Таным • 26 Сәуір, 2024

Жанған хаттан жазу оқыған

25 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пиза университетінің философы Грациано Раноккия бастаған пәнаралық ғалымдар тобы жасанды интеллект көмегімен ежелгі папирустағы мәтіннің мәнін ашты. Сарапшылардың дерегінше, онда ежелгі грек ойшылы Платонның жерленген орны турасында ақпарат берілген.

Жанған хаттан жазу оқыған

Папирус ежелгі Геркула­нум қала­сы­нан табылған. Атал­ған Ежелгі Рим қаласы Помпейге өте жақын орна­ласқан. Біздің заманымыздың ­79 жы­лы болған Везувий жанар­та­уы­ның атқылауынан шаһарды толық өрт шалған. Ал папирустың күлі ғана арнайы құтыда сақталып қалған.

Ғалымдар ондағы мәтінді жасанды интеллект көмегімен оқыды. Олар күйген папирустарға жүздеген инфрақызыл сәуле түсіріп, проекция­сын қағазға бедерледі. Осы арқылы ғалымдар папирустың алдыңғы бетін ғана емес, артқы бетін да оқу­ға мүмкіндік алды. Зерттеу нәти­жесінде мәтіннен мың сөз анықталған екен. Бұл бүкіл мәтіннің шамамен 30 па­йызын құрайды.

Үзіндіде негізінен гадаралық фило­­соф Филодемнің академиясы туралы айтылады. Фрагментте бұ­рын белгісіз тағы бір ақпарат бар. Мыса­лы, онда Платонның біздің дәуі­рі­­мізге дейінгі IV ғасырда құрған акаде­миясы туралы мағлұмат бар. Сондай-ақ философтың Афинадағы, Му­сейон немесе «Музалар храмы»­ маңындағы академияның арнайы ба­ғында жерленгені хақында жазылған.

Бұл жасанды интеллект көмегімен құпиясы ашылған алғашқы папирус емес. Бұған дейін бір топ бағдарламашы студенттер – гер­маниялық Юсиф Надир, аме­рикалық Люк Фарритор және швейцариялық Джу­лиан Шиллингер күйген папирустан 2000 белгіні анықтай алды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024