Естіні сүйсіндірер ескі сурет (ғибрат)

Елге барған кезім еді. Жолда Жидебайға тоқтадық. Онда бізді жазушы Кәмен Оразалиннің ұлы, композитор әрі ақын, Абай аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Елдар Оразалин қарсы алып, бірден Абай-Шәкәрім кесенесіне қарай бет алдық. Қасымызда бір топ адам. Қастерлі туған жер... Біреулерге бәлкім қызықсыз көрінгенімен маған ыстық. Әр тасына, әр шөбіне үңіле қараймын.

Егемен Қазақстан
09.08.2018 2139
2

Сонымен Жидебайдағы Абай, Шәкәрім кесенесіне қарай бұры­лып келеміз. Қасымыз­дағы жазушылар – орыс ұлтының өкіл­дері. Атап айтқанда, жазушы Кәмен Оразалинмен көзі тірісінде қатты сыйлас бол­ған, дәл қазіргі уақытта өзінің жаңа кітабы «Звез­дная степь Жидебая» атты шығар­масының тұсаукесерін Абай елінде жасауды жөн көріп, біз­бен бірге сапарлас болып келе жат­қан өскемендік жазушы, орнитолог Борис Щербаков пен осы кітап­тың редакторы Генна­дий Пус­сеп және Қазақстанның Мә­де­­ниет қайраткері Алдияр Әубәкіров.

– Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы маңызды тараулардың бірі – «Туған жер» жобасы. Оны жүзеге асыру үшін Шығыс Қазақстан облысында, Абай ауданында да қауырт жұмыстар қолға алынып жатыр. Осыған орай салт-дәстүрлерімізді, тілімізді, музыкамызды, әдебиетімізді келер ұрпаққа жеткізу үшін Елбасымыз айтқандай, Абай­дың даналығы, Мұхаңның ғұла­малығы, Жамбыл­дың жыр­лары мен Құрман­ғазы­ның күйлері, ғасырлар қой­науынан жеткен бабалар үні, барлығы да ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс, – дейді Елдар Оразалин.

Сонымен орысымыз бар, қазағымыз бар, барлығымыз­дың әңгімеміз жарасып, Абай-Шәкәрім кесенесі басына да жеттік. Алдияр Әубәкіров ағамыз ұлылардың әруағы­на Құран бағыштады. Абай, Шәкәрім, Мұхтар жайлы естеліктер айтылды. Бұл кесененің құрылысы Қазақ­стан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы негiзiнде 1993 жылы басталып, 1995 жылы ЮНЕСКО көлемін­де Абайдың 150 жылдығын тойлаған кездері салынғаны баршаға аян.

Кенет осы Абай, Шәкәрім кесенесінің кіреберісіндегі бір бұрышта жәй ғана елеусіз түр­де ілініп тұрған суретке көзім түсіп кетті. Көпшілік кесененің мәрмәр тасын, ішінің амфитеатрын, тағысын тағы ғажайып­тарын айтып, тамсана әңгімелеу үстінде. Мен фотосуреттен көз алмай жақындай келе шұқшия қарадым. Менімен бірге көлік жүргізушіміз де келіп қарады да, таңдана бас шайқады. Дереу қолындағы қалта телефонына суретке түсіріп алды. «Керемет тарихи фотосурет қой!» деп тамсана бас шайқады ол. Біз ерекше қызығып тұрған бұл не сурет десеңізші?

Бұл фотосуретке Мұхтар Әуезов бір топ серіктерімен бірге Абайдың құлпытасы бар зира­тының алдында түсіпті.

Айтпақшы, мына Абай, Жидебай кесенесі 1995-1996 жылдары осы Абай зиратының үсті­не салынған ғой. Осы кесене тұрғызылғанға дейін бұл жерде Абай мен інісі Оспан­ның кішкене төрт құлақты бейіті болса керек. Бас кезінде бейіт қоршалмай, қараусыз қа­лып, жермен-жексен болып бара жатады. Мұны байқаған Мұхтар Әуезов 1940 жылы ұлы ойшылдың 95 жыл­­дық мерейтойы қарсаңын­да өзі Жидебайға арнайы келіп, Абайдың төрт құлақты ескі бейі­тін жөндетіп, латын, кирил­лица әріптерімен жазып, сол заман­дағы жаңаша үлгімен басына құлпытас қойғызады. Құл­пытасқа Мұхаң латын қар­пімен былай деп жазғызады: «Ибраһим Құнанбаев АБАЙ Қазақтың ұлы ақыны, жаңа данышпан ойшылы 10 август, 1845 ж., 23 июнь 1904 ж,.». Астына осы сөздерді орыс тілін­де кириллица әріптерімен де бергізген.

Абай, Шәкәрім кесенесі салынған кезде зират басын­дағы Мұхаңның осы орнат­қан құлпытасын әлдебір «сәу­летшілер» шығарып тастатып, тек қарапайым халықтың, ауыл ақсақал-ардагерлерінің «бұларыңыз дұрыс емес қой, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов қойдырған Абай зиратының құлпытасын неге шығарып тас­тайсыздар, ішке кіргізіңіздер» деген өтінішінен кейін ғана зәулім кесененің кіреберісіне кіргізсе керек. Бірақ әрі қарай өтсеңіз, Абай мен Оспанның басында басқа жаңа құлпытастар тұр. Тек кесенеге кіреберісте ғана дәл алдыңыздан осы құлпы­тас шығады. Ал бір бұрыш­та Мұхаң­ның осы құлпы­таспен түскен суреті тұр.

Құлпытас 1940 жылы жасал­ғанмен, фотосурет 1957 жылғы болып шықты. Жидебайдан кеш түсе Қарауылға да жетіп, Абайдың Ырғызбайдан бір туысатын аталас туысы, еңбек ардагері Манатай Балта­қай­ұлының үйінде қонақта болдық. Манатай аға суреттің тарихын талдай айтып берді.

– 1957 жылы Мұхтар Әуезов­­тің 60 жасқа толған мерей­тойы туған жері Семей мен Абай ауданында кеңінен аталып өтілді. Ол бір топ жолдастарымен келіп, Жидебайдағы Абайдың зиратына тағзым етті. Зират басындағы сонау 1940 жылы өзі қойғызған ескі құлпытасты орталарына алып, фотосуретке түсті. Иә, байқап қарасаңыздар 17 жыл өткенде де Абайдың туған, өлген жылдарына байланысты деректерін ол өзгерткен жоқ, – деді Абай ауданының құрметті азаматы, бала кезінен Мұхтар мен жұбайы Валентинаның үйінде өскен, жазушыны көзі көрген ақсақал Манатай Балтақайұлы көзіне жас алып, осының бәрі Мұхтардың энциклопедиясында да тұр. Сурет бойынша, Мұхаңның қасындағыларына тоқталсам, мұнда Есмағамбет Смайылов, сол кездегі ЖенПИ-дің ректоры Мәстура (Мәскен) Сармурзина, Ғали Орманов, Қалибек Қуанышбаев және Мұхтар Әуезовтың шәкірті, аспирант Мұхтар Жанғалиндер де бар. Суретте де көрініп тұр. 1940 жылғы тасқа Мұхтар Әуезов оның 10 тамызда туғанын кириллицада әрі латын нұсқасында жазғыз­ған. Мұны жазғызбастан бұрын осы деректі менің ағам Әрхам Кәкітайұлы Ысқақов­тан бірнеше рет сұратқан еді. Бай­­қап қарасаңыздар, Мұхаң «жаңа данышпан ойшылы» деп жазғызады. Яғни құл­пытастағы Абайдың туған, өлген жылы, күндерін көрсете­тін деректер жаңа әрі нақты екен­дігі белгілі. Өйткені Мұхаң өте сауатты, классик жазушы ғой. Оның деңгейіндегі жазу­шы қазақта енді тууы екіталай. Абай­дың туған күнін біз Мұхтар Әуезов, Әрхамдардың, Кәмен Ораза­лин­нің кезінен тамыздың 10-ы күні атап өтетінбіз. Мен Алма­тыда оқығанда Мұхаң­ның қой­нында өскен, оны құшақ­тап, бауырында ұйықтаған адаммын. Ал елде болса, Әрхам Кәкі­тай­ұлы ағамның бауырында өстім. Тіпті Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әлем бойынша Абайдың туған күнін 1995 жылы тамыздың 10-ы күні деп, ЮНЕСКО аясында атап өтті. Осындай тарихи іздерді жоюға, Президенттің жасаған тарихи шешімдерін, Жарлықтарын өзгертуге болмайды. Абайдың туысы ретінде мен үшін тамыздың 10-ы атам­ның туған күні болып қала бере­ді. Бұл суреттің қысқаша тарихы осы.

Әрхам Кәкітайұлы Абай туыс­тарының ішінде әкесі Кәкі­тайдан кейін ақынның өмір­баянын жазуға, мол мұрасын жинақтауға Мұхаңа көмектескен жан. Ол 1885 жылы туып, 1962 жылы өмірден қайтқан. Абайды тікелей көзі көріп, бауырында өскен. Әрхам атамыз ақын­ның туған күнін «Абайдың өмір жолы» жазбасында 1958 жылдары былай деп көрсетеді:

«...Құнанбай ауылы Қасқа­бұлаққа келіп қонғаннан кейін 1845 жылы ескіше 10-әугуст күні Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжан толғатып, бір ұл дүниеге келеді».

Байқап қарасаңыздар, жазбада қазақтың «тамыз» айы «әугуст-август» деп тұр. Яғни бұл Кеңес өкіметі тұсында жазылған, өйткені ол уақытта бәрі­міз де айлардың атын орысша атайтынбыз. Манатай Бал­та­қай­ұлының айтуынша, Әрхам ағасы кириллицаны, латынды біраз білген­мен, көбіне араб қарпімен жазуға қолы жүйрік екен.

Қазақстанның Мәдениет қай­раткері, «Қаламқас» халық­тық ансамблі­нің әншісі Бақыт Шағатаева былай дейді:

– Мен Кәкітайдың, Әрхам­ның тікелей ұрпағымын. Абай­дың «Атадан алтау, анадан төртеуіне» мен де кіремін. Абай­мен бір әке, бір шешеде туы­сатын Ысқақ, одан Кәкі­тай, одан Әрхам, одан Шаға­тай, одан мен туамын. Ата­ларым Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлы ең алғаш Абайдың кітабын 1909 жылы Санкт-Петербург қаласынан шығарды. Біздің отбасының тарихы тереңде жатыр. Туған ағам Төлеген Шағатаевтың айтуынша, Әрхам Кәкітайұлы атамыз қайтыс боларының алдында бір оқиға болыпты. Төлеген ол кезде 15-16 жаста екен, Әрхам атам оған өзінің Абай туралы естелігіндегі «ескіше» деген сөзді түзеп қоюды тапсырады. Себебі, Мұхтар Әуезов 1939 жылы Алматыда болғанда, Әрхам атамнан Абайдың туған күнін бірнеше мәрте сұратқан екен. Оның сұрағына Әрхам атам «10-ыншы тамыз» деп жауап бергенін айтыпты. Бұл зираттың басын көтеретін 1940 жылдың алдында болған, яғни Абай атамның 95 жылдығы қарсаңындағы оқиға. Өздерің суреттен байқаған, Мұхаң бір топ жолдастарымен түскен құлпытасқа Абайдың туған-өл­ген күнін, жылын жазу қажеттігі­нен туындаса керек. Мұхаң мен Әрхам атам үнемі бір-бірімен хабарласып, ақылдасып отыратын. Ал кейінірек, 1959-1960 жылдары Мұхаң Әрхам атама оның жазбасындағы «Ескіше 10-әугуст» деген сөздегі қателікті байқап, «ескіше, жаңаша» деген мағыналарды түсіндіре­ді.

Бірақ көне естелік қолмен жазылғандықтан сол күйі қалып қойды. Әрхам атам оны араб тілінде жазған, тіпті «төте араб» қарпі де емес, арабтың қаддым-жәдит үлгісі. Кеңес заманында оны басатын, түзететін машинка жоқ. Қазіргідей компьютердің заманы емес. Әрхам ата 10-ыншы тамызды ескіше де, жаңаша да «бір күнде» болады деп ұққан екен. Арасында қанша күн айырмасы болатындығын ол кісі қатты есепке алмаған. Тек Мұхаң ғана Әрхам атама Григориан күнтіз­бесі­мен Абай туған ХІХ ғасырда айыр­машылық 12 күн, ал одан кейінгі ХХ ғасырда 13 күн, ХХІ-ХХІІ ғасырларда 14,15,16 күнге жылжи беретіндігін түсіндірсе керек. Мұхаңның айтуымен есепке алғанда, Абай 1845 жыл, ескіше 22 шілде, жаңаша 10 тамызда туған. Міне, осыны нақты анықтаған соң ғана Мұхтар Әуезов Абай зиратының басын­дағы құлпытасқа латын, кириллица әріптерімен қашап тұрып жазғызған. Әрхам атам орысшаға жоқ еді.

Абай қайтыс болған кезде Әрхам 19 жастағы бала болыпты. Абайдың мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми хатшысы Шынар Мұратқызының айтуынша, қызы Мінәш тәтеге Әрхам ата былай деп хат жазыпты. «Жасымда мұсылман­ша оқып, хат таныдым. Орысша оқуға денсаулығым жарамады». Әрхам 9 жасында ескіше оқуға түсіп, 4 жыл ауыл молдасынан сабақ алып, сауатын аш­қан. Кәкітай ержеткен баласы Әрхам­ның орысша білім алуын жөн көргенімен, денсаулығының нашарлығына байланысты, оның Семейде оқуына қарсылық біл­дірген. Әрхамның орнына Кәкітай кіші ұлдары Біләл мен Даниялды алып, Семейге ат­танған. Орысша оқытқанның ор­нына әкесі Әрхамды егін егіп, шөп шауып, мал семіртіп сату ісіне баулыпты. Біләл мен Даниял қалада жүрген кезінде, екі ауылдың шаруашылығы Әрхамның мойнында болып, өзі айтқандай «үзіп-жұлып жүріп Абай ағасынан орысша оқып, нан сұрап жерлік» сауатын ашады. Яғни Әрхамның «ескіше-жаңаша» деген мағыналарға жөндеп мән бермеуінің сыры осы.

– Әрхам Кәкітайұлы Абай музейінің іргесі қалануына зор еңбек сіңірген. Осы бағытта Мұхаңның бірден-бір көмекшісі болған, – дейді Абайдың қорық-музейінің ғылыми хатшысы, зерттеуші Шынар Мұратқызы, – 1940 жылы Абай музейі ашыл­ған күннен бастап ол музейде қызметте болады. Абай музейі­нің директоры Жәрдем Тілеков­тің бұйрықтар кітабын қарасақ, 1941 жылдың 4 маусымын­дағы №30 бұйрықтың 2 бабында: «С 5/06. с.г. научного работника музея Исхакова Архама командировать в Чубартауский, Абаевский районы по сбору экспонатов, касающихся к жизни и творческой деятельности поэта Абая Кунанбаева», – деген жолдар тұр.

Абайдың ақын балалары Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, немересі Әубәкірлер­дің шығарған дастан, жыр, өлең­дерін жинап, Шыңғыстау елі жөнін­де құнды деректерді, өз әкесі Кәкітай туралы, Ақылбай, Әубәкір жөнінде естелік жазады. «Абайдың інісі Әрхам – ақынжанды, құнды тарихи әңгімелер айтады. Ол әңгімеші ғана емес, өзі де білікті зерттеуші», – дейді Мұхтар Әуезов. Десе де, шежіре қария­­ның жазбаларындағы олқы тұс­тарын да байқап, Мұхтар Омар­хан­ұлы: Абай өмірбаянын көр­сету­ге арналған кейбір деректер­ді таңдап алудағы кемшілік­терін көрсетеді. «Өмірбаян ішінде ақын Абай мүлде жоқ деуге болады. …Үстем таптық, фео­дал­дық-патриархалдық салт-сана түгелімен Ысқақов аузымен қайталанып отыр» – деп қатаң сын-пікірін де айтады.

Мұхаң ұлы Абайдың өмірін жазып қана қоймай, оны әлемге танытты. Тіпті Абайдың қазір­гі мемлекеттік қорық-музейі де оның ұсынысы бойынша ұлы ақынның 95 жылдық мерейтойы қарсаңында, нақты айтсақ, 1940 жылы Қазақ ССР-нiң Халық Комиссарлар кеңесi­нің 1-сәуiрдегі №347 қаулысы негізінде ашылады. Сол 1940 жылғы қаулыға сәйкес Абай ауданы­ның аумағына кіретін Жиде­байдағы үй музей ретінде іске қосылды.

1940 жылы Абайдың мүжі­ліп, жермен жексен боп кеткен зиратын жөндеп, қалпына келтіріп әрі басына құлпытас орнатқан Мұхаң сол тарихи сәтте көзіне жас алып: «Абай жатқан дария ғой, мен одан шөміштеп қана ала алдым» деген екен. Егер ғұлама жазушының өзі дариядан түгелдей қопармай, аздап қана, қасықтап алдым деп тұрса, қалғандарыныкі қалай болады екен?!

 

Раушан НҰҒМАНБЕК,

 журналист

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

24.09.2018

Юлия Путинцева WTA жаңартылған рейтингінде 46-орынға көтерілді

24.09.2018

БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясы өз жұмысын бастады

24.09.2018

Виктория көліндегі апатта қаза тапқандар саны 225 адамға жетті

24.09.2018

Солтүстік Қазақстанда Жансүгір батырға еңселі кесене тұрғызылды

24.09.2018

Музей қызметкерлеріне үстемеақы төленгені жөн

24.09.2018

Жергілікті ерекшеліктер ескерілсе игі

24.09.2018

Қайрат «қаһарына» мінді

24.09.2018

Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы жолаушының есімін жариялады

24.09.2018

Өзен арнасын бекіту – кезек күттірмейтін мәселе

24.09.2018

Медициналық көмек сапасы артады

24.09.2018

Атты әскер дивизиясының тағдыры

24.09.2018

Ұлттық рухтың ұстыны

24.09.2018

ШҚМТУ – ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар орталығы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу