«Әміре» фильмі: кемшілігі һәм жеңісі

Қиял қуып, қайшылық іздетпей-ақ, өмірі киноға, спектакльге, жалпы көркемөнер туындысына сұранып тұ­ра­тын тұлғалар қазақта жетерлік. Тауқыметті болса да ән ата­сы Әміре Қа­шау­баевтың даңқ пен азап қа­тар өріл­ген ауырлау ғұмыры сондай тағдырлар қатарынан. Сон­дықтан болса керек,  әнші өмірі өнер туындысына айна­лып, кино тілінде таспалана­ты­нын алғаш естігенде,  бөр­кімізді аспанға ата қуанып, «Ақсарбас!» дегенбіз іштей. 

Егемен Қазақстан
25.04.2018 3168
2

Қалайша қуанбассың, енді әншіні қазақ емес, әлем танитын болады! Өйткені «Әміре» фильмі – қазақ кино­өндірі­сін­д­егі голливудтық маман­дар­­мен бірлесе түсірілген ауқым­ды жо­балардың бірегейіне ай­на­лады деп күтілді.  Ол бол­­жамға имандай сен­гі­міз кел­­ді. Арман алдамаса, қиял күй­­­ре­месе деп іштей және ті­ле­дік. 

Сөйтіп, межелі уақыт туып, көп­тен күткен «Әміре» фи­льмінің тұ­сауын кестік. Мәде­ниет және спорт ми­нис­трлігінің қолдауымен «Қа­зақ­­­фи­льм» АҚ және Әли­дар Өте­­мұ­ра­тов­тың «Dar Play» ком­па­ниясының бір­ле­се түсірген бұл фи­­льмнің бас­­ты жаңалығы – туын­ды­ға Джеф Веспа (Jeff Vespa) есім­ді голли­вуд­тық ки­но­режис­сер­дің тартылуы болды. Cце­на­рий авторы – Бенжамин А. Ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen).  

Көркемдік тұрғыдан голли­вуд­тық ки­но­туынды­ларды көз­ алдыңызға кел­­тіретін бұл фи­ль­мнің түсірілу дең­гейі мен техникалық мүмкіндігіне, әл­­­бет­те, мін таға қою қиын. Бар­­лығы да өз орнымен, өз жо­­лы­мен жасалғаны бірд­ен бай­қалады. Тіпті, қызды-қыз­­ды­­мен тарихи шындықты көр­кем шын­дық жолына құрбан етіп жіберуін де америкалық ки­номамандардың кө­рермен қы­зы­ғушылығына сай қыз­мет етуі деп қабылдадық. Сце­­на­­­рист Әміренің Париж са­па­­­рына дейінгі және одан кей­інгі тауқыметті тағдырына тере­ңі­рек бойлаудан гөрі, жеңіл де қы­зықты өрбитін ғашықтық хи­­кая­сына екпін түсірген. Ту­ын­­ды авторларының сю­жет­тік тұрғыда сенсация қуғаны сон­шалық, Әмірені өз қи­ял­да­рынан тудырған фран­цуз­дың сұлу бикешіне ғашық қылып, Джорж Гершвин сынды есімі әлемге әйгілі өнер майталман­дарымен жан қиысар дос етіп бейнелейді. Хош, мұны да құп көрдік делік. Бірақ Әмі­ренің Париж сапары тек әлем­дік сахнада өнер көр­сетіп, даңқ шыңына көтерілу мен француз бикешіне деген құштарлық сезімнен ғана тұрмайды ғой. Бұл сапар – әнші өмірін түбегейлі өзгерткен, тіп­ті ғұмырын қиған тра­гедиясын да қоса алып келмеп пе еді!?. Ал ол дүрбелеңнің дәл сол сапарда Алаш арысы  Мұс­тафа Шоқаймен кез­де­суі­нен басталғанына тарих куә. Міне, сценарийст қайшылықты осы тұстан іздесе, мәселе мәй­егі­нен алыс­­тамас еді. Ал бұл фи­льмде, ке­рі­­­сінше, голли­вуд­тың әдеттегі клас­си­­калық сю­­жетке құрылатын мело­дра­­ма­ларындағы махаббат кө­рі­­нісі алдыңғы планға көте­ріл­ген де, Әміре өмірінің басты трагедиясына арқау бол­­ған негізгі оқиға атүсті баян­далған. Со­ның салдарынан фильмде ара-тұ­ра бой көр­­сетіп қалатын Мұстафа Шо­­қай­дың бейнесі мақсаты мен міндеті ай­қындалмай, тү­сініксіз күйде алыс­тан кө­мес­кілене қол бұлғайды. Ер­ке­бұлан Дайыров қанша жерден мықты актер болғанымен де, томағасы сыпырылмаған қы­ран­дай қанатын кеңге жайып, еркін қалықтай алмады. Әйт­се де таланттың аты – та­ла­нт қой, өнер иесінің аз ғана уа­қытқа экранға жарқ етіп шы­ғуы, әсіресе Париж сахнасын­да ән салған Әміренің әніне тол­қып, көзіне жас алуы – Мұс­та­фа­дай қайраткер тұлғаның барлық бол­­мысы мен мұратын, еліне деген сағынышын кө­рер­менінің көз алдына кел­тір­гендей ерекше әсерлі. Бұл – сце­наристің емес, сөзсіз әр­тіс­тің ше­­бер­лігі. Актер Ер­ке­бұлан Дайыров ойы­­ны ар­қылы экранда ара-тұра көл­бең ете қалатын ұлттың мінезі мен та­би­ғаты өзге уақытта Париж кө­ше­ле­рі мен сахна сал­танатының көлең­ке­сінде елеу­сіз қалғандай. 

«...Ән салса, ол өзін-өзі ұмы­тады, ән­нің әуеніне төңке­рі­­леді, оның даусы көмейінен шық­пайды, жүрегінен шы­ға­ды. Ол әннің әр нақысын ұға­ды,  ән­ді ғана сүйеді. Ән салса ра­қаттанып, гүл-гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, де­не­сі де, қолы да бірге ән салады. Әмір­­­қан кісі емес, ән­ге айна­лады. ...Әмір­қанның киі­мі де, жүріс-тұрысы да жат еді; қазақтың еркіндігін еске тү­­сі­­руші еді...»

Замандасы, Әміре Қашау­ба­­е­втың көзін көрген абзал іні­сі Жүсіпбек Ай­мау­­ытов­тан артық әншінің таби­ға­­тын, бү­тіндей болмысын сурет­теп жет­­кізу мүмкін бе?.. Атал­мыш әңгі­ме­мен таныс кез келген көрермен, сөзсіз, аяулы әншісін осы бейнеде, осы мінезде көр­гісі келеді. Біздің де фильмнен күт­кеніміз – қа­зақ әнін Париж көгінде қа­­лық­татқан алапат әншінің ала­пат дау­сы мен дауыс арқылы жүрекке құйы­латын ұлттық рух құдіреті болатын.  
Бірақ  қазақтың бүтіндей бол­мы­сын ән табиғатына салып жеткізу бы­лай тұрсын, тіп­ті қазақша мандытып сөй­лей алмайтын актердің Әміре рөлі­не бекітілгенін есті­генде-ақ кү­ді­гіміз қоюлана түскен. Режиссер Джеф Веспа Әміре рөліне актер Сан­жар Мәдиевтің таңдалуын  оның ағы­л­­шын тілін жетік мең­ге­руі мен сырт­қы сым­батына бай­­ланысты деп тү­сін­ді­реді. Ал актердің өзі болса, Әміре бей­­несіне келу аса зор жа­уап­­кер­ші­лік жүктеп, бұ­рын-соңды жа­саған жұ­мыс­та­ры­на қарағанда әлде­қай­да көп ізденісті талап еткенін айтады. 

Рас, Санжар Мәдиевтің бұған дей­ін­­гі шығармашылық жұмысымен жі­ті таныс адам ак­тердің әр рөліне үл­­кен дай­ын­­дықпен келгенін көрер, бі­­лер, сезер еді. Бірақ кейбір сәтт­е, та­­лант­тан бөлек, актер жа­нының кей­іпкер та­би­ға­ты­мен үндесуі деген жә­не бір ұлы ұғымның қатар жү­ре­ті­ні бар. Сан­жардың Әміре бей­н­е­сін­де «өмір сүре алмауының», қа­­был­­дан­бау­ының бас­т­ы се­бебі де осында болса керек, біз­д­іңше. 

Иә, қаланың «гламур» ба­ла­сы Арқаны, тіпті әлем­ді әнімен әлдилеген дала ба­ласының бейнесін же­тк­і­зуде рөлінен тосырқағаны бай­қалады. Домбырасын еркін қаға, жанын салып көсіле ән салатын қазақтың еркіндігі мен тынысы, жалпы тереңдігі актер бойында кемшін түсіп жатқандай. Ол – әншінің аузын ашуы мен домбыраны қағуы, әнді сезінуі мен жет­кізуі – қай жағынан келгенде қала­лық Санжардың далалық Әмірені жатыр­қап тұрғаны анық сезілді. Ән орындауында әнмен қатар сөйлеп тұрар актер жүзіндегі мимика мен қозғалыс, музы­каны сезіну күйі – барлығы да тым жасанды. Өнер иесінің дәстүрлі ән мен дәстүрлі аспапта ойнауда тәжі­ри­бе­сінің тым аз екені көзге көрініп-ақ тұр.  Мұның бар­­лығы актерге Әміре бей­не­­­сінде өз деңгейінде көрі­нуі­не ай­тар­лықтай зардабын тигізді. 

Сонымен қатар фильмге таңдалған әндер де әншінің толықтай дауыс мүм­­кіндігін ашып көрсете алмады. Қа­рағандылық дәстүрлі әнші Сер­жан Мұсайынның даусымен жет­кен Әміре әні байқауға қатысқан өз­ге ұлт әншілерінің репертуарымен салыстырғанда, мойындау керек, өте әлсіз. Тіпті актерлік ойынға кел­­генде де британдық актер Бен Алд­­ридж бен аустралиялық актриса Эбби Корништің із­де­нісі, ішкі орга­никасы да көп жағдайда бас кей­іп­кер ойы­нын көмескілендіре бер­ді. 8 шақырым қашықтыққа еркін жете­тін (Жүсіпбек Еле­беков) алапат дау­сымен күл­лі Еуропаны таңдай қақ­қы­зып, мойындатқан Әміре­нің мүм­­­кіндігі кино тілінде мүл­­дем ашыл­­мады сөйтіп. Әри­­не бұл жерде ән­ші­ні кінәлау­дан аулақпыз. Де­сек те, кино-
­ту­ындының музы­ка­лық ре­дак­­­­тор­лары Сержан Мұ­сай­ын­ның үнін­­­дегі барлық бай­лық­ты – дауыс мүм­кін­дігін  шығарып алу­ға та­л­пын­ған­да, Әміре бейнесі экранда бұдан да гөрі жар­қырай көрінер ме еді деген және бір ізгі тілек кетті ішімізде.

«Біткен іске сыншы көп» дей­міз. Ол рас. Жасалған қо­мақ­т­ы жұмыстың қай кезде де кемшілігі бірінші көрі­не­ді. Әйтсе де, «Әміре» фильмін бір­­­ден жоқ­қа шығарып, іске ал­­ғысыз етіп тас­тау өнерге жасал­ған қиянат бо­лар еді. Осы тұрғыдан келгенде, «Әмі­ре­­нің» артықшылықтары да жетерлік. 
Ол – ең бірінші, жоғарыда атап өт­ке­німіздей, фильмнің көркемдік һәм тех­никалық түсі­рілу сапасы. Кино­ту­ын­­дыда оқиға орны айтар­лық­­­тай жиі ауыспағанымен, оқи­­ғаның басым көпшілігі не­­гізінен бір ғана театр мен қо­нақүйдің ішінде өрбіп, фи­­льм-спек­­такль жанрында тү­сі­рілгендігіне қара­­мастан, туын­­дыда  гол­ли­вуд­тың қолтаңбасы ай­қын кө­рі­нед­і. (Өкініштісі – ұлттық үн жоқ).

Екіншіден, кеңес дәуірі кезеңіндегі қазақ зиялыларына көрсетілген қысас әре­кет­тер мен қазақты өздерінен тө­­­мен санап, жабайыға те­ңей­тін па­сық пи­ғылдың аме­ри­калық режис­сер­лер­дің көз­қарасында ашық та ер­кін көрсетілуі. Бұл да өсіп келе жат­қан ер­кін ойлы жаста­р­дың тәуел­сіз пікірі­нің қалып­та­суына ықпал ете­тіні сөз­сіз.  

Үшіншіден, Әміредей қа­зақ­тың біртуар перзентіне әлем назарын ауда­руға ба­ғыт­талған алғашқы тал­пы­ныс­­тың жасалуы. Аталмыш фи­ль­­м­нің түсірілуіне кино­өн­ді­рістің отаны – Голливуд  ре­жис­серлерінің қы­зы­ғушылық танытуы. Осы арқылы «Әмі­ре» фильмінің таралу ауқымы ке­ңей­іп, әнші есімін әлемге танытуда жақсы мүмкіндіктің ашылуы деп ой­лаймыз. Әйтсе де шетелдік мамандар­мен жұмыс істегенде сценаристің не­гі­зінен қазақтың төл тарихын же­тік бі­луіне баса назар ау­дарылса деген ті­легіміз де қыл­тияды көңіл түк­пі­рін­де. Се­бебі көркем фильм қандай дең­­гей, қандай жағдайда түсі­ріл­се де, қа­зақ тұлғасы жайлы сөз болғаннан кей­ін туындыдан қазақтың иісі аңқып тұ­руы тиіс. 

Сондай-ақ көркем шын­дық пен тарихи шындық ара­сындағы алтын ор­таның сақ­талуы да –  ұлттық кино­ту­ынды үшін аса маңызды жайт­­тың бірі. Осы тұрғыдан кел­генде, бұл фильмнің тағы бір әттеген-айы қия­л­дан ту­ын­даған көркем шындыққа ба­­сым­дық берілу алдыңғы қа­тарға шы­ғып, әншінің на­ғыз өмірінің тарихы мен тау­қым­еті кадр сыртында қалып, тек титрмен шектелуі болды. 

Төртіншіден, қазақтың қай­рат­кер тұл­ғаларының өмі­рі мен өнерінің, ұл­тына сіңірген ерен еңбегінің  кино тілін­де тас­палануына тұңғыш рет Әли­­­дар Өтемұратов сияқты тәу­­елсіз про­­дюсерлердің де­­меу­шілік көрсетіп, фи­­ль­м­нің жарыққа шығуына шын мә­нін­дегі жанашырлық та­­ны­туы. Қалай десек те, қа­зақ киносы, әсіресе тарихи жанрдағы фильмдер қай жа­ғы­нан да қолдауға зәру. Қал­талы азаматтардың қа­зақ өне­рі мен тарихына кезіндегі Есенқұл Маман бай секілді осылай қам­қорлық танытып, қолдауы – қазақ ки­ноөнерін жаңа белеске шығуына жол ашары сөзсіз. Себебі кино түсіру –  тікелей қаржыға тәу­ел­ді кәсіп. Сон­дық­тан да Әлидар Өте­мұ­ратовтың бұл ең­бегі қай жағынан да үлкен құрметке лай­ық. 

Кино түсіру барысында  кет­кен азды-көпті кемші­лік­тер­ді ескермеген­де, жалпы, фильм бар (Ал кет­кен кем­­шілік болашақта әнші жай­лы тү­сі­рілер келесі фильмнің ізде­ні­сіне сабақ болуы тиіс). Қазақтың кино­ше­жіресіне Әміре Қашаубаевтай ұлт арысының өмірі мен теңдесіз өнері­нен сыр қозғайтын алғашқы көр­кем­ туын­ды келіп қосылды. Басты жеңіс осы! 

Назерке ЖҰМАБАЙ, 
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

12.12.2018

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған TEDx форматында жиын өтті

12.12.2018

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

12.12.2018

Астанада Гейдар Алиевті еске алды

12.12.2018

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

12.12.2018

«Жер жәннаты – Ақмола» деп аталатын жинақ жарыққа шықты

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Желтоқсан құрбанын еске алу турнирі өтті

12.12.2018

Сенатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру мәселелері талқыланды

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда цифрлы сүт фермасы іске қосылды

12.12.2018

Қазақ киносының Бауыржанын еске алды

12.12.2018

«Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды

12.12.2018

Павлодар облысында тұрғындар ауыз суды Ертіс өзенінен алуға мәжбүр

12.12.2018

Солтүстік Қазақстанда қарымды қаламгер Мәлік Мұқановтың  мерейтойы атап өтілді

12.12.2018

Маңғыстау полицейлерінің жалақылары өседі

12.12.2018

Отандық автоөндіріс саласының инвесторлары Қостанайда болды

12.12.2018

Конькиден Алматы қаласының біріншілігі аяқталды

12.12.2018

Қыздар университетінде тұрмыстық әлімжеттікке қарсы жиын өтті

12.12.2018

Қазақ спорт және туризм академиясында Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы талқыланды

12.12.2018

Қарағанды облысында 2019 жылдың бюджеті бекітілді

12.12.2018

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

12.12.2018

Шытырман оқиға жазудың жүйріктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

asel (25.04.2018 14:35:19)

жақсы фильм

Пікір қосу