Заң • 26 Сәуір, 2024

Автокөлік ұрлап, заңсыз тіркеген қылмыстық топ мүшелері сотталды

45 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты автокөліктерді заңсыз ресімдеумен айналысқан қылмыстық топтың басшылары мен мүшелерін соттады, деп жазады Egemen.kz.

Автокөлік ұрлап, заңсыз тіркеген қылмыстық топ мүшелері сотталды

Фото: Pixabay / TheDigitalWay

2024 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұйымдасқан қылмыстық топ құрған және оған басшылық жасаған, сондай-ақ алдау немесе адам сенiмін теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiрген, лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланған, жалған құжаттарды қолдан жасаған айыпталушылардың ісін қарады.

Сотталушыларға тиісті алымдар мен төлемдерді өтемей, мемлекетке залал келтіру, сонымен қатар ХҚКО мен ҚР ІІМ интеграцияланған ақпараттық жүйесіне көлік құралдарының мәліметтері және автокөліктерді сатып алу-сату бойынша жүргізілген мәмілелер туралы көрінеу жалған ақпарат енгізу арқылы шетелден әкелінген автокөлік құралдарын жаппай тіркеуді ұйымдастырды деген айып тағылды. 

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің әрқайсысының келісілген әрекеттерінің нәтижесінде 2021 жылдың желтоқсанынан бастап 2022 жылдың мамырына дейін 312 көлік заңсыз тіркелген. Сондай-ақ қылмыскерлер тағы 150 көлік құралын заңсыз тіркеп, оның ішінде рөлі оң жақта орналасқан 73 автокөлік ел аумағына іс жүзінде жеткізілмегені анықталды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 басшысы қылмыстық топ құрып, лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, топты басқарған. 5 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары мәмілелерге қатысып, ақшалай қаражаттың бір бөлігін алып отырған.

Ал 17 делдал Telegram-чаттардан сатып алу арқылы автокөліктерді ресімдеуге қатысып, автокөліктерге құжаттарды қайтадан сатып жіберіп отырған.

Айыпталушылар арасында полиция қызметкерлері де бер.  Олар ұрлық белгілері болмаған кезде алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиян келтіріп, лауазымдық өкілеттіктерін асыра сілте пайдаланып, өз мақсаттарын іске асырған.

Сотта айыпталушылар кінәсін мойындамады. Олардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижесі мен қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024