Америкада дәріс оқитын қазақ қызы

1993 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалып, сол уақыттан бері көптеген қазақ жас­тары шетелдің озық оқу орындарында білім алып келе жатқаны белгілі. Осындай жастардың бірі өскемендік Райхан ТОҚПАТАЕВА «Болашақ» бағдарламасы арқылы 2010-2011 жылдары Американың Индиана штатының Уэст-Лафейетт қаласындағы Purdue университетінің магистратурасын тәмамдаған болатын. Содан кейін елге оралып, Астанадағы Назарбаев Университетте 2012 жылдың соңына дейін жұмыс істеген бойжеткен қазір АҚШ-тың жоғарыда аталған оқу орнының PhD докторантурасында оқиды. Жақында Өскеменге қысқа мерзімге демалысқа келген «Болашақ» түлегімен аз-кем сұхбаттасудың сәті түскен еді.

Егемен Қазақстан
13.06.2018 1110
2

– Райхан, сіз Purdue уни­­вер­­ситетінде шетелдік сту­дент­терге инженерлік мате­риал­дар пәнінен сабақ береді екенсіз.

– Әңгімемізді бастамас бұрын осы мүмкіндікті пайдаланып, қаншама қазақ жас­­та­рының шетелде білім алуы­на мүмкіндік берген елі­мізге, Мемлекет басшысына алғысымды білдіргім келе­ді. Өзіме келер болсам, қазір аталған университеттің азаматтық құрылыс факульте­тінде материалтану, оның ішін­де бетонның жаңа түрлері бойынша дәріс оқимын. PhD доктор болсам да қызметкер ре­тінде жұмыс істеймін. Мұн­да докторанттарға студент ретінде қарамайды, қызмет­кер ретінде қарайды. 

– Өскемендегі Д.Серік­баев атындағы Шығыс Қа­зақ­стан мемлекеттік уни­вер­си­тетінде білім алға­ныңыз­ды білеміз. Сабақ беру барысында айырмашылықтарды аңғарған боларсыз.

– Мен қазір жұмыс істеп жүрген азаматтық құрылыс факультетінің құрамына көлік-логистика саласы да енеді. Бір байқағаным, мұнда үй салмас­ бұрын тұрғызылатын жер­­дің топырағын зерттеу­ге ерек­ше мән беріледі. То­пы­рақ­тың құрамы жан-жақ­ты тексеріледі. Тағы бір аң­ғарғаным, бізде бір профессор асфальттан да, керамикадан да сабақ жүргізе беретін бол­са, бұл жақта олай емес. Оқы­тушылар бір салаға ғана маманданған. Керамикадан дәріс беретін профессор бетоннан сабақ бермейді. 

Америкадағы университет­тердің біздің елдегі жоға­ры оқу орындарынан айыр­ма­шы­лығы, бәлкім артық­шылығы әртүрлі мекеме­лер­мен бірле­се жұмыс іс­тей­ді. Мәселен, Purdue уни­­­вер­ситеті жолға, құры­лыс­қа қатысты ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан. Біз­дегі «Қазавтожол» секілді жол­ға жауапты мекемелер уни­верситетке тапсырыс береді. Мысалға, құрылыс бары­сындағы орын алған кем­шіліктерді анықтау үшін уни­верситеттің көмегіне жүгінеді. Үшінші тарап ретінде. Мұ­ның пайдасы не дерсіз? Біріншіден, үшінші тарап бейтарап қөзқарас ұстанады. Тамыр-таныстық, бармақ бас­ты, көз қыстылық болмайды. Екіншіден, студенттерге ақы төлейді. Олар сабақ қана оқы­майды, табыс табады.

– Шетелдік студенттерге дәріс беріп жүрсіз. Олар­дың сабаққа қатысуын, қызы­ғушылығын қалай баға­лайсыз?

– Америка – эмигранттар елі. Жан-жақтан келетін адам көп. Содан да болар, студенттер арасында бәсеке­лестік өте жоғары. Ірі компаниялар студенттерді 2-курс­тан бастап өндірістік тәжі­рибеге шақырады, жалдайды, ақшасын төлейді. Әрине оған кез келген студент қа­былданбайды. Қойылар талап күшті. Сондықтан студент­тер сабақтан қалмауға, жақ­сы оқуға тырысады. Онда «университетті әйтеуір бітір­сем, диплом алсам болды» де­ген көзқарас жоқ. Студент өзі үшін оқиды. Біздегідей «Бір топта оқимыз, топтаспыз, доспыз» деген де ұғым жоқ. Бір-бірін бәсекелес ретінде көреді. Сабақта бір-бірінен көшірмейді. Көшіруге жол бермейді. Көшірген жағдайда бір-бірін көрсетіп отырады. Плагиат, интернеттен көшіріп алу дегеніңіз кешірілмейді ол жақта.

Америкада студенттер пән­­­ді, мұғалімді өздері таңдай алады. Сонымен қатар семестр сайын оқытушыларды әр сабақ бойынша бағалайды. Бұл бағалаудың маңызы жоға­ры. Келесі семестрде ассис­тент боласың ба, болмайсың ба, оны студенттер шешеді. Сондықтан оқытушылардың студенттер алдындағы жауап­кер­шілігі өте жоғары. 

– Демек, оқытушыларға қойылар талап күшті. 

– Иә, Америкада универ­ситет­ке жұмысқа тұру оңай ша­руа емес. Іріктеу бір­не­­ше кезеңнен тұрады. М­ә­се­­лен, сіз докторантура бі­тір­­діңіз бе, әуелі универ­си­тет­ке түйіндемеңізді ұсы­на­сыз. Түйіндемеңізді жақсы­лап қарағаннан кейін әңгімеле­суден өтесіз. Одан соң кампус­қа келіп, бір күн лекция оқи­сыз. Оған студенттер де, профессорлар да қатысады. Содан кейін барып қана тиісті шешім шығарылады. 

– Сіз 2017 жылы үз­дік оқы­тушы ретінде Эстус және Вашти Магун атын­да­ғы сыйлықпен, бетон жа­бын­­дылары саласындағы ғы­­лыми зерттеуіңіз үшін Аме­рика бетон жолдары қауым­дастығының грантын және материал саласындағы ғылыми зерт­теуіңіз үшін Виллиям Долч атындағы грантты екі мәрте (2013, 2016 жылдар) иелен­ген екенсіз. 

– Мұнда университеттің оқытушыларын ынталандыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Жоғарыда аталған Эстус және Вашти Магун деген кісілер Purdue университетінің түлектері. Түлектері ғана емес, тұрақты демеушілері. Олар жыл сайын үздік көрсеткішке ие оқытушыларға сыйлық тағайындайды. Ал Виллиям Долч осы университетте профессор болып қызмет атқарған. Ол кісінің атындағы грант та жыл сайын тағайындалып отырады. Ол жақта университетте сабақ беретін әрбір профессордың жеке зертханасы бар. Оларға зертханасын жабдықтау үшін көтерме ақы беріледі. 

– Оқытушылар жайында айтып қалдық қой. Олардың жұ­мыс жүктемесі қалай? Біз­­дегідей қағазбастылық бар ма ол жақта?

– Оқытушылардың жұмыс жүк­темесі өте төмен. Қағаз тол­­тыру мүлде жоқ деуге бо­ла­ды. Мұнда бәрі онлайн. Жұ­мыс­тардың барлығы компью­тер арқылы атқарылады. Қа­ғаз­дан бас көтермей, шар­шап-шалдығып жүрген профессорды көрмейсің. Олар уақытының көп бөлігін ғы­лым­мен айналысуға, зертханасын, магистрант, докторант­тардан тұратын ғылыми тобын басқаруға, өндіріспен бай­ланыс орнатуға, зерттеу грант­тарына өтінім дайын­дауға жұмсайды. Бір семестрде бір ғана пән жүргізеді. Ла­бораториялық жұ­мыстарын біз, ассистенттер, жүргіземіз. Әрбір кафедрада өзінің әдіс­керлері болады. Қағаз жұмыс­тарымен негізінен солар шұ­ғыл­­данады.

– Докторантураны тә­мам­­даған­нан кейін елге қай­­туды жоспарлап жүрген боларсыз?

– Иә, Алла сәтін салса,­ бұған дейін өзім жұмыс­ істе­ген Астанадағы Назар­баев Уни­верситетке оқытушы­лық­қа баратын шығармын. 

– Әңгімеңізге рахмет.

 Әңгімелескен 

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.10.2018

Ілбісті атқанға 5 миллион теңге айыппұл салынады

23.10.2018

Қазақстан қоржынында – 10 медаль

23.10.2018

Алматыда қонақ үйдің күзетшісін соққыға жыққан бұзақылар тұтқындалды

23.10.2018

Әдемінің әуенге толы суреттері

23.10.2018

Хәлің қалай, халық театры?

23.10.2018

Севильдік шаштараз шаш қимайды...

23.10.2018

Петропавлда сұйытылған газ жетіспейді

23.10.2018

Залесский: «Қазақ даласының өмірі»

23.10.2018

Жаңа құжат туризм секторына серпін бере ме?

23.10.2018

Жолдау-2018: Мамандар бастамаға қолдау көрсетуде

23.10.2018

Жолдауда айтылған өзекті мәселелер сөз болды

23.10.2018

Жаңа міндеттер жүктейді

23.10.2018

Балалар жылы жастар жылына жалғасады

23.10.2018

Қазақстанда еңбек кітапшасы алынып тасталады

23.10.2018

Павлодарға «Қайсар» келіп, «Ертісті» жеңіп кетті

23.10.2018

Ономастикадағы отарсыздану ойландырады

23.10.2018

Ортағасырлық қалалар әлемдік мәдениетке үлес қосты

23.10.2018

Қ. Әбдірахманов Қырғызстанның жаңа СІМ басшысын құттықтады

23.10.2018

Жолдау жете түсіндірілуде

23.10.2018

Қоғам қайраткері Талғат Кеңесбаев дүниеден өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Tulǵalardy mansuqtaýda qandaı maqsat bar?

Elbasy Nursultan Nazarbaevtyń «Bola­shaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵ­darlamalyq maqalasy – halyq tarapynan úl­ken qoldaý tapqan, kópshiliktiń yqylasy zor bolǵan bastama. Baǵdarlamanyń arqasynda hal­qymyzdyń mol rýhanı murasy qaıta jańǵyryp, tarıhymyz túgendeldi. Osy jobanyń aıasynda tól ádebıetimiz ben mádenıetimizdiń shetelderde nasıhattalýy, sheteldiń túrli saladaǵy eń mazmundy kitaptarynyń aǵylshynshadan tikeleı qazaq­shaǵa aýdarylyp, qalyń oqyrmanǵa tabystalýy da buryn-sońdy bolmaǵan is.

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу