Қайда менің Тұмарым?!

Премьерадан кейінгі ойтолғау. Әлемге әйгілі 10 әйелдің арасында сақ патшайымы Томиристің аты аталады. Томирис б.з.б. ғасырға дейін өмір сүрген (б.д.д. 570-520 ж.ж.) Ол атақты скиф көсемі Ишпақайдың тұқымынан тараған. Тарихшылардың көрсетуінде, ол Тұран патшасы Афрасиабтың (б.з.б. 534 жылы қаза тапқан) қызы. Тарихшылар оның әкесі өлгеннен кейін таққа отырғандығын айтады.

Егемен Қазақстан
08.03.2018 4947
2

Кейбір қазақ зерттеушілерінің жазбаларында Томиристің есімі түрліше аталады. Тамаша, Томырыс, Тұмар т.б. Томирис есімі 2005 жылы шыққан «Жүз тұңғыш» атты кітапқа енген. Бұнда «Сақтан тараған массагет тайпа­сының тұңғыш әйел патшасы. Пар­сылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны біздің дәуірімізге дейінгі 529 жылы жеңіп, соғыста өлтірген тұңғыш әйел қолбасы» делінген.

Жақында облыстық қазақ драма теа­трында «Томирис» атты тарихи дра­маның премьерасы болды. Бар­дық, көрдік. Маған бұл спектакльдің ре­жис­серлік шешімі ұнамады. Би мен плас­тикалық қозғалысқа қойылған дүние екен. Менің қолыма қалам алғызған да осы нәрсе еді. Театр – ұжымдық өнер десек, сол ұжымның негізгі бір мүшесі – режиссер. Режиссерлік мамандық хақында бүгінгі театр зерттеушілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қаншалықты дәрежеде жазып жүр деген мәселе әркімді-ақ мазалайтыны даусыз. Менің айтпағым: режиссер Дина Жұмабаеваның сахналаған «Томирис» тарихи драмасы жайында еді. Қазіргі заманда біз тарихи тұлғаларды қалай сомдаймыз? Қалай ойнаймыз?.. Тарихи тұлғаларды, патшаларды, батырларды көруге шөлдеген жұрт нені көргісі келеді? Баяғының адамдары қалай сөйлеген, қалай күлген, қалай жүрген?.. Міне соны көргісі келеді. Ал пластикалық биді, айналып түскен сальтоны халық күнде көріп жүр ғой. Кейінгі жылдары осындай үрдістегі қойылымдар белең алып барады. Сондай қойылымдармен не айтқысы келеді екен? Шашы жалбыраған, кешке дейін жанын жұлып жеген Тұмар ханымды көрдік. Сөз деген жоқ. Сөз қадірі кетті. Сөзбен де көп әрекеттердің астарын ұғындыруға болады ғой. Жартылай жалаңаш батырларымызды көріп, терең ойға баттым. Тұмардың тұлға болып тұратындай тұсын көре алмадым. Биге қойылған шайқас, биге қойылған көрі­ністер. Музыкасы да миды жеген мис­тикалық бірдеңе. Құдды бір, модерн-балет театрында отырғандай болдым.

Менің осынау айтып жатқанда­рымның актерлерге қатысы жоқ. Сах­надағы ұлы мәртебелі актерлер қауы­мының кінәсі жоқ қой. Режиссер тапсырма береді, актер соны жанын салып ойнап шығады.

Қайран, сөз қадірі. Қара сөздің майын ағызып сөйлейтін классикалық қойы­лымдар. Қазір ондайлар көзден бұл-бұл ұшып барады. Классикалық сөз саптау және қазіргі заман тілі деген бар. Клас­сиканы классиканың тілімен, қазіргі заманды қазіргі заман тілімен қою керек қой. Үрдісінен айырылған ұлт құриды. Біз классикалық дүниелерді қазіргі заманға лайықтаймыз деп құримыз. Бұл дұрыс емес. Режиссерлердің былай ақталатыны бар: «Бұрынғыны қазіргі заманға лайықтап қоймасаң, көрермен көрмейді, келмейді». Би мен айқай, жарқ-жұрқ еткен техникалық эффект, тарс, тұрс!.. Мұндайдан қандай тағылым аласың? Әрине мен театр сыншысы емеспін. Бұл барлық режиссерлерге қатысты емес. Жақсы режиссерлер бар. Бірақ біздің, сахнадан көркем дүние көргіміз келеді. Қазақ драма театры мұндай дүниелерді қоя берсе, драма теа­тры емес, модерн-балет театрына айналып кетпей ме?! Театр өнері не боп барады? Костюм-шалбар киіп, бөкебай (шарф) таққан Гамлетті де көрдік. Бір күні, басына кепка киген, қолында телефоны бар, шпагатқа отырған Төле биді де көреміз-ау.. деп қорқамын. Мен мұны көрермен ретінде айтып отырмын. Қазақпын! Соның ішінде қаймағы бұзылмаған қазақпын.

Спектакль бітті. Әйтеуір дәстүр бо­йынша шапалақ ұрып жатыр. Біреу кө­ріп ұрып жатыр, біреу еріп ұрып жатыр. Мен де орнымнан тұрдым, шапалақ ұрмадым. Қарасам, қасымда бір жас қыз тұр екен. Ол да шапалақ ұрмай тұр екен. Бұрылып қарадым да: қалай, спектакль ұнады ма? – деп сұрай салдым. Жоқ, – деп басын шайқады. Еее, – деп ішімнен бір күрсіндім де, театрдан шығып жүре бердім. Маған бұл спектакль ұнамады. Ешқандай тағылым, әсер алмадым.

Адам, өзіне ұнайтын нәрсесін көргісі келеді. Өзіне ұнаған нәрсені мойнына тұмар ғып тағып алады. Өзіне ұнағанын іздейді. Қайда менің ұнарым? Қайда менің Тұмарым?!

Фархат ОМАРБЕКОВ,
музыкалық продюсер

ТАРАЗ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

16.11.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен ел біріншілігі өтті

16.11.2018

Атырауда жүргізушілер мен автобус жолсеріктерінің жалақысы екі есеге өсті

16.11.2018

Тұқым шаруашылығын дамытуға инвесторлар 25 млн $ қаржы салады

16.11.2018

Бокстан ел чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

16.11.2018

Спортшы қыздарымыз әлемдік сында үздік үштікке енді

16.11.2018

Қазақстан - Өзбекстан: тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделуде

16.11.2018

Елорда жастары «Жастар жылынан» не күтеді?

16.11.2018

Павлодарда тоғызқұмалақтан «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін турнир өтті

16.11.2018

Айдос Тұрысбек: Самал Еслямова «Хабар» арнасының фильміне түсіп жатыр

16.11.2018

Батыс Қазақстанда тағы 50 кәсіпорын жалақы өсірді

16.11.2018

«Өрнек». Бір өлеңнің сыры. Ерлан Жүніс (видео)

16.11.2018

Кәсіп­кер­лерді заңсыз тексеру азайды - Бас прокурор

16.11.2018

Астана сессиясы. ҰҚШҰ-ның бейбітшіліксүйгіш беделін нығайтты

16.11.2018

Сарысудың музыкалық мұрасы

16.11.2018

Жалақаны өсіру үдерістері тездетілуде

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? Сауалдамадаға қатысқандар пікірі

16.11.2018

Режиссер Рүстем Есдәулетов атындағы фестивальдің жеңімпаздары марапатталды

16.11.2018

Майқайың кентінде сатылатын жеке меншік 110 үй бар

16.11.2018

Әбіш Кекіл­бай­ұлының немересі халықаралық жарыс­та бірінші орын алды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу