Парламент • 13 Сәуір, 2018

Ұлттық инженерлік академия президенті ғалымдарды төл мерекесімен құттықтады

1214 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесін Қазақстанның Ғылыми-инженерлік қауымдастығы жетінші рет атап өтті. Қазақстанның Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Парламент Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов академия төралқасының кеңейтілген отырысында ғалымдарды төл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. 

Ұлттық инженерлік академия президенті ғалымдарды төл мерекесімен құттықтады

– Ғылым күні Елбасымыздың 2011 жылғы 20 қарашадағы №164 Жарлығымен белгіленді. Отан­дық ғылым саласы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ұдайы назарында әрі жүргізген сын­дарлы саясатында әрдайым қолдау тауып келеді, – деді ол. – Мысалы, 2011-2017 жылдар ара­лығында ғылымды қаржы­ландыру 37,1 пайызға, ғалым­дардың еңбекақысы 58,1 па­йызға ұлғайды. Біздің ғы­лым­ның әлемдік аренадағы сер­пілісі, беделді халықаралық ба­сы­лымдардағы қазақстандық ға­лымдар жарияланымдары са­нының өсуі XXI ғасырдың екін­ші онжылдығының айтулы жетістігі болды. Қазақстандық ғылыми он басылымның қазіргі замандағы әлемдік ғылымның беделді халықаралық ғылыми-ақпараттық және аналитикалық ресурстық Web of Sciences тұ­ғыр­намасына енгізілген ең ықпалды халықаралық журнал­дар санына қосылуы осы жетістіктер нәтижелерінің бірі болды.

Мемлекет басшысы стра­те­гиялық құжаттарда техноло­гиялық инновациялық дамуды елімізді дамытудың шешуші факторы деп атады. Сондықтан ғылымның инженерлік бағыты мен ғылыми жетістіктердің жүзеге асырылуы біздің бас­ты назарымызда болып отыр. Ұлт­тық инженерлік академиясында осы кезең ішінде 1518 жоба мен бағдарламалар, оның ішінде машина жасау, энергетика, мұнай-газ және басқа да ғылыми-инженерлік салаларындағы 32 инновациялық жоба әзірленді.

Отырыс жұмысына Ас­қар Құлыбаев, Темірхан Досмұ­ха­медов, Рахман Алшанов, Надир Надиров, Альберт Боло­тов, Амандық Төлешов, Гүлба­зар Медиева және тағы басқа ға­лым­дар қатысты. Отырыста Ака­демияның вице-президенттері Темірхан Досмұхамедов және Рахман Алшанов басқа да жетекші ғалымдар, инженерлер, кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының басшылары сөз сөйледі. 

Олар жоғары оқу орын­да­рын­дағы инновациялық процес пен ғылымды дамытуда жетекші бағдарлардың бірі болып табылатын ғылым мен өндірістің байланысын орнатуға ерекше назар аударды. Мәселен, «Байсерке-Агро» холдингі, жоғары оқу орындардағы ғылым мен инновацияны дамы­ту­дың тиімділігі әлемдік тәжі­рибеде мойындалып отырғаны, қазақстандық ғылымның бүгінгі және ертеңгі күнінің басты мәселелері туралы айтылды.
Академияның алдағы мін­деттерін Ұлттық инженерлік ака­демиясы төралқасының Бас ғалым-хатшысы Гүлбазар Ме­дие­ва хабарлады. Онда Сло­ве­нияда орналасқан Акаде­мияның Қазақстан-Еуропа орта­лығы арқылы Қазақстанға Еуро­падан технологияларды транс­ферттеу туралы, Қытай Инже­нерлік академиясымен бірле­се отырып, Жібек жолын қайта өрлету жобасын іске асыру жөнін­де айтылды.

 Отырысты қорытындылай келе, Ұлттық инженерлік акаде­миясының президенті Б.Жұ­ма­­ғұлов еліміздің ғылыми-инже­нерлік қауымдастығының ал­дында тұрған ғылым нәтиже­лерін түбегейлі жаңа деңгейіне көшіру, оны өндіріспен, бизнес­пен біріктіру, нарықтың перспек­тивалық технологиялық талаптарын қанағаттандыру міндеттерін атап айтты. Бұл Қазақстан Пре­зиденті стратегиялық бағытының міндеттерін іске асыруға, соның ішінде әлемнің 30 дамыған мемлекетінің қатарына кіруге академиялық қоғамдастықтың қосатын үлесі болмақ. 
 

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45