Қазақстан • 05 Шілде, 2018

Н.Нұрсипатов «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық бөлімшесінде азаматтарды қабылдады

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Нұржан Нұрсипатов «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық бөлімшесінде азаматтарды қабылдады.

Н.Нұрсипатов «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық бөлімшесінде азаматтарды қабылдады

Қабылдау барысында Павлодар облыстық экология департаменті лабораториялық-талдау бөлімінің басшысы Ерік Егімбаев жобалық құжаттарды әзірлеу барысында экологиялық мониторингті автоматтандыруды қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ Павлодар облысындағы аудандық маңызы бар және ауылдық дәрігерлік мекемелердің негізгі тарифтерін өзгерту туралы мәселе көтерілді. Шарбақты аудандық мәслихатының депутаты Людмила Маринко біздің елімізде Ресей Федерациясының үлгісінде ана капиталы жүйесін енгізу мүмкіндігі туралы өз ойларын ортаға салды. Қабылдау барысында айтылған сауалдарды Сенат депутаты назарда ұстайтын болды.

Н.Нұрсипатов сондай-ақ партияның облыстық бөлімшесіндегі Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен жұмыс бабындағы кездесу өткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған партияның бағдарламасын, «Нұр Отан» партиясының және еліміздің Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ынтымақтастық туралы меморандумы аясында бірлескен шаралар жүргізу жоспарын іске асыру, Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының орындалуын партиялық бақылауды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45