Лифтілер қызметі қатаң бақылануы тиіс

Лифтінің техникалық жағдайын бақылауға қатысты салғырттық жақында Ақтөбе қаласында қайғылы оқиғаға себеп болғаны белгілі.

Егемен Қазақстан
23.04.2018 2314
2

«Азаматтық қорғау туралы» заңға сәйкес, лифтілер қауіпті техникалық құрылғыларға жатады және оларды пайдалану қауіпсіздігі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай болуға тиіс. Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган болып табылады. «Қазақ­стан Республикасының мемлекет­тік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Жарлығына сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық объектілерінде бекітілген лифті­лерді бақылау жергілікті атқару­шы органдардың құзырына, яғни қалалық тұрғын үй инспекция­ларына берілді. Бірақ іс жүзінде қалалық тұрғын үй инспекцияларына лифтілерді жаңғыртуды, реконструкциялауды және жөндеуді қоса алғанда, оларды техникалық күтіп ұстау бойынша бақылау функцияларын іске асыру жөніндегі өкілеттіктер берілмеген.

Жергілікті атқарушы органдар­ға уәкілетті орган берген штат бірліктері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекет­тік инспектор мәртебесін иеленбеген.

Кеден одағының «Лифтілер қауіп­сіздігі» деген техникалық рег­ламентінде лифтіні пайда­лануға беру алдында объектіде бекітілген лифтінің техникалық регла­мент талаптарына сәйкесті­гін бағалау жүргізілуге тиіс екені белгіленген.

Өз кезегінде, Инвестициялар және даму министрлігі қауіпті өндірістік объект болып табылатын лифтілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге міндетті.

Сонымен бірге қалалық тұрғын үй инспекциялары мен Инвес­тициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркә­сіптік қауіпсіздік коми­тетінің аумақ­тық бөлімшелері ара­сында функциялардың қайта­лануы өкі­леттіктердің нақты аражігін ажы­ратуды қажет етіп, тұтастай алғанда лифт шаруашылығында бақылау функцияларын іске асыру бойынша жауапкершіліктің жоқтығына алып келді. Осының салдары­нан жергілікті жерлерде лифтілер­ді техникалық күтіп ұстауды жүзе­ге асыратын компаниялардың қызметіне бақылау жасалмайды, олардың қызметіне қойылатын талаптар айқындалмаған, лифт ұйымдарын сертификаттау тетігі әзірленбеген. Сондай-ақ біздің ойымызша, лифтілерді монтаждау және оларға техникалық қыз­мет көрсету құқығына лицензия берудің күшін жою жағдайды ушық­тырып отыр. Бақылау тетігі жолға қойылмайынша, лифті­лер адам өміріне қауіпті болып қала беретіні анық. Қазақ­стан Лифт­шілерінің ұлттық қауым­дас­т­ығының деректері бойынша, рес­пуб­ликамыздың аса ірі жеті қала­сында 7000-ға жуық лифт күрделі жаңғыртуды немесе ауы­с­тыруды қажет етеді.

Астана қаласының өзінде шамамен 60 сервистік компания жұмыс істейді, олардың болмашы бөлігінің ғана шын мәнінде құзыреттері, мамандары және қажетті өндірістік-технологиялық базасы бар. 2016 жылдан бастап 2018 жылдың бүгінгі күні аралығында төтенше жағдайлар департаментіне «112» нөміріне Астана лифтілеріндегі апаттық жағдайларға байланысты 934 қоңырау шалынған. Жаңа­дан салынған тұрғын үй кешен­деріндегі лифтілердің де ұдайы істен шығып жататыны таң­ғалдырмайтын болды. Лифті­лердің апаттылығы мәселесі әртүрлі әкімшілік деңгейлерде тал­қы­ланғанымен, жағдайдың өзгер­мегенін атап көрсету керек.

Сондықтан Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтан жоғарыда баяндалғандарға байланысты:

1.Бақылау-рұқсат беру функцияларын ырықтандыру бойынша жүргізіліп жатқан реформа жағдайларында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкі­летті орган мен жергілікті атқа­ру­шы органдар арасында лифт жабдықтарын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі функция­лар­дың қайталануын болғызбау және тұрғын үй инспекциясы қызмет­керлеріне тиісті өкілет­тіктері бар мемлекеттік инспекторлар мәр­тебесін беру жөнінде шаралар қабылдауды;

2.Лифтінің және лифт қауіп­сіздігі құрылғысының сәйкес­тігін растауды сертификаттауды жүргізудің бірыңғай тетігін әзірлеуді;

3.Лифт қызметін көрсетуге ар­налған бірыңғай салалық стандартты, оның ішінде лифтілердің бірыңғай электрондық тізілімін құру туралы мәселені қарастыруды;

4.Кеден одағының «Лифтілер қауіпсіздігі» деген техникалық рег­ламенті талаптарының қатаң сақ­талуын қамтамасыз етуді;

5.Монтаждау ұйымдарын, сервистік компанияларды және жабдықтарды импорттаушыларды таңдауға қойылатын талаптарды ретке келтіруді сұраймыз.

Марат ТАҒЫМОВ,

Сенат депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

20.11.2018

ШҚО-да бір аптада 125 жиналыс өткізетін әкімдіктер де бар

20.11.2018

Лондонда Димаштың жеке концерті өтті

20.11.2018

Солтүстік Қазақстанда заманауи оқушылар сарайы ашылды

20.11.2018

Шымкентте «Жамиғат-ат тауарих» және «Зикзал» кітаптарының тұсаукесері өтті

20.11.2018

Түлкінің керуі (Бүркітшінің әңгімесі)

20.11.2018

Көкшетауда «Мәлік Ғабдуллин және жаңа қазақ­стандық патриотизм» атты халықаралық конференция өтті

20.11.2018

«Қазақквартет» көрермендермен қауышты

20.11.2018

Әмина Өмірзақованың ғасыр тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

20.11.2018

Миланка Карич: Басым бағыттар қамтылған

20.11.2018

«Серікбол Қондыбай. Рух жауынгері» атты деректі фильмнің көрсетілімі болды

20.11.2018

Жолдау-2018: Табыс артса, өмір сапасы жақсарады

20.11.2018

Жастар өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтті

20.11.2018

Батыс Қазақстан облысында 50 кәсіпорын қызметкерлерінің айлық еңбекақысын өсірмек

20.11.2018

Георгий Церетели ел бастамаларына жоғары баға берді

20.11.2018

Киелі жерлердің рухани маңызы

20.11.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Төрағасымен кездесті

20.11.2018

Төкпе жырдың төресі - Мұрат Мөңкеұлы

20.11.2018

Атырауда 13 мектеп үш ауысыммен оқытады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу