоңырдан бастап, отбасы, мектепте бірге оқы­ған сы­ныптастары, Украинаға барып Днепродзержинскіде оқыған кезі, Темір­тауда жұмыс істеген шағы, Алматыда қызмет еткен жылдары, сон­дай-ақ алғаш рет Президент болып сай­лан­ған кезі туралы сыр шертеді. Бұл бөлім «Көшбасшы жолы» деп аталады.

Екінші бөлімді «Көшбасшы фено­мені» деп атауды жөн көрдік. Мұнда Ел­басының кемел жұмыстарының бір парасы – қазақ халқына қасірет әкелген Семей полигонының жабылуынан бастап, аспан кеңістігіне ұшқан ғарышкерлеріміз, елтаңбамыз, туымыз, теңгеміз секілді құнды дүниелерімізді көрсетуді жоспарлап отырмыз. Көрмеге қатысушылар бұл бөлімнен Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы, Мемлекет басшысының ел астанасын ауыстыру идеясын жүзеге асыруға дейінгі тарихи маңызы бар шешімдері мен бастамаларынан хабардар болады.

Үшінші бөлім «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» деп аталады. Бұл жерде Көшбасшының және Қазақстан халқының жаһандық үдерістердің тұрақтылығы мен өркендеуіне қосқан үлесін тану ретінде жұрт назарына ұсынылған Елбасының 40-тан астам шетелдердің жоғары наградалары туралы баяндалады. 

Ал «Әлем қадірлеген Елбасы» атты төртінші бөлімде Мемлекет басшы­сының көшбасшы ретінде әлемге қа­лай танылғанынан бастап деректер беріледі. Бұдан бөлек, Қазақстанның сыртқы саясаттағы еңбектері көрініс таба­тын болады. Олардың арасында көрші­лес Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарымен саяси, экономикалық қарым-қатынастар алғаш орнаған кезеңінен мағлұматтар сөйлейді. Сыртқы саясат болғандықтан мұсылман елдерімен, Еуропа елдерімен орнаған қарым-қатынастар да, еліміз­дің халықаралық ұйымдармен бірге атқарған жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ.

– Кітапхана болғаннан кейін Алма­ты жұртшылығына қандай құн­ды кітаптар ұсынылады?

– Елбасына берген құнды сыйлықтар – кітаптар. Борис Ельцин, Билл Клин­тон, Маргарет Тэтчер секілді әлемге белгілі тұлғалардың Нұрсұлтан Назарбаевқа өз қолымен жазып берген кітап­тар жинағы жұртшылық назарына ұсыны­лады. Сонымен қатар мұсылман мем­лекеттерінен сыйға берілген қасиетті Құран­дар жинағы да бар. Сол сияқты Мемлекет басшысының өзі жазған кітап­тары, олардың әлем тілдеріне ауда­рылған нұсқалары да көрмеге қойылады.

– Осы орайда Елбасы кітапханасы жөнінде кеңінен айта кетсеңіз.

– Көпшілік Елбасы кітапханасы туралы тек қана кітап сөрелері орын алған, оқу залдары бар қарапайым ғимараттардың бірі деген пікірде. Осы тұста мына бір жайтты айта кетейін, АҚШ-тың соңғы он үш президентінің жеке кітапханасы, орталықтары немесе мұрағаттары бар. ТМД кеңістігінде Ресейдегі Ельцин орталығын, Әзер­байжандағы Әлиев орталығын атап өтуге болады. Қазақстандағы сондай ерек­ше орталықтардың бірі – Астана қаласындағы Назарбаев орталығының ғимараты. Оның ішінде Н.Назарбаев қоры және Елбасы кітапханасы бар. Елбасы өзінің үйінде қолданған жеке кітаптарын осы кітапханаға берді. Оның бас-аяғы 28 мыңнан асып жығылады. Сол кітаптардың әрқайсысын ашып қарасақ, Мемлекет басшысы оқырман ретінде өзі белгі қойған тұстарына дейін көруге болады. 

Архивтік жұмыстарды да айтуға болады. Мұнда Нұрсұлтан Әбішұлы Пре­зидент болып сайланғаннан бүгінге де­йінгі құжаттардың бәрі цифрлы нұсқаға көшірілген. Ал олардың саны жоғарыда айтқанымдай 140 мыңнан асады.

Өзінің ерекше рухани аурасы мен тарихи орны бар Елбасы музейі – Н.Назарбаевтың жаңа астанадағы ал­ғашқы резиденциясында орналасқан Тұң­ғыш Президент кітапханасының маңызды құрылымы.

Бұдан бөлек Назарбаев орталығының Тал­дау қызметін атап айтсақ жөн болар. Оның басты мақсаты – Қазақстанның ұлттық мүдделері мен мемлекеттің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы негізінде қазіргі заманның өзекті мәселелеріне талдау жасау. 

Кітапхананың аса маңызды ба­ғыт­тарының бірі – ғылыми-зерттеу жә­не білім-ағартушылық қызмет. Оның мақсаты – өскелең ұрпақты отан­сүй­гіштікке тәрбиелеу, Елбасының бас­тамаларын көпшілікке жария ету, мұ­ра етіп қалыптасып келе жатқан тәуелсіздік дәуірінің құжаттарын зер­де­леу, сондай-ақ, Мемлекет басшы­сының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» тұжырымдамасы аясында жұмы­сымызды ұйымдастыру. Осыған қарап аты кітапхана болғанмен, оның атқаратын қызметі ауқымды екенін аңғаруға болады.

– Көрме аясында тағы қандай іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр?

– Көрме аясында, әсіресе алғаш­қы аптасында бірнеше іс-шара ұйымдас­тырылады. Мәселен, 10 қараша күні «Ғы­лыми-білім беру қызметіндегі инно­вациялық жұмыс түрлері» атты семинар өтеді. Сол күні кешке Республика сарайында Елбасы кітапханасының көшпелі көрме жобасының ашылуына орай Қазақстан Республикасы Мемлекет­тік күзет қызметі Президенттік оркестрі­нің есептік концерті көрермен қауымға ұсынылады. 

Жобаның екінші күні «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы: мемлекеттік бас­қару стратегиясы және көшбасшы феномені» атты халықаралық ғылыми-тәжі­рибелік конференциясы өз жұмысын бастайды. Дәл осы күні «Рухани сананы жаңғыртудағы музейдің рөлі» ғылыми-тәжірибелік семинары және «Рухани сананы жаңғырту: кітапхана және архив қызметтерінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. 

Бұдан бөлек білім беру және мәдени-ағартушылық саласында жастармен жұмыс істеудің жаңа технологиялары Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гогикалық университетінде және Қазақ ұлт­тық аграрлық университетінде 13 қа­раша күні өтетін «Қазақстан жолы: «Мәңгілік Ел» семинар-тренингінің барысында көрсетіледі.

14 қараша күні Қазақ ұлттық аг­рар­лық университетінде «Рухани жаң­ғыру: жастардың көзімен атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
16 қарашада әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университетінде «Назарбаев моделі» халықаралық ғылы­ми-­тәжірибелік конференциясы, сондай-ақ дәрістер мен интерактивті пікірталас түрінде әзірленген «Назарбаев моделі» кітабының тұсаукесерін өткізу жоспарланып отыр. Мұның бәрі «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасының алғашқы аптасында өтпек. 

– Мұндай ауқымды жоба неге Ал­ма­тыда өткізілгелі жатыр?

– Еліміз үшін Алматы қаласының орны бөлек. Алматы – үлкен мегаполис, тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Рухани, тарихи ордамыз деп айтуға болады. Елорда көшкелі 20 жыл ішінде Астана қала­сы ірі жаһандық оқиғалардың ор­талығы болып танылды: ЕҚЫҰ саммиті, Әлемдік дінбасы­лар съездері, халықаралық эконо­микалық форум, ЭКСПО көрмесі, тіпті Сирия мәселесін шешу жолын­дағы Астана процесін атасақ, әрқайсысы тәуелсіз Астанамыздың жетіс­тігі. Оның барлығы Елбасының ең­бегі мен көре­ген саясатының нәти­жесі. Ендеше осы 20 жылдық тарихпен Алматы жұрт­шылығын таныс­тырмақпыз. Мұн­дай ауқымды жоба алғаш рет ұйым­дастырылғалы отыр. Ал Алматыға ат басын тіреген әрбір ше­телдік ғалым, саясаткер, сарапшы көрме аясында Қазақстан жөнінде, даму бағыты тура­лы көп мағлұмат алары сөзсіз. Соны­мен қатар бұл көрме жастарды пат­риоттыққа, намысшылдыққа тәрбие­леуіне, біліктілігін арттыруына сеп­тігін тигізеді. Көрме 2018 жылдың 14 қаң­тарына дейін созылады.

«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қо­ғам» атты бұл көрменің ашылуына Пре­зидент Кеңсесінің басшысы Махмұт Қасым­беков, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысады деп жоспарлануда. Сонымен қатар Алматыда білім алып жүрген жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, ғалымдар, қала тұрғындарын тарту туралы ойымыз бар. 

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

24.03.2019

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

24.03.2019

Қ.Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қабылдады

24.03.2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

24.03.2019

Мұрат Нұртілеуов Президент көмекшісі болып тағайындалды

24.03.2019

М.Тәжин Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу