Қазақстан инвестқоры: қайтару, оңалту, іске қосу

«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, даму институты бола тұра, проблемалық активтерді оңалту арқылы елдің өндірістік әлеуетінің өсуіне жәрдемдесу саласында қызмет атқарады. Бұл қаңдай процедура екені және тұтас күрделі механизм іс жүзінде қалай жұмыс жасайтыны жайында «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ-тың Басқарма төрағасы Ермек СӘКІШЕВ өз ойларымен бөлісті. 

Егемен Қазақстан
04.12.2017 17598
2

– Ермек Рахатұлы, Қазақстан инвестициялық қорының құрылғанына 13 жыл болды, ал 3 жыл бұрын қор «Бәйтерек» холдингіне қосылды. Осы жылдар аралығында даму институтының стратегиясы мен саясаты қалай өзгергені туралы айтып берсеңіз? Оның қызметіне, ағымдағы өмір шындығын есепке ала отырып, қандай түзетулер енгізілді?

– Қазақстан инвестициялық қоры (ҚИҚ) мемлекеттік қаражатты қандай да бір жобалардың жүзеге асырылуына жұмсау арқылы шикізат емес салаларды дамытуды көздейтін қаржы институты ретінде ҚР Үкіметінің Қаулысы негізінде құ­рыл­ған. Ал бүгінгі күні бұл инсти­тут­ты бірегей құрылым десе бола­ды, себебі мемлекеттік даму инс­ти­туты бола отырып, Қор бір уа­қытта стресті активтер саласын­дағы басқарушы компания болып табылады.

Алғашында Қор қызметі кәсіп­орын­дардың жарғылық капитал­дарына кіру арқылы (бақыланбайтын үлес – 49%) экономика салаларына инвестициялар салуға бағытталды. Қор қызметінің басынан бастап 36 инвестициялық жобаға инвестиция салу мақұлданды, оларға салынған инвестициялардың құны 34,4 млрд теңгені құрады. Дегенмен, 2007-2008 жж. экономикалық дағдарыс олардың жүзеге асырылуына теріс әсерін тигізді, соның нәти­же­сінде айналым капиталының жеткі­ліксіздігі мен банктік сектордың кредиттеу мөлшерінің айтарлықтай төмендеуі және басқа да факторлар орын алды. Олар Қор алдындағы берешекті өтеу мерзімдеріне әсер етіп, едәуір провизиялар мөлшерін құру қажеттілігін туғызды.

Осылайша, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «ҚИҚ» АҚ Қазақстан Республикасы ИЖТМ-нің сенімді басқаруына берілді. Ал 2012 жылы Қазақстан инвестициялық қоры стресті активтерді басқару және қайта құрылымдау саласындағы кәсіби басқарушы компания ретінде қалыптасуға бағыт алып, жаңа даму стратегиясын қабылдады. Кейін, 2013 жылдың мамыр айында «ҚИҚ» АҚ-тың 100%-дық акциялар пакеті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-қа берілді.

Осы уақыт ішінде бірегей тәжірибе жинақталды, оның ішінде стресті активтер қоржынымен, инвесторлармен жұмыс жасау бар. Мұндай тәжірибе 2013 жылдан бергі берешектерді өндіріп алу және қайта құрылымдауды жүр­гізу бойынша жұмыстарды жалғас­тыру үшін Қазақстанның ірі инсти­тут­тарының бірі – «Қазақстан Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) тарапынан бұрын берілген кредиттер бойынша берешектерді Қор теңгеріміне өткізуде баға жетпес қадам болды. Нәтижесінде Қор мен «Қазақстан Даму Банкі» АҚ арасында жалпы сомасы шамамен 48,4 млрд теңгені құрайтын 42 цессия шартына қол қойылды. Осылайша, 4 жыл бұрын біз өзіміздің қызмет бағытымызды ин­вес­тициялықтан басқарушы жақ­қа қарай қайта қарастыруды бас­тадық.

Осы уақыт ішінде жаңа стра­те­гия аясында Қор 54,2 млрд теңге­ге жобалар бойынша жалпы қайта­рым­ды қамтамасыз етті – ақшалай қаражат түрінде де, Қор теңгеріміне қабылданған активтер түрінде де.

Ағымдағы жылдың қыр­күйек айында Қордың 2014-2023 жыл­дарға арналған даму стра­те­гиясына өзгертулер қабылдағаннан кейін қызметтің екі негізгі бағыты айқын­далды. Олар: наразылық-талап ету жұмыстарын және оңалту про­це­дураларын жүргізу арқылы жобалар бойынша берешекті қайтару және берешекті қайта құрылымдау, активтерді өткізу және отандық, не шетелдік инвесторларға жалға беру арқылы проблемалы жобалармен жұмыс жасау.

Шын мәнінде, біз жаңадан ешнәрсе ойлап шығарған жоқпыз, тек соңғы төрт жыл бойы Қор ай­на­лысып келе жатқан жұмыстарды нығайта түстік. Яғни біздің ұйымға сенім артқан әрбір жоба өз өңір экономикасына экономикалық және әлеуметтік әсер тигізу үшін, адамдарға жұмыс орындарын ұсыну, мемлекет пайдасына қызмет етуі үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасап жатырмыз.

– Қазіргі кезде Қордың тең­герімінде қанша проблемалы жоба бар және жұмысы тұрып қалған қандай кәсіпорындарды қалпына келтіре алдыңыздар?

– Қазіргі таңда Қор басқаруын­да­ғы активтер қоржыны 55 жобадан тұрады, олардың 42-і ҚДБ-мен жа­сасқан цессиялар шарттары ая­сын­да тапсырылған. Бірқатар жоба­лар бойынша талап ету жұ­мыстары аяқталды, жобаны оңал­ту жүзеге асырылып жатыр, неме­се инвестор ізделу үстінде; кей­бір жобалар бойынша сот-талап ету жұмыстары жүргізіліп жатыр, яғни бұрын салынған мемле­кет­тік қаражаттарды қайтару іске асырылып жатыр. Осылайша, Қорда берешектерді қайтару бойынша шаралар белсенді жүргізіліп жатқан проблемалы активтердің пулы пайда болды. Аталған шараларды 2023 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

ҚИҚ инвестициялық жоба­ла­ры­ның сәтті түрде жүзеге асыры­луының айқын мысалы ретінде «Дос­жан Темір Жолы» АҚ-ты айту­ға болады. Бұл жоба Шығыс Қазақ­стан үшін маңызды рөл атқара­ды. ШҚО-дағы ұзындығы 151,6 км құрайтын жаңа көліктік ба­ғыт елдің шығыс бөлігін оның бас­қа өңір­лерімен байланыстыруға мүмкін­дік жасайды, сонымен қатар мем­ле­кеттік шекараны екі рет кесіп өту және кеден процедуралары­нан өту қажеттілігін жояды. Қор­дың бел­сенді түрде жәрдемдесуі арқасында кәсіпорын шығындардан арылып, өзін-өзі өтеушілік тәртіптемесіне өтті, бәсекеге қабілетті бола шықты.

Берешекті қайтару бойынша Қордың сәтті түрде атқарылған қыз­метіне көптеген мысалдар келтіруге болады. Мысалы, Қорға 2014 жыл­дың ақпан айында наразылық-талап ету процедураларын және оңалтуды жүзеге асыру үшін «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-тан өткен Сол­түс­тік Қазақстан облысындағы «Био­хим» биоэтанол өндірісі бойынша зауыты. ҚИҚ атқару өндірісі шең­берінде берешектерді қайтару бойынша процедурасын жүргізді. 2016 жылдың желтоқсан айында аталған жұмысты аяқтағаннан кейін, үшжақты шартқа қол қо­йыл­ды. Қазіргі уақытта отандық инвес­торлар зауыт аймағында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, оны іске қосуға дайындауда.

Көліктің тозған шиналарын қайта өңдеу бойынша кәсіпорын – «Kazakhstan Rubber Recycling» ЖШС-ден 2016 жылы өндірістік қуат­қа шығудан бұрын қарыз алушы­лармен бірталай жұмыс жасау талап етілді. Біздің Қор атал­ған компаниямен 7 млн дол­лар мөлшеріндегі мемлекеттен бұ­рын алынған кредит бойынша бере­шекті қайта құрылымдау тура­лы бітімгерлік келісім жасасты, қалпына келтіру кезеңдерін және өндірісті іске қосуды айқындады. Нәтижесінде зауыт жылына 32 мың тоннаға дейін тозған шиналарды өңдеуден өткізе алады.

Сәтті іске асырылған жоба­лар­дың қатарында «Семей былға­ры-тері комбинаты» ЖШС да бар. Шын мәнінде, қала құрушы кәсіп­орын, бірегей жадбықты иеле­нуіне қарамастан, бірнеше жыл­дар бойы жұмыс істемей тұрды. Кон­­трагентпен – бұрын ҚДБ-де қарыз алушы болған кәсіпорын иесі­мен ұзақ келіссөздер жүргіздік, инвес­тор таптық, нәтижесінде кәсіп­орын жұмысын бастады. Демек, кә­сіпорынға түрткі қажет болды – біз оны бердік.

Тағы бір мысал. Металл қақ­пақ­тарды өндіру зауыты «Капс Интел» ЖШС-дағы алдыңғы инвестор ықтимал қатерлерді есепке алмаған. Өткізу нарығы зерттелінбеген, бәсе­келестер пайда болды. Кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Жақында ҚИҚ инвестормен сатып алу-сату шар­тын жасасты. Қазір «ALA sintez» компаниясы өз өнімдерін табыс­ты жеткізіп тұрады, сол ар­қы­лы им­порт­ты ұқсас өніммен алмас­тыруға тырысуда.

Мұнда баса айтқым келетіні – Қа­зақстан инвестқоры кәсіп­орын­дар­дың операциялық қызметіне кірмейді. Біз мынадай қағидаға сүйе­неміз: мемлекет – үздік менед­жер емес, сондықтан біз, мемлекет мүд­делеріне өкілдік ете отырып жұмыс жасайтын активтерге маман­дан­дырылған инвесторларды іздейміз де, кәсіпорындарды қалпына келтіру жұмыстарына тартамыз.

– Шетелдік инвесторлармен жұмыс істейсіздер ме?

– Иә, жұмыс істейміз. Мы­сал ретінде ірі америкалық Ste­wart Engineers Inc компаниясын кел­тіре аламын. Бұл компания Қызыл­орда қаласындағы табақ шыны өндіретін қазақстандық зауыт үшін технологиялар мен жаб­­дық­тарды жеткізуші болып табы­­ла­ды. Біздің жоба шеңберінде ком­­па­ния жабдықтарды жеткізумен қатар, акционер болып табылады.

Осы жоба бойынша 2017 жыл­дың мамыр айында құрылысты аяқтау бойынша стратегиялық серіктес анықталды. «Orda Glass Ltd» ЖШС атынан зауыт басшылығы мен «China Triumph International» қытайлық көпсалалы компаниясы арасында стратегиялық серіктестік және Қызылорда облысындағы зауыт құрылысы жұмысын аяқтау бойынша екіжақты келісімге қол қойылды. Қазір қытайлық тарап зауыт құрылысын аяқтаумен қатар, гаджеттерге арналған жұқа шыны өндірісі үшін екінші желіні қосу арқылы оны кеңейтуге ынта білдірді.

– Сіздің ойыңызша, жаңа жобаларды қолға алатын кәсіп­керлер әдетте қандай қателік­терге тап болады және де жаңа­дан бастайтындарға қандай ескертулер айтқыңыз келеді?

– Кез келген бизнесмен жоба­ға қатысу – бұл әрқашанда қан­дайда бір қауіп-қатерлер екенін түсінуі керек. Табысты бизнесмен ұстанатын басты ереже – ол қандайда бір жобаға кірісер кезде, бизнесмен сол салада кәсіби маман болуы керек, оның қыр-сырын білуі қажет. Өндірістен бірден табыс табу мүмкін емес, алдымен бірталай күш жұмсау қажет: менеджмент, логистика құру, барлық бизнес үрдістерді қалпына келтіру, нарықты, өтімді, бәсекеге қабілеттілікті зерттеу және т.б.

Біздің ойымызша, кейбір өнеркәсіптік жобалардың да­муын­да мынадай факторлар белгілі бір қауіп-қатерді құрайды: заңна­ма­ның өзгеруі, соның ішінде банк­тік және салықтық заңнама. Салық­тық заңнаманың қаталдануы, халық­тың сатып алу қабілеттілігі және сұраныстың жоқтығы, техно­ло­гиялардың дамымауы, көршілес өндіруші мемлекеттер тарапынан байқалатын қатаң бәсекелестік және мүмкін демпингті де осы қатар­ға қоюға болады. Машиналар мен жабдықтар өндірісінде, соны­мен қатар ғылыми-техникалық қыз­мет­те білікті қызметкерлердің бол­мауы немесе жетіспеуі көңіл бөлу­ді талап ететін қауіп-қатерді туғы­зады.

– Жобаның қаржы-эконо­ми­калық оңалуы жайында сөз қоз­ғасақ, бұл үрдіс қалай жүзеге асады және ол үшін сіздер құрал-жабдықтардың қандай түрлерін қолданасыздар?

– Өз қызметімізде біздің тек мемлекет мүдделерін басшылыққа алатынымызды түсіну қажет, біз банк емеспіз, біз даму институты болып табыламыз. Біздің басты мін­детіміз – кез келген кәсіпорынды та­бысты түрде сату емес, оның орнына сол кәсіпорынды кез кел­ген амалдарды қолдана отырып сақ­тап қалу, жұмыс орындарын сақтап қалу, немесе сол кәсіпорын жұмысы тоқтап тұрса, оны қолдау, ол жұмысын жалғастыруға жәр­дем­десу. Сол себепті әрбір жобаға өзіндік тәсіл қолданылады. Біздің қыз­метімізде шарттардың түрлі нұсқалары мен бітімгершілік келі­сімдер қолданылады. Кәсіп­орынмен бірлесіп біз өнімді серік­тестіктің барлық жолдарын қарас­тырамыз. Кәсіпорындарға мем­лекеттік қаражат бөлінді делік, бұл орайда екінші басты міндетіміз – сол қаражатты сақтап қалу жә­не мемлекетке қайтарып беру. Сон­дықтан біз ақшалай қаражатты және активтерді қайтару бойынша ауқымды сот-талап ету жұмыстарын жүргіземіз.

– Мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасында ҚИҚ қандай рөл атқарады?

– Ағымдағы жылы біз кәсіп­орын­дардың үкіметтік тізімі шеңбер­індегі 8 өндірістік жобаны жеке­ше­лендіруге ұсындық, олар­дың 5-і жалпы сомасы 337 млн тең­геге сатылды. Активтерді бәсекелес ортаға беру бойынша процедура электронды сауда-саттық арқылы қабылданған процедураларға сәйкес жүргізілді.

 – Сіз Қордың инвестиция бөлуі үшін әлеуметтік маңызы бар жобалардың басымдығы туралы айтқансыз. Соңғы жыл бойынша әлеуметтік әсерді түсіндіріп беру мүмкін бе? Сондай-ақ Қордың қызметі қандай көздерден қар­жыландырылады, БЖЗҚ-ның қаражаттары қолданыла ма?

– Сұрағыңыздың бірінші бөлі­гіне жауап бере отырып, мен тағы да бір рет барлық жобалардың біздің басқаруымызда екенін баса айтқым келіп отыр. Бұлар – шикізаттық емес сектордың кәсіпорындары, олардың әрқайсысы өз өңірі үшін маңызды болып келеді. Бұл тек жұмыс орындары және салықтық төлемдер арқылы бюджеттің толықтырылуы емес, сондай-ақ бұл – Қазақстанда сұранысқа ие өнім өндірісі.

Сонымен қатар тағы мысал кел­тіргім келіп отыр. ҚИҚ-тың проб­лемалы қоржынында Оңтүстік Қа­зақстан облысындағы «Textiles.kz» компаниялар тобының тоқыма клас­тері бар. Борышкердің негізгі кәсіп­орындары ҚДБ атынан мемлекеттен пайыздық мөлшерлемені субси­дия­лау, салықтар мерзімін ұзарту, 4 жыл мерзімге кепілдендірілген тапсырыс түрінде қолдау алып, Дағдарыстан кейін қалпына келті­ру бағдарламасына қосылды. Қол­данылған шараларға қарамастан, кәсіпорындардың жоспарланған өндірістік және қаржылық көр­сет­кіштерге басқарушы инвестор қол жеткізе алмады, соның салдарынан, басқаларды қоса алғанда, жұмыс­шылардың жалақыларын төлеу бойынша берешектің артуы орын алды.

Әлеуметтік шиеленісті төмен­дету үшін 2016 жылдың желтоқсан айында және 2017 жылы ҚИҚ өз қаражаты есебінен өзіне мін­дет­тер жүктеп, компаниялар тобы­ның бұрынғы қызметкерлеріне жала­қылары бойынша берешекті өтеп шықты және берешекті талап ету құқығын қайта табыстау бойынша шарт жасасты. Қазіргі кезде Қор жалпы сомасы шамамен 30 млн теңгені құраған 189 жұмысшыға жалақыларын төледі.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қор жалпы сомасы 18,7 млрд теңгені құрайтын, соның ішінде ақшалай қаражаты 1 млрд теңдеген астам 16 жоба бойынша берешек өтеуді жүзеге асырды. Қордың қатысуымен 350 жұмыс орны қалпына келтірілді, қоржындық кәсіпорындар 1,2 млрд теңге сомаға салықтар төледі. Пайдаланылатын қаражат туралы айтатын болсақ, қазіргі кезде біз тек өз қаражатымызды қолданамыз. Ешқашан БЖЗҚ-ның қаражатын тартқан емеспіз. «Бәйтерек» холдингі тарапынан 15 млрд теңге сомасындағы соңғы транш 4 жыл бұрын алынып қайтарылды.

Қазіргі күні біз Қазақстан аумағындағы қайта құрылымдау, яғни стресті активтерді оңалту бойынша қызмет ететін жалғыз мемлекеттік компания болып табыламыз. Бұл өте ауқымды жұмыс және ол үшін бірнеше жыл нәтижелері басты көрсеткіш болып табылмайды, дегенмен де біздің қоржында табысты түрде жүзеге асырылған бірқатар жобалар бар. Атап айтқанда, қазіргі кезде біз бірде-бір мемлекеттік бағдарламаны тікелей жүзеге асырмаймыз, сәйкесінше, олар бойынша қаражат алмаймыз, алайда бұрын, яғни ИИДМБ-ның алғашқы бесжылдығын жүзеге асыру кезеңінде салынған мемлекеттік қаражатты қайтару арқылы олардың іске асуына үлес қосқымыз келеді.

– Қордың алда келе жатқан жылға қандай жоспарлары бар?

– Ең алдымен, бұрын жасасқан шарттар мен келісімдер бойынша берешекті өтеу. Біздің жобалауымызша, бұл сома 1 млрд теңгеден аспақ. Қор 3 жоба бойынша жалпы сомасы 800 млн теңгеден астам проблемалы активтерді/мүлікті сатуды жоспарлады. Оған қоса, 5,5 млрд теңге сомасындағы наразылық-талап ету жұмыстарын жүргізу арқылы берешекті қайтару және банктердің бөлу-жою процедурасы аяқталған 14 борышкер бойынша Қор алдындағы міндеттемелерді тоқтату мәселелері тұр. Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз, қауіп-қатерлерді басқару жүйесін күшейтеміз, адам ресурстарын басқару амалдары мен тәсілдерін өзгертеміз. Осылайша, өткен жылы Қорда басқару менеджментін қысқарту арқылы штат құрылымы оңтайландырылды. Менің ойымша, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ даму стратегиясының болашақты айқын болжамдауы қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасайды.

– Әңгімеңіз үшін рахмет.

Дайындаған

Дина МАХАМБЕТОВА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу