Әйелдер құқығын қорғау – қоғам назарында

Астанада Шығармашылық әйелдер бастамасы лигасы «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен «Қазақстандағы әйелдер құқығы: мүмкіндіктер мен кедергілер» атты конференция өткізді.

Егемен Қазақстан
15.04.2018 6216
2

ҚР Президенті жанындағы әйел істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының қатысуымен өткен жиында гендерлік саясат бойынша әйелдердің қоғамдағы, саясаттағы және шешімдер қабылдау деңгейіндегі  рөлі сөз болып, отбасында зорлық-зомбылық көрген әйелдердің, жалғыз басты және мүгедек балалары бар аналардың құқықтарын қорғау сияқты маңызды мәселелердің себептері мен шешу жолдары қарастырылды. «Елімізде әйелдердің құқықтарын жүзеге асыруға кедергі болатын қауіп-қатерлер туралы қоғамның басым бөлігін тарта отырып, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен бейресми, ашық пікірталас алаңдарында, форумдарда барынша кең талқылау керек», дейді Шығармашылық әйелдер бастамасы лигасының президенті Асия Хайрулина.

Елімізде адам құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жасап жатқан «Сорос-Қазақстан» қоры әйелдер құқын қорғау бойынша арнайы жоба жүргізуде. Оған «Әйелді аяла» ақпараттық науқаны мен «Киімді кінәләма» және «Ұят» атты көрмелерді жатқызуға болады. «Өкінішке қарай қазіргі таңда әйелдердің құқығын таптап, зорлық-зомбылыққа жол беру көбейіп барады. Біз осыған жекелеген тұлға ретінде емес, қоғам болып жұмылып тосқауыл қоюды көздеп отырмыз. Осыған байланысты 8 наурыз халықаралық әйелдер күні ақпараттық науқан да басталған болатын. 10 желтоқсанда Халықаралық адам құқықтары күні аяқталатын науқанға өнер жұлдыздары мен қоғам қайраткерлерінің белсенді үн қосуы бізді қуантты. Әйелдердің құқықтары бойынша жасалатын жұмыстарымыз болашақта да жалғаса береді», деді «Сорос-Қазақстан» қорының бағдарламалар директоры Аида Айдарқұлова.

Қазақ қоғамындағы әйелдердің рөлі, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әйелдердің әсері туралы танымал журналист Ләйла Сұлтанқызы тоқталса, жалғызбасты аналардың мәселесін Айна Досмахамбетқызы көтерді. Жалғыз басты аналарға көмек өте аз екенін айтқан блогер А.Досмахамбетқызы алимент мәселесін шешу бойынша арнайы қор құру дегенді айтты. «Қоғам көп жағдайда кінәні әйелдің мойнына іліп қояды. Бізде ажырасса да, күйеуі қол көтерсе де, мүгедек бала туса да әйел кінәлі деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан көп жағдайда әйелдер зорлыққа шыдайды», дейді ол.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сарапшылар кеңесінің хатшысы Камал Әлпейісова да барлық жауапкершілікті әйелге артудан аулақ болып, ұл тәрбиесін мықтап қолға алу керектігін айтады. «Бұл қоғамның жанды мәселелерінің бірі. Әуелде ер баланы болашақта әке атанып қорғаушы, сүйеу болатынын кішкентай кезінен миына сіңіріп өсіру бізде өте аз. Мен маңайымдағы жастармен сөйлесіп, қалыңдықтарына қандай талап қоятынын тыңдаймын. Ал ол талапқа сай келмесе ажырасып кете саламын дейтін бозбалалар өте көп. «Теңіздің дәмін бір тамшы судан білуге болады». Осының өзі біздің ер балаларда отбасын құруға деген жауапкершіліктің аз екенін көрсетеді. Қызды, әйелді, жас келінді тәрбиелеу бойынша жұмыс жасайтын ұйымдар бар, қаншама конкурстар ұйымдастырылады. Бірақ ұлды тәрбиелеу дегенді естімеппін.  Қызды тәрбиелі қылып, тәрбиесіз жігітке берудің соңы жақсылыққа әкеліп жатқан жоқ.  Бұл ер мен әйелге жік салу емес. Мәселенің себебін талдау керек. Мектепке ұл тәрбиесі туралы бағдарлама кіргізу керек», деген Камал Әбілқасымқызы қыздың ғана емес, ұлдың да жоғары оқу орындарында оқуына баса назар аудару керектігін айтты.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сулеймен, Әділет вице-министрі Эльвира Әзімова, үкіметтік емес ұйым өкілдері, құқық қорғаушылар, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Конференцияның қорытындысы бойынша әзірленген маңызды ұсыныстар тек мемлекеттік органдарға ғана емес, азаматтық қоғам мүшелеріне және қоғамдық ұйымдарға ұсынылмақ. 

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Абдуллах Гүл: Нұрсұлтан Назарбаев – тұтас түркі әлемінің ақсақалы

25.03.2019

Тұңғыш Президенттің тарихтағы рөлі жоғары

25.03.2019

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымдары (видео)

25.03.2019

Жеңіс Қасымбеков Ақмола облысының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді

25.03.2019

Қаламқас мұнай кен орнында ұңғыма жанып жатыр

25.03.2019

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысы өтті

25.03.2019

Ұлтты өркениет көшіне қосқан кемеңгер - Шәбден Тілеумұрат

25.03.2019

Нұр-Сұлтан атауының берілуі өте орынды әрі лайықты шешім болғаны анық - Әнуарбек Мұхтарханов

25.03.2019

The Associated Press: Назарбаев тұрақтылық пен ұлтаралық бейбітшілікті қолдаған Қазақстанды құрды

25.03.2019

ECHO: «Ұлт көшбасшысы» мәртебесі оның құрметті тұлға екенін көрсетеді

25.03.2019

2019 жылдың қаңтар және ақпан айларында  Ұлттық қор түсімі 576,4 млрд теңгеге жетті

25.03.2019

Норвегияда апатқа ұшыраған кемеде екі қазақстандық бар болып шықты

25.03.2019

Филармония ұжымы қарияларды қуантты

25.03.2019

Елордада қайырымдылық «Astana Nauryz marathon» өтті

25.03.2019

Іріктеу кезеңін ірі жеңіспен бастады

25.03.2019

Кремльде қазақ әуені асқақтаған күн

25.03.2019

Ел мен елорданың бас сәулетшісі

25.03.2019

Нұрлы шаһар мемлекет мерейін асыра берсін

25.03.2019

Қажыр-қайратқа халықтың қайтарымы

25.03.2019

Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу