ӘЧ-2018: Жапония-Колумбия ойынын 36 миллион адам тамашалады

Бәсі қызып тұрған футболдың басты біріншілігінде көш бастаған құрамалардың есімдері белгілі бола бастады. Плей-офф сатысына өткен командалар белгілі. Уругвай мен жарыс қожайыны Ресей өз қарсыластарын күтеді. Жақын арада бұл тізімге тағы да екі команда қосылуы тиіс.  

Егемен Қазақстан
22.06.2018 4914
2

Ресейдің жеңісті жолын Уруг­вай жалғастырды. Әлемнің екі дүр­кін чемпионы Уругвай Сауд Арабиясын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Екі ойын­ды да жеңген ұжымдар «В» то­бының серкелері Португалия мен Испанияны күтеді. Олар да өз­де­рінің екінші ойындарын­да 3 ұпайдан еншіледі. Дең­гейі жоғары футболшылар Пире­ней тү­бегінің аяқдопты зор мең­гер­генін көрсетті. Бір гол со­ғып, қорғанысты мықтап бекіт­кен екеуі плей-оффқа бір табан жа­қын­дады. Дегенмен Испания-Иран арасындағы ойында Парсы шығанағының шеберлері Пиреней түбегінің футболшыларынан еш қай­мықпады. Тіпті жауапты голды да соқты. Алайда азиялық ойын­­шылар тәртіп бұзып алыпты. Әйтпегенде, «қызылбастар» елі­­нің аяқдопшылары қор­жын­да­рына 1 ұпай салып қайтар ма еді?

Уругвай болса күшін аяп, бар ын­тасын көрсетпеді. Саудия­лық­­тар өз мүмкіндігін пайдала­на алмай, біріншілікпен ерте қош­­­тасты. Топтан шығатын еш мүм­­кін­дік қалмады. Мысыр, Са­уд­ Арабиясы, Марокко коман­да­­­­лары топтық кезеңнен әрі өте ал­майды. Енді олар үшінші мат­чт­а­рын тек абырой үшін ғана ой­най­ды. 

Ресей құрамасын жер-жебі­рі­не жеткізіп сынаған жергілікті бас­пасөз қазір орыс ойын­шы­ла­рын қолды-аяққа тұрғызбай мақ­тап жатыр. «Головин шын талант», «бапкеріміз дарын иесі» деп асыра мақтап та жазды. Чемпионат алдында сын садағына іліп, құрамаларын құр­­дымға жіберіп отырған жа­зар­­манның енді бұлайша құбы­луы­ның сыры неде? Футбол са­рап­шылары бұл әрекетті шамамен тұспалдап, «алдын ала жасалған жоспарлы шар-
уа» деп баға берді. Бұл шамамен «өзі­міз жасаған тойда, мақтаулы қыз­дың күйін кешпейік» деген қам-қарекет секілді көрінеді. Ресей­дің басты командасы өз то­бы­нан шыға алмаған жағдайда мас­қараның көкесі болар еді. Ен­ді бір сыннан мүдірмеген көр­шілеріміз плей-оффтың ауыр өткелінен өтуді көздейді. Се­бе­бі осы жеткеніміздің өзі қаһар­ман­дық деп, Португалия неме­се Испанияға қарсы ойында «ти­се терекке, тимесе бұтаққа» дегелі отыр. Мойындарынан ауыр жүк түскен соң – ал шауып көр. Ресейлік ойыншылар шын мәнісінде қазір жасыл алаң­да шапқылап жүр. Фут­бол­ды жік-жігімен талдайтын агенттіктер сараптама беріп, сан­дарды сөйлетті. Ресей ойын­шы­­сы Александр Головин осы чем­­пионатта әзірге ең көп жү­гір­­ген футболшы. Ол Сауд Ара­бия­­сына қарсы өткен ойында 12 ша­қырымнан астам қашықтыққа жүгіріп тас­­­тапты. Өзге құрамалардан қа­рар болсақ, бұл тізімнен Крис­ти­ан Эриксенді көзіміз шалады. Дат фут­болшысы алаңда 12 шақы­рым­ға жетеқабыл жүгіріпті. 

Халықаралық футбол той­ла­рын­­да атой салып үйреніп қал­ған Криштиану Роналду да тағы бір рекорд жаңартты. Ол 12 ірі жарыста гол соққан футбол­шы. Марокко қақпасына бас­пен гол соққан атақты ойыншы қазір біріншіліктің басты сұр­мер­гені. Оның еншісінде 4 гол. Бұл жағдайдан Испания шабуылшысы Диего Коста Иран қақпасына доп соғып қалысар емес. Тегі бразилиялық бол­ға­ны­мен, жүрегі Испания деп соға­тын адуынды шабуылшының есе­бін­де 3 гол бар. Шамасы, екеуінің текетіресі ұзаққа созылады-ау. 

Соңғы күндері футбол тойында жапониялықтар жайлы көп ай­тыл­ды. Жапония-Колумбия ара­сындағы ойынды Күншығыс елін­де бүкіл халықтың 63,79 пайы­зы көріпті. Одан бөлек те елде­рдің жалпылама рейтингін есеп­тегенде бұл матчты 36,62 миллион адам тамашалаған. Бұл әзір­ге Әлем чемпионатындағы ең жоға­рғы көрсеткіш. Әрине егер Жапо­ния­ның орнында Қытай не­ме­­се Үндістан ойнағанда рейтинг одан да жоғары болар ма еді? Се­бебі өз құрама командасының ойын­ын әр мемлекет түгелімен тамашалауға тырысуда. Футболмен тыныстайтын Бразилия билігі тіпті Ней­мар­­лар жасыл алаңға шыға­тын күн­ді демалыс етіп жариялап, кей­бір аудандары жұмыс күнін қысқартып тастады. 

Ермұхамед МӘУЛЕН,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.11.2018

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

20.11.2018

Қайырымды қала тұрғындары тегін дүкен ашты

20.11.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Албания Республикасының Еуропа істері және сыртқы істер министрімен кездесті

20.11.2018

Қ.Тоқаев Албанияның Еуропа және сыртқы істер министрі Д.Бушатиді қабылдады

20.11.2018

Павлодардағы электр қуаты 4 процентке төмендеді

20.11.2018

Түркі киносын әлемге таныту тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті

20.11.2018

Атырауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде көшелерді жарықтандыру жобасы іске асырылады

20.11.2018

Павлодарда Елбасының өмірі туралы көрініске әртістер таңдалуда

20.11.2018

Түркістанда «Agrofest – 2018» фестивалі өтті

20.11.2018

Албанияның Сыртқы істер министрі Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді

20.11.2018

«Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Жетпіс мың адамның жалақысы өседі

20.11.2018

Алматыда жаңа комедиялық фильмнің тұсауы кесілді

20.11.2018

Түркістан аймағының Берлинде басылған көне картасы

20.11.2018

Алматыда «Құлагер» ұлттық жүлдесі табысталды

20.11.2018

Талғат Ешенұлы. Жүрегі бар жалғыз үй

20.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Дінзухра Тілендиеваны қабылдады

20.11.2018

Қазақ ғалымы Швецияда су тазартудың экологиялық таза әдісін ойлап тапты

20.11.2018

«Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» басқармаларының жаңа төрағалары тағайындалды

20.11.2018

Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея басшылығымен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу