Қазақстан • 18 Сәуір, 2018

Атырауда қайырымдылық мақсатта веложарыс өтеді

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау облысының спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қоры биыл құрылғанымен, біраз шараға бастамашы болып үлгерді. Айталық, екі жас футболшының атақты «Реал Мадрид» командасының жаттығу лагерінде дәріс алуына мүмкіндік жасады. 

Атырауда қайырымдылық мақсатта веложарыс өтеді

Атыраулық жас спортшылар испандық клуб жаттықтырушыларының жоғары бағасына ие болған. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған қадам тағы бір тың шарамен жалғаспақ. 30 сәуірде Атырауда алғашқы жаппай қайырымдылық веложарысы өтеді.

-Веложарыс аясында қайырымдылық жәрмеңкесі мен аукцион ұйымдастырылады. Онда «Астана» велокомандасының бағалы лоттары сатылымға шығарылады. Сатылымнан түскен ақшалай қаражат олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің велоспорт бөлімін спорттық жабдықтармен қамтуға жұмсалады. Велоспорт бөлімінде 10 мен 16 жас аралығындағы 80-ге жуық спортшы дәріс алады, - дейді аталған қоғамдық қордың өкілі Таңат Нұршин.

Шараға «Астана» велокомандасы мүшелері, велоспорттан олимпиада чемпиондары Александр Винокуров пен Зульфия Забирова, ауыр атлетикадан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Илья Ильин және атыраулық 1000-ға жуық велоспортсүйер қауым қатысады деп күтілуде. Махамбет атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры алдындағы алаңнан басталатын 9 шақырым жолда кімнің оза шабары әзірге белгісіз, тіркелу басталды.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ