Қазақстан • 26 Наурыз, 2018

Бес бастама барлық жағынан тиімді

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы елдегі негізгі әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған нақты бағдар­лама болып табылады. Сондай-ақ ол елдің бәсе­кеге қабі­лет­тілігін арттыруға және нығайтуға жасал­ған нық қадам саналады. Бастама сонысымен ерекшеленеді.

Бес бастама барлық жағынан тиімді

Президенттің Үндеуінде тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етіп, еңбек адамдарының, оның ішінде төмен еңбекақы алатындардың салық мөлшерін төмендету мәселесі де атап өтілген. Міне, бұл мыңдаған қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартуға ықпал етеді, олардың баспаналы болуына жол ашады. Әсіресе бұл жас отбасыларға мемлекет тарапынан жасалатын қолдау-көмек болмақ.

Жоғары білім беретін оқу орындарын инвес­тициялау, шағын кәсіпорындарды салу, бизнесті дамыту және энергетикалық инфрақұрылымды жақсарту ел болашағы үшін аса қажет. Өз кезегінде ол экономикалық мәселелерді шешеді, жұмыссыздар қатарын едәуір азайтады. Алдағы уақытта елдің экологиялық және әлеуметтік жағынан жақсаруына себеп болады.

Жалпы Қазақстан Президентінің бес әлеуметтік бастамасы экономикалық тұрғыдан алып қарағанда жан-жақты ойластырылған, көрегенділікпен өлшеп, електен өткізілген. Сонымен қатар бұл бастамалар барлық жағынан тиімді әрі әлеуметтік маңызды мәселелер саналады.

Альфред ГУЗЕНБАУЭР,

Аустрияның экс-канцлері

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45