Индустрия 4.0 технологиясының игілігі мол - Роман Скляр

Бүгінгі таңда Қазақстан түрлі салаларға жаңа технологияларды енгізу мәселесін қолға алды. Заман көшінен қалмау үшін және әлемдік нарықтың сұранысы мен стандартына сай келетін дүниелерді шығару үшін заманауи тың технологияны пайдалану уақыт талабы. Бұл жаңашылдықтар жөнінде «Егемен Қазақстанның» сауалдарына Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Роман СКЛЯР жауап береді. 

Егемен Қазақстан
14.03.2018 1242
2

– Өнеркәсіп саласын жаңа технологиямен қайта жарақ­тан­дырудың маңызы зор. Ал осы Индустрия 4.0 техно­ло­гия­сының артық­шылықтары қандай? 

– Төртінші индустриялық революция немесе «Индус­трия 4.0» бүгінгі таңда әлем­дегі ең өзек­ті үрдістердің бірі. Кибер­фи­зи­калық және робот-техника жүйелерін енгізу, үлкен деректер мен басқа да Индустрия 4.0 тех­нологияларына талдау жасау арқылы өндіріс пен көлік шы­ғындарын азайтуға, бизнес-үде­рістерді оңтайландыруға, жа­ңа бизнес-модельдерді енгі­зуге және кәсіпорынның бәсе­кеге қабі­леттілігін айтар­лық­тай артты­руға болады. Халықаралық сарап­шылардың есептеріне сәйкес, Ин­дус­трия 4.0 технологиясын енгізу кәсіпорындардың тиімділігін 10-20 пайызға дейін артты­рады. Сарапшылардың пікі­рінше, макродеңгейде дамы­ған және дамушы елдерде (АҚШ, Германия, Қытай, Франция және т.б.) Индус­трия 4.0 ІЖӨ-ні жыл сайын қосымша 1-1.5%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Көптеген дамыған елдер өздерінің ұлттық цифрлы трансформация стратегияларын (Германия 2011 жылы қабылдады, АҚШ – 2012, Жапония, Қытай, ЕО және басқа елдер 2014-2015 жж.) іске асыра бастады. Дамушы елдер, соның ішінде ЕАЭО елдері өздерінің бағдарламаларын қабылдап, индустрияны дамытуға қатысты бастамаларын әзірлеуге және іске асыруға кірісті. Қазақстан Рес­пуб­лика­сының Президенті жаңа тех­нологияны енгізуге айрық­ша көңіл аударады. Инвес­ти­циялар және даму министрлігі өнеркәсіпті цифрландыруды ынталандыру шараларын әзірлеу жұмыстарын жасады. 

– Жаңа технологиялар­ды енгізуде шетелдік серік­тес­теріңіздің еңбектерін, тәжіри­бе­лерін қаншалықты есепке ал­дыңыздар?

– Шетелдік серіктес­тері­мізбен (Фраунгофер атын­дағы институт, Шве­ция Бизнес даму институты және Nokia халықаралық компаниясы) бірге біз өңдеу өнер­кәсібінде және кен металлургия кешеніндегі шамамен 600 компанияны зерттедік. Біз мүд­делі тараптармен (са­лалық қауым­дастықтар, уни­верситеттер, институттар, сатушылар, мем­лекеттік ор­гандар және т.б.) келіс­сөз­дер жүргіздік. Бұл кәсіп­орын­дардың қазіргі жағдайын анық­тауға мүмкіндік берді. Өң­­деу кәсіпорындарының 80%-ы және кен өндіру өнер­кәсібі кәсіп­орындарының 60%-ы Өнер­кәсіп 2.0 (жарты­лай автомат­тан­дырылған опе­­ра­­циялар) дең­гейінде неме­­се автоматтанды­рыл­ған өн­­діріске өту сатысында тұр­­ғаны анықталды. Осы жұ­­­мыс барысында біз сала­­ны цифр­ландыруға ке­дергі кел­тіретін жайт­тар мен қиын­­дық­тарды анық­та­дық. Олар­­дың қатарын­да іскер­лік ор­та­ның цифрланды­ру­­дың эко­номикалық ар­тық­­шы­лы­қ­тарын толық түсін­­беуі; білікті маман­дар­дың же­тіс­пеуі; отан­дық тех­нология­лар мен құзы­реттердің дұрыс да­мымауы; цифр­ландыруға қажетті қар­жы­лық ресурстардың шектеулі болуы; телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың даму деңгейінің төмендігі сияқ­ты бір­қатар мәселелер бар. Осы­ған сәй­кес және халық­аралық тәжіри­бені ескере оты­рып, цифрлы тех­но­логия­ларды жоспарлау мен неғұр­лым белсенді енгізуге ын­та­­лан­дыратын кәсіпорын­дары­мызды қолдау үшін қажетті экожүйені құруға бағытталған шаралар әзірленді. Бұл шаралар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Бағдарлама аясында цифрлы технологияны бизнес-ортаға таныту; отандық технологиялар мен құзыреттерді дамыту; қажетті мамандарды дайындау; кәсіпорындарды цифрландыру үшін қаржылай ынталандыру; өнеркәсіптік интернетті дамытуға жағдай жасау сияқты бірқатар бастамалар бекітілді.

– Отандық кәсіпорындар, өнім өндірушілер осыншама еңбекпен келген жаңа тех­но­ло­гиялармен таныс па? Жергі­лікті жерде «Индус­трия 4.0» технология­сын енгізуде білікті мамандар жеткілікті ме?

– Индустрия 4.0 техно­логия­сын енгізуді насихаттау мақ­сат­ында үлгі ретінде көрсету алаң­дарына айналатын цифр­лы фабрикаларды құру жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар бұл жобаны іске асыру отандық техникалық мамандардың құзыреттілігін арттырады және нақты жобаларды іске асыруда кездесетін кедергілерді анықтайды. Индустрия 4.0 технология­сына көшуді жүзеге асыру үшін қолдау шаралары ретінде бастапқы қажетті жағдайлар жасалған. Бір жыл ішінде біз цифрландырудың мақсатты ынталандыру үшін (шығынды қалпына келтіру, қолжетімді несиелік капиталды қамтамасыз ету және т.б.) кейбір қолдау шараларын ішінара қайта қарауды жос­парлап отырмыз.

Өнеркәсіпті цифрлан­дыру­дың өзекті мәселелерінің бірі еңбек күші. Технологиялық өзгерістер өндірістегі жұмыс­тың сипатын өзгертіп, қызмет­керлердің бі­лік­тілігіне қо­йылатын талап­тарды күшей­теді. IT-техно­ло­гияларды қол­дану тұрғы­сынан біліктілікті жетілдіру қажет. 

Бүгінгі күні саланы ау­қым­ды цифрландыру үшін отан­дық мамандар жеткілікті деп айтуға ерте. Сондықтан «Цифр­лы Қазақстан» бағдар­ламасы аясында жаңа буын кадрларын төртінші индус­триялық революцияның жаңа технологияларын есепке ала отырып, кең ауқымда даярланатын болады.

– Нақты жүзеге асқан қандай жобалар бар?

– Ал, нақты жобалар туралы айтатын болсақ, бүгінгі күні «ERG», «Kazzinc», «Ar­ce­­lorMittal Te­mir­tau», «Kazakh­mys Corpora­tion», «Kaz­minerals» сияқты Қа­зақ­стан­дағы ірі компаниялар өз өнді­рістеріне Индустрия 4.0 тех­нологиясының элементтерін енгізу жобаларын іске асырады. Цифрлы технологияларды енгізген компаниялардағы тиім­­ділік пен олардың бәсе­кеге қабі­леттілігі артқанын көре аламыз. Қа­зіргі уақытта Қазақстанда өнер­кәсіпті цифрландыру үшін барынша жағдайлар жасалып жатыр.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

Қарағандылық инспекторға оқ атқан күдіктілердің фотосы жарияланды

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу