Мәжіліске 17 заң жобасы келіп түсті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің төртінші сессиясының алғашқы жалпы отырысы өтті. Депутаттар отырыс барысында 17 заң жобасын жұмысқа қабылдады. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобаларын мақұлдап, Мәжіліс өкілеттіліктерін іске асырудың төртінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын бекітті. 

Егемен Қазақстан
06.09.2018 3255
2

Сапалы заң шығару міндеттелді

Жалпы отырысты ашқан Мәжіліс Төр­ағасы 1 қыркүйекте Елбасының Пар­ламент сессиясын ашып, еліміздің даму жоспарына сәйкес нақты тапсырмалар бергеніне тоқ­талды. 

– Біздің енді басты мақ­са­ты­мыз – Прези­ден­тіміз Нұр­сұлтан Әбіш­ұ­лы Назарбаев жүк­теген міндеттерді өз уақы­тында, сапалы заң­дармен қамта­масыз ету. Со­ның ішін­­де, Ел­ба­сымыздың жаңа тап­сырмалары­на сәйкес әлеуметтік жағдайды одан әрі кү­шей­туге, экономиканы да­мытуға жә­не ұлт­тық-рухани байлықты сақтауға ерекше көңіл бөлетін бо­ла­мыз, – деді Мәжіліс Төр­ағасы. 

Н.Нығматулин атап өткендей, қазір­дің өзінде Парламент қара­у­ын­да 50-ден ас­там заң жобасы бар. Олардың қатарын­да, «Мем­лекет­тік сатып алулар және ква­зи­­­мем­лекеттік сектордың сатып алулары мәсе­лелері туралы», «Табиғи монополия­лар тура­лы» маңызды заң жобаларымен қа­тар, денсаулық сақтау, көлік, мемлекеттік са­тып алулар, агро­өндірістік кешенді реттеу, мен­шік құқығын қорғауды күшейту туралы заң­намалық түзетулер, арнайы эконо­ми­­калық және индустриалды аймақтар, ки­не­ма­то­графияға қатысты құжаттар қам­тылған. 

Отырыс барысында осы жыл­дың ақпан айында Мәжіліс депутаты болып тіркелген Дархан Мыңбайдың Ата Заңымыздың талаптарына сәйкес Қазақстан халқына ант беру рәсімі өтті. Мә­жіліс депутаттары, сон­дай-ақ Ақыл­бек Ихдановты Орталық сай­­лау комиссиясының мүшесі қыз­метіне тағай­ын­дауға келісім берді. 

Сонымен Мәжілістің ал­ғаш­­қы жалпы отырысында де­пу­таттар 17 заң жобасын жұ­мыс­қа ал­ды. Оның ішінде еліміз­дің бюд­­­­жет және қаржы мәселе­лерін рет­­тейтін заң жобалары мен бір­не­ше халықаралық келі­сім­дерді ра­­ти­фикациялайтын құжаттар бар. 

Статистикадағы сәйкессіздік қайдан туындайды?

Депутаттар алдында «Қазақ­стан Респуб­л­икасының кейбір заң­намалық актілеріне мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гізу туралы» заң жобасы бо­йынша баяндама жасаған Ұлт­тық экономика министрі Тимур Сүлейменов салаға енгізілетін тың өзгерістерге тоқталды. Оның айтуынша, заң жобасы жи­нақ­т­алатын деректердің сапасын арт­тыруға және статистикалық ақпа­рат­тың сапасын қамтамасыз етуге, респонденттермен және пайда­ланушылармен кері бай­ланыс­ты қамтамасыз етуге, қайта­­ла­натын көрсеткіштердің жина­­луын болғызбау арқылы рес­понденттерге түсетін жүктемені азайтуға бағытталған. 

Осы орайда, депутаттар заң жобасына қатысты және 2019 жылға белгіленген Ұлт­тық халық санағына даярлық, ауқымды ша­раны қаржыландыру мен ұйымдастыру мә­селелеріне байланысты сауалдарын берді. 

Ал депутат Ирина Унжа­кова ха­лық арасында ресми статис­тикалық деректер мен тұтыну тауарлары мен қызметтің іс жү­зін­дегі бағасындағы алшақтыққа байланыс­ты түсінбестік барын айтты. Сондай-ақ мем­ле­кеттік статистикаға сенімді қалыптас­тыру турасындағы жоспарланған іс-шара­лар­дың атын атап, түсін түстеп көрсетуді сұрады. 

Бұл мәселеге байланысты Ұлттық эко­но­мика министрі әлеу­меттік маңызды тау­ар­­­лар ба­ғасы апта сайын, салған тауар­лар­дың құнына ай са­йын мониторинг жүргі­зі­­ле­тін­дігін айт­ты. Статистика мамандары күн сайын бағаларды салыс­ты­руға жұ­мыл­­ды­­рылуда. 

– Бағаларды бақылау жұмыс­тарын реттеу нормаларын бір ізге салу үшін негізгі шарттарды осы заң жобасына енгіздік. Ал жалпылай алсақ, мониторинг үшін 10 мыңдай сауда нысаны таңдап алынды. Олар­дың қатарына сау­да орталықтарын, тұрғын үйлер­дің жанындағы шағын дүкен­дер мен базарлардағы сауда нүк­телерін де енгіздік. Ал бағадағы алшақтыққа келер болсақ, біз барлығын салыстырмалы түр­де қабылдап, орта бағаны белгі­лейміз. Сондықтан статистика әркімге әрқалай көрінуі мүмкін. Бірақ біздің статистика нақты әдістемелер негізінде жасалған шынайы деректерді көрсетеді, – деді Т.Сүлейменов. 

Осы арада Мәжіліс Төра­ғасы Нұрлан Нығ­­матулин статис­ти­ка­лық деректердің негіз­сіз емес­тігіне келісе отырып, халықтың рес­ми деректерге сенімін қалып­тастыруды тапсырды. 

– Қатардағы азамат, мысалы тұтыну тауарларының ресми статистикалық мәлі­меттерін ес­ти­ді. Ал дүкенге, дәріханаға кел­генде өзіне қажетті азық-түлік не­ме­се дәрі бағасының мүлдем бас­­қаша екеніне көз жеткізеді. Әдет­те баға алшақтығының ішін­­де қым­батшылық бірден көзге түседі. Осы орайда оған орта бағаны есептеудегі жиын­тық баға, орташа баға маңызды емес. Сон­­дықтан ресми орта баға­ны дүкен сөресін­дегі бағамен са­лыс­тыр­ған азамат олардың арасын­дағы үлкен алшақтықты көре оты­ра, мемлекеттік статистикаға сені­­мін жоғалтады, – деді Мә­жіліс Төрағасы. 

Ал депутат Серік Құсайынов 2009 жы­лы ха­лық санағын жүр­гізуге 6 млрд теңге­ден аса қаржы бөлінгендігін, оның ішінде бір адам­мен сауал өткізу және оның дерек­терін өң­деу үшін 381 тең­ге қаралғандығын айта келе, ха­лық санағын жүргізуге жаңа тех­но­­ло­гияларды қолдану арқылы мем­лекет қар­жысын үнемдеу жос­пары туралы сұрады. 

Т.Сүлейменов бұл мәселеге байланыс­ты 2009 жылы жан басына шаққандағы шығындардың 430 теңгені құрағандығын, ал 2019 жылғы Ұлттық санақты жүргізу үшін шамамен 8,8 млрд теңге жос­парланып отырғандығын айтты. Бұл жан басына шаққанда 480 теңгені құрайды және бұнда 10 жылдың ішінде шығыстардың өсімі шамамен 11 процентті құ­ра­ғандығы есепке алынған. Осы мерзімдегі жинақталған ин­­фляция 170 процентті құра­ған. Сон­дықтан нақты көріністе санақ шы­ғындары ай­тар­лық­тай төмен­деген. Бұл үнемдеу­лер авто­­мат­тандыру мен цифрлан­дырудың есебінен жүзеге асқан. Сондай-ақ осыдан он жыл бұрын Ұлттық санаққа 70 мыңнан аса санақшы тартылса, келесі жылы санақ­шылардың саны 30 мыңнан сәл ғана асады. 

Осы мәселеге байланыс­ты түсінік берген Қаржы минис­трі­нің орынба­сары Берік Шол­панқұлов алдағы жылғы санақта автоматтандыру мен цифр­ландырудың арқа­сында 1,5 млрд теңге үнемделетіндігін жеткізді. Атап айтқанда, бұл сома санақ қа­ғазын шығармау арқылы ғана үнемделмек. 

Статистика саласына қатысты өзге де мәселелерге қатысты сауал беріп, заң жобасын талқы­лау­ға қатысқан депутаттар құ­жат­ты толық мақұлдады. 

Әуе тасымалында бассыздыққа жол берілмейді

Жалпы отырыста «Халық­аралық аза­маттық авиацияға қа­тысты заңсыз актілерге қарсы күрес жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы да толық мақұлданды. 

Бұл мәселе бойынша баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек заң жобасы Халықаралық аза­мат­тық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблея­сының 38-ші сессия­сының шешімін жүзеге асыруға бағытталғандығын атап өтті. 

– Аталған Ассамблея барлық ИКАО-ға мүше мемлекеттерді осы конвенцияға қол қоюға жә­не ратификациялауға шақы­ра­ды. Бұл жобаның мақсаты – аза­маттық авиация саласында заң­сыз әрекеттер жасаған тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік та­ғайын­дау, – деді Жеңіс Қасымбек. 

Бұл ретте, әуежайда және ұшып келе жат­қан әуе кемесінің бор­тындағы адамға қа­тысты зор­лық-зомбылық актісін жаса­ған, бұзатын және істен шыға­ратын құрыл­ғыны немесе затты әуе кемесінің бортына орналас­тырған, сондай-ақ кемені пай­далана отырып жарылғыш заттарды, химиялық, биологиялық, улан­дыратын, радиоактивті мате­риалдарды тасы­мал­даған, сондай-ақ ұшу кезінде әуе ке­месін жою, әуежайдағы жабдық­тарды бұзу және зақымдау, жалған мәліметтер хабарлап, әуе ке­месінің қауіпсіздігіне қатер төн­діру, аэронавигациялық құрал­дардың зақымдануы, әуе кемесін қару ретінде қолданушыларды жазалау қарастырылған және тағы басқа да заңсыз актілерге қарсы күрес шаралары ескерілген. 

– Қылмыстық кодексте атал­ған актілер үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұл ережелерді қабылдау БҰҰ Қа­уіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы іс-қимылына қатысты талаптарын қанағаттандыруға, сондай-ақ азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге тиісті деңгейде жауап беруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықтың әуе көлігіндегі терроризмнің барлық формасымен және көрінісімен күрес жөніндегі ұжымдық шараларды тұрақты түрде қолдануда. Конвенцияны ратификациялау Қазақстан Республикасы тарапынан қосымша шығындар мен міндеттемелерді қажет етпейді, – деп атап өтті министр.

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста төртінші сессияға ар­нал­ған негізгі іс-шаралар жоспарын бекітіп алды және орталық ат­қа­ру органдардың басшылары­на депутаттық сауалдарын жолдады.

Серік ӘБДІБЕК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Ауылдарға көгілдір отын келіп жатыр

21.11.2018

Қызылордада полицейлер қан тапсырды

21.11.2018

Қазақстан құрамасы бесінші себетте

21.11.2018

Жаңақорған ауданында 63 пәтерлік 2 көпқабатты қызметтік тұрғын үй пайдалануға берілді

21.11.2018

Павлодарда Тұңғыш Президент күні  27 жаңа нысан пайдалануға беріледі

21.11.2018

Н.Назарбаев: «Ұлы даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек

21.11.2018

Таэквондошылар Әбу-Дабиге аттанды

21.11.2018

Елбасы: Деректі-қойылымдық фильмдердің, көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу қажет

21.11.2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

21.11.2018

Президент: Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы»

21.11.2018

Елбасы: «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет

21.11.2018

Алматыда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен форум өтті

21.11.2018

Ел аумағында 11 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп жатыр

21.11.2018

Елбасы «Дала фольклорының антологиясын» жасауды ұсынды

21.11.2018

Жоспарланған меже – 100 мың гектар

21.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Алтай - Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі

21.11.2018

Елбасы әлемге қазақ жерінен тараған жылқының қадірін жете түсінуге шақырды

21.11.2018

Қазақстанның ірі электр стансалары жылыту маусымына толық дайын

21.11.2018

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

21.11.2018

«Хат қоржын»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу