Аграрлық ғылымның жайы алаңдатады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйвері болуы керек» деп атап өткен-ді. Осы тапсырманы орындау мақсатында Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекет­тік бағдарламасы қабылдан­ған болатын. Бұл құжаттың негіз­гі мақ­саты – нарыққа қа­жет­ті өнім­дерді өндіру. Ал сол бағ­дар­лама­да қарастырылған сегіз не­гізгі тапсырманың бірі – ауыл шаруашылығы өнді­рісінде аг­рар­лық ғылымның қажеттілігін қам­тамасыз ету. 

Егемен Қазақстан
20.11.2017 3399
2

Қазіргі таңда АӨК-тегі инно­вациялық мәселелерді шешу үшін «Ұлттық аграрлық ғылы­ми-ағарту орталығы» ком­мер­циялық емес акционерлік қоғамы құрылып, мамандарды даяр­лау бойынша жұмыс ат­қарылып жатыр. Оның құра­мында 3 жо­ғары оқу орны, 23 ғылыми-зерттеу институты, 14 тәжірибелі ша­руа­шылық және 4 сервистік ком­пания бар. Салада жалпы 1 200 ғалым тіркелген. 

Ғалымдар қартайып барады

Шындығында, еліміздегі аг­рар­лық ғылымның әлеуеті және талап етілген инновациялардың үлесі өте төмен. Мұның себеп­терінің бірі – мамандармен қам­тамасыз ету ойдағыдай емес. Ғы­лым саласын қаржыландыру жалғасып жатқанына қарамастан, кадрлардың кетуі, ғалымдардың кәсібилігінің төмендеуі бай­қа­лады. Әрі ғалымдардың орташа жалақысы экономиканың басқа са­лаларындағы әріптестерінің еңбекақысымен бәсекелесе алмайды. Осының салдарынан соң­­ғы он жылда, мамандар саны 8 па­йызға қысқарыпты. Сондай-ақ кадрлардың алды зейнет жасына жеткен, ғылым саласы қыз­­мет­керлерінің орташа жасы – 57, бас­­ ғылыми қызметкердің ор­таша жасы – 65, жетекші және аға ғылыми қызметкерлердің жасы – 54 және кіші ғылыми қыз­мет­­кер­лердің жасы 30-ды құрап отыр. Зейнет жасына жеткен ғы­лы­ми қызметкерлердің үлесі 15 пайыз.

Саладағы зерттеулердің нәти­же­леріне сүйенсек, 2012 жылдан бері ғылыми мақалалардың саны 40 пайызға, шетелге тәжіри­бені шың­дау үшін оқуға бару 26 пайыз­ға қысқарған. Осыдан-ақ ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстары мен ға­лы­мдарды даярлау шара­ларының төмен­дегенін аңғаруға болады. 
Ғылымдағы мамандардың мә­се­лесін шешу үшін жас ға­лым­дарды тұрғын үймен қамтып, олар­дың жалақыларын көтеру жол­дарын қарастыру, ең бастысы, ғы­лымды қаржыландыру және ғы­лыми-зерттеу жұмыстарының нә­тижелерін өндіріске енгізу керек. 

Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, бизнес-қауымдастық өкілдері тарапынан ғылым­ды қаржыландыру үлесі Люк­сембургте – 80 пайызды, Жапо­ния мен Германияда – 70 па­йызды, Финляндия, Швеция, Қытай, АҚШ елдерінде – 65 па­йыз­ды, Францияда 54 пайызды құрай­ды екен. Ал бұл көрсеткіш Қазақ­станда бар болғаны 5 пайыз ғана. Салыстырып көріңіз, ара­сал­мағы жер мен көктей.

Қазіргі таңда ұлттық ғылыми-зерттеу институттары бюджетінің негізі мемлекет қаржысынан құралады. Бюджет шығынының үлесі 70 пайыздан 90 пайызға дейін артады. Рас, Қазақстанда жобаларды қаржыландырудың балама көздері жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, Техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттік АҚ, «Ғылым қоры» АҚ және т.б. Қазіргі кезде, қайта өңдеу өнеркәсібінің арқасында АӨК жобаларының үлесі 5-10 пайызды құрайды. Осындай қаржы көздері арқылы ұлттық ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарын қаржыландыру 20 пайыздан кем болмауы керек.

Жас кадрлар қалай жасақталуда?

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2013 жылдың 22 мамырында шетелдік инвесторлармен «Форсайт-зерттеулер мен тапсырыстар түсетін нақ­ты экономиканың секторы» тақырыбында 26-кеңес отырысы өткені есімізде. «Сонда нақ­ты форсайт-зерттеулер жүр­гізу, әлемдік трендтердің негі­зінде агроғылымды дамыту, ғы­лы­ми басымдықтарды анықтау жұ­мыстары қолға алынған. Қазақ ұлттық аграрлық универси­теті мен Қазақ агротехникалық университетінің базаларында ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық іс-шарасын әзірлеу мақсатында ғалымдарды оқыту және тағылымдамадан өткі­зу, бірлескен ғылыми-зерт­теу зертханаларын құру, агро­ғы­лымдағы басым бағыттарда бір­лесіп ғылыми-зерттеу жұмыс­тарын жүргізу, технология­лар трансфертін іздеу және әлем­ге әйгілі ғалымдардан құрыл­ған халықаралық ауыл шаруа­шы­лығын зерттеу консультативтік тобына Қазақстанды мүшелікке енгізу мәселелерін қамту шаралары жүргізілді», дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғы­лыми технологиялық және тех­никалық саясат депар­та­менті­нің директоры Азат Сұл­танов. Оның пікірінше, елімізде агроөнеркәсіп секторын дамы­тудың маңызды екінші аспектісі – жоғары білімді мамандарды даярлау. Қазіргі таңда аграрлық нарықтың болашақ мамандарын даярлауда ескі ойлардан арылып, жаңа стандартқа көшуіміз керек. Нарықта ерекше ойлы, тәжірибеге бай мультимамандар, өндіріске инновациялық тех­но­логия­ларды енгізе білетін, бағ­дарламалар мен жобаларды бас­қара алатын және бірнеше тілдер арқылы ғылымға қажетті өндірісті енгізуге қабілетті мамандар сұранысқа ие.

Республикамызда 3 бейінді жоғары оқу орны, 14 аграрлық мамандық бойынша 20-дан астам оқу орны кадр даярлайды екен. Оның ішінде 7-уі жекеменшік болса, қалғандары арнаулы оқу орындары. Тек Қазақстанда ал­дың­ғы қатардағы 3 жоғары оқу орнында 22 657 студент білім алуда. Оның ішінде 7,5 мыңы аг­рарлық саланың мамандары. 

Тағы да айта кететін мәселе, Амери­када 1 жұмыс орнына 15 жұмыс іздеуші келеді екен, ал бізде 1-2 адам ғана. Бұл жағ­дай­дан аграрлық сектордағы маман тапшылығы өткір мәселе екені көрініп тұр. Себебі бірін­ші­­ден, бітірушілер ауылға барып жұмыс істегісі келмейді. Жыл сайынғы мемлекеттік грант түлек­терінің 50 пайызы ғана ауыл­ға барып жұмысқа орна­ласа­ды. Көпшілік мамандар ауыл­­да қағаз жүзінде жұмыс іс­тей­ді, Шын мәнісінде қалада тұра­ды. Екіншіден, ЖОО-да оқы­ту­шы­лардың айлығы төмен. Мамандар қартаюда. Үшін­­шіден, еліміз егемендік алған 25 жыл ішінде «Болашақ» бағ­дарламасы арқылы ауыл шаруа­шылығы саласында 70-ақ жас маман оқуға барған.

Ізденістер жоқ емес

Қазіргі таңда ауыл шаруа­шы­лығы ғылымы саласында атқарылған шаруа аз деп ауызды құр шөппен сүртуден аулақпыз. Назарбаев Университеті мен Үкімет инвесторлармен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттерін құру бойынша жұмыстар атқаруда. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро­техникалық университеті зерт­теу университеттерінің не­гіз­гі базасы болуы мүмкін. Ол ЖОО-ның, аумақтық ғылыми-зерттеу институттарының және тәжірибелі шаруашылықтардың басын қосуы керек. 

Экономикалық дамыған елдерде ғылыми-зерттеу институттары тым аз да, тәжірибелік стансалар мен тарату орталықтары көп екен. Мәселен, АҚШ-та 10 ҒЗИ, 91 тәжірибелік станса және 2900 оқу орталығы бар. Ар­ген­тинада 6 салалық және 15 ау­мақтық ҒЗИ, 47 тәжірибелік станса және 320 аграрлық сек­тор­дағы білім беру орталығы бар. Ал бізде 23 ұлттық аграрлық ғы­лыми-ағарту орталығының, 14 тәжірибелік стансаның , 10 оқу ор­талығының жұмысы тоқтап тұр. Білім мен ғылыми қызметті тарату жүйесі оқшаулануда. Қа­зіргі уақытта кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ғылыми қол­дауының нақты көрсеткіші 2,7 пайызды ғана құрайды. Ауыл­­­шаруашылық тауарларын өн­­дірушілерді оқытудың бірың­ғай жүйесі жоқ, негізгі қызметі фер­мерлерді толық ғылыми-тех­никалық қамтамасыз ету болып табылатын мамандар жоқ.

«Сала ғылымын жетілдіре түсу үшін күш-жігерді шоғыр­ландыру және бірыңғай үйлес­тіруді қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі таңға агроөнеркәсіптік кешеніндегі неғұрлым табысты­сы Қазақ ұлттық аграрлық уни­верситетінің АгроХАБ-ы болып тұр. АӨК-ті дамыту үшін маңызды технологиялар трансферті жоба­ларының қолжетімділігімен қатар, тиімді топ құрылды, әдіс­теме әзірленді және жетекші америкалық технологиялар мен ақпарат орталықтарымен бай­ланыс бар», дейді Ғылыми тех­нологиялық және техникалық саясат департаментінің директоры Азат Сұлтанов. Бұл шаралар аграрлық ғылым мен білім беруді реформалау сатысын аяқ­тауға, ғылыми-зерттеу және тә­жірибелік-конструкторлық жұ­мыстардың тиімділігін арттыру­ға және оларды жүзеге асыруға, жеке сектордан инвестиция­­лар ағынын қамтамасыз етуге жә­не мемлекеттік активтерді тиім­ді басқаруды жүзеге асыруға мүм­кіндік бермек.

Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу