Сенаттың жалпы отырысында үш жылдық бюджет қабылданды

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және басқа да бірқатар маңызды заң жобаларын қабылдады. 

Егемен Қазақстан
27.04.2018 3470
2

Бүйірі толық бюджет

2018-2020 жылдардағы еліміздің басты қаржылық құжатын депутаттар алдында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Қаржы министрі Ба­­қыт Сұлтанов және Ұлттық банк тө­ра­ғасы Данияр Ақышев қорғап шық­ты. 

– Құжатта негізгі макрокөрсеткіштер мен бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланып отыр. 2017 жылы жалпы номиналды ішкі өнім 4 пайызға өсті. Ал биылғы жылдың қаңтар мен наурыз айының аралығында экономиканың өсімі 4,1 пайызға жетті. 2018 жылы мұнайдың болжамды бағасы 1 барреліне 45 АҚШ долларынан 55 долларға дейін ұлғайды. Ал АҚШ долларына шаққандағы теңгенің есептік бағамы 140 теңге деңгейінде сақталды. 2017 жылы нақтыланған базаны есепке ала отырып 2018 жылға ішкі жалпы өнім 57,2 трлн теңге көлемінде болжанады, – деді өзгерістердің себебін түсіндірген Т.Сүлейменов. 

Оның айтуынша, заң жобасындағы өзгеріс ішкі жалпы өнімнің, өң­деу өнеркәсібінің өсуімен де байла­ныс­тырылған. Мұнайдың әлемдік баға­сының өсуінен импорт пен экспорт та арта түседі. Ал инфляция көлемі 5-7 пайыз дәлізінде сақталады. 

Ал Қаржы министрі Б.Сұлтанов құ­жат­тағы негізгі басымдықтар Мемле­кет басшысы жолдауларындағы тапсыр­маларды қаржыландыру мен «Пре­зиденттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыруға арналғандығын атап өтті. 

– Үш жылдық бюджет жобасын қа­лыптастыру кезінде біз кірістердің жиналу болжамын ішкі жалпы өнімге 0,3 пайызға оза жоспарлаған болатынбыз. Сондықтан бұл нақтылауда нақты өсім болжамы ескерілді, – деді Б.Сұлтанов.

Қаржы министрінің баяндауынша, бюджет шығыстары үш негізгі ба­ғыт бойынша жаратылмақ. Біріншісі, Мем­лекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» және «Төртінші өнер­кәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты жол­дау­ларындағы тапсырмаларды жүзеге асыруға 293 млрд теңге көздел­ген. Сондай-ақ Президенттің бес бас­та­масын орындауға 25 млрд теңге жо­с­парланған. Ал бұрынғы міндетте­мелерді іске асыруға 99 млрд теңге бағыттау жоспарланған.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев өз баяндамасында баға тұ­рақ­тылығын қамтамасыз етуге, инфляция­ны жоспарлы дәлізде ұстап тұруға басымдық беретіндіктерін атап өтті. Мәселен, наурыз айында инфля­ция көлемі 6,6 пайыз көлемінде тір­келген. Бұл – алдын ала белгіленген бол­жамның шамасы. Ал бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша инфляция өт­кен жылғыдан төмен болған. 

Д.Ақышев 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында банктердің халыққа берген несиесінің көлемі 2017 жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 23 пайызға өсіп, 2,7 трлн теңгеге жет­кендігін атап өтті.  Ал наурыз айының соңында экономиканы несиелеу көлемі  12,6 трлн теңге болған. 
Ел азаматтары соңғы жылдары жи­нағын сақтау кезінде ұлттық ва­лю­таға басымдық беретін болған. 

Субсидиялар сүзгіден өтеді

Сенаторлар үш жылдық бюджет жо­басының авторларына ел­дегі қа­лыптасқан әлеуметтік-экономи­калық ахуал бойынша сауалдарын қойды. Мәсе­лен, Сенат депутаты Мұ­рат Бақтиярұлы 2018 жылы ауыл ша­руа­шылығын суб­сидиялауға қомақты қар­жы бөлі­нетіндігін айта келе, оны бөлу тәртібіндегі өзгерістер туралы сұрады. 

Бұл сауалға жауап берген Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев «Бізде ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесі өте күрделеніп кеткенін өздеріңіз білесіздер. Қазір субсидияның 54 түрі бар. Министрліктің негізгі ұстанған бағыты – бұл субсидияларды жеңілдету. Биылдың өзінде 42 субсидияны қалдырмақпыз, оның ішінде тиімсіздерін қысқартып, тиімділері қалдырылады. Ең бас­тысы, несие пайызын төмендету мәселесіне көбірек көңіл бөлеміз. Одан кейін инвестициялық субсидияларды көбейтеміз», деп жауап қайтарды. 
Ол, сондай-ақ бұрын гектар, тонна мөлшеріне берілетін субсидиялар барынша азайтылатындығын да атап өтті. Ал мал шаруашылығында ет пен сүт өндірушілерге ерекше қолдау көрсетілгелі отыр. Ө.Шөкеев сонымен қатар суармалы жерлерді игеруге басымдық берілетіндігін жеткізді. 

Жалпы, субсидия тұрғысындағы мәліметтер Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернеттегі ресми парақшасында орналастырылған. 
Ал сенатор Нұрлан Қылышбаев аталған заң жобасында Президенттің бес бастамасы бойынша өз-өзін еңбекпен қамту және жұмыссыз тұрғындар арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға бөлінетін 20 млрд теңгенің тағдырына байланысты алаңдаушылығын жеткізді. Оның пікірінше, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ақпаратына сәйкес, 2017 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша жалпы құны 1 млрд 200 млн теңгеге 15 мың адам оқытылған. Барлығы 314 адам несиеге ие болған. 2018 жылы 2 млрд 400 млн теңгеге 30 мың адам оқытылып, 14 мың адамды несиелеу жоспарланған. Осы орайда депутат оқытылғандар мен несиеленген адамдар арасындағы алшақтыққа назар аударып, оқытудың тиімділігі туралы сұрады. 

Бұл сауалға да Үкімет басшысының орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жауап беріп, аталған бағдарламаның маңызды екендігін атап өтті. Оның айтуынша, «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы оқығандарды міндетті түрде несиелендіру қағидасы жоқ. Дегенмен, бірінші кезекте несие алушының жағдайы, кепілге қойылатын дүниесі де есепке алынады.

13 мың үй кепілге қойылған

– Биыл ауыл шаруашылығын қолдау ұйымдары арқылы тұрғындарды несиелеуге 44 млрд теңге бөлініп отыр. Біздің жоспарымыз бойынша 11 мыңдай несие беріледі. Бірақ жаппай несиелеудің өзіндік қаупі де бар. Былтыр жеке шаруашылықтар кооперативтерге кірер кезде үйлерін кепілдікке қойды. Қазір осындай 13 мың үй кепілде тұр. Ал егер ертеңгі күні ол шаруашылықтар қаржыны қайтара алмаса, үйлерін сатуға тура келеді. Оның қандай әлеуметтік жағдайға алып келетіндігін болжаудың өзі қиын, – деді Ө.Шөкеев. 

Заң жобасын талқылау барысында сенатор Динар Нөкетаеваның әлеуметтік салаға бөлінетін шығыстар азайып кеткендігіне байланысты сауалына орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова елдегі демографиялық ахуалдың жайын айтып берді. 

Нақтырақ баяндасақ, бала тууына арналған біржылдық жәрдемақы және бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне ай сайынғы жәрдемақы көлемі кемімеген. Алайда, 2017 жылы туу  19 мың балаға азайған.  Оның үстіне өткен жылдары елімізде үшінші, төртінші балаларын дүниеге әкелетін отбасылар саны да  азайып кеткен. 

Жалпы, сенаторлар әскери оқу орын­дарының материалдық-техни­калық және оқу-әдістемелік базасын жаңар­туға қаржының аз бөлінетіндігі, екінші деңгейдегі банктерді сауықтыруға байланысты да мәселе көтерді. 

Талқылаулар қорытындысы бо­йын­ша заң жобасы бірауыздан қабыл­данды. Жалпы отырыста сон­дай-ақ Инвестициялар жә­не даму министрі Жеңіс Қасым­бек таныстыр­ған «Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі мен Америка Құрама Штат­тарының Үкіметі ара­сындағы мемле­кеттік әуе кемелеріне аэронавигация­лық қызмет көрсету үшін төлемақы алуға қатысты келісімді ратифика­ция­лау туралы» және Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаме­диұлы таныстырған «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қабылданды.

Алғашқы аталған құжат бойынша қос мемлекеттің бортында үкімет делегациясы бар мемлекеттік әуе кемелерін аэронавигациялық алымдардан босату көзделген.

Ал осыдан 20 жыл бұрын қабыл­данған архив ісін жүргізу және дамытуға бағытталған заңның жаңа нұсқасында саланы жаңғырту мен жетілдірудің заман талабына сай тетіктері қамтылған. 

Жиын барысында депутаттар тарапынан орталық атқарушы органдарға депутаттық сауалдар да жолданды.

Серік ӘБДІБЕК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.11.2018

Партия қызметі уақыт талабына сай болуы тиіс

15.11.2018

Мықтылармен бәсекелесе алмадық

15.11.2018

Әлеуметтік-еңбек саясатының маңызы зор

15.11.2018

Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкім

15.11.2018

Әлемдік әдеби сыйлықтар

15.11.2018

Бізге белгілі әрі белгісіз Горький

15.11.2018

Елбасы кітапханасының көшпелі қоры көрмесі – Ақтөбеде

15.11.2018

Қазақстан Республикасы Президентінің Жастар жылын жариялау туралы Жарлығы

15.11.2018

Qala jáne qazaq

15.11.2018

Pálsapa – таза ойлау жүйесі

15.11.2018

Заң жобалары мақұлданды

15.11.2018

Елбасы халықаралық биржаның алғашқы сауда-саттық рәсімін бастап берді

15.11.2018

Жемқорлықпен күрес жайы талқыланды

14.11.2018

Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды

14.11.2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті

14.11.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

14.11.2018

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды

14.11.2018

Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды

14.11.2018

Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты

14.11.2018

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу