Астанада Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының дамуы талқыланды

Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесі,  G-Global халықаралық хатшылығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы институты және ҚХР Сыртқы істер министрлігінің Қытай қоғамдық дипломатия қауымдастығы мен «Хуаньцюван» халықаралық сайтының ұйымдастыруымен Астанада «Бір белдеу, бір жол» сараптамалық орталықтар, БАҚ пен мәдениет серіктестігі» атты халықаралық форум өтті.

Егемен Қазақстан
11.09.2018 474
2

Форумда «Бір белдеу, бір жол»  бастамасы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясында Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының бес жылдық қорытындысы шығарылып, әрі қарайғы дамуы талқыланды. Бұл басқосуда Қазақстан мен Қытайдың саясаткерлері, ғалымдары, сарапшылары пікір алмасты.

Форумның дәл осы мезгілде және Астанада өткізілуі бекерден-бекер емес.  Нақтырақ айтқанда, 2013 жылдың қыркүйек айында ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Астанада Назарбаев университетінде Ұлы Жібек Жолының тарихи бағытын жаңғыртатын «Бір белдеу, бір жол» жобасының жүзеге асырылатындығын мәлімдеген еді.  Бұл бастамаға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдау білдірді. Арада көп уақыт өтпестен «Бір белдеу, бір жол» Еуразия аймағы, Таяу шығыс және Африка елдерімен мәдени интеграциясының түп қазығына айналды.  

Форум модераторы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Конфуцзы институтының директоры Сәуле Қошанова Қазақстан мен Қытайдың арасында дипломатиялық қарым-қатынастары басталғанына ширек ғасырдан асқандығын атап өтті.

Оның пікірінше, осы 26 жылда екі мемлекеттің қарым-қатынасы нығайып, әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстар жаңа деңгейге шыққан.

С.Қошанова, Қытай Халық Республикасы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекеттердің бірі ретінде бүгінде аймақтағы сенімді саяси серіктесі, жетекші сауда-экономикалық одақтасына айналғандығын сөз етті. Сонымен қатар ҚХР төрағасы ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасымен үндесіп, сәйкесіп жатқандығын айтып өтті.

Форумда сөз алған Қытай қоғамдық дипломатия қауымдастығының вице-президенті, Қытай сыртқы істер министрінің бұрынғы көмекшісі Ху Чжэнью: «Қазақстан мен Қытай арасындағы достық тату көршілікке негізделген. Бұл – мемлекет басшыларының еңбегі. Қазіргі уақытта Қытайдың Жібек жолы бойындағы мемлекеттермен сауда айналымы 5 трлн АҚШ долларынан асты. Қытайдың бұл мемлекеттері салған инвестициясы 70 млрд долларға жетті. Оған қоса 200 мың жұмыс орны құрылды, – деді.

Қауымдастықтың вице-президенті атап өткендей, Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалының дені Қазақстан аумағы арқылы жүзеге асырылады. Соңғы бес жылда екі ел арасындағы тауар айналымы аса қарқынмен өскен.  Оған «Нұрлы жол» бағдарламасының «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен сәйкестігі оң әсерін тигізуде.

Ал Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы, «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасы Ерлан Қарин: – «Бір белдеу, бір жол» Қазақстан мен Қытай арасындағы, Еуразия кеңістігіндегі экономикалық-мәдени, білім саласындағы байланыстарға тың серпін берді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев экономика, көлік және транзиттік байланыстың дамуы үшін жаһандық маңызы бар бастаманы ескере отырып 2014 жылы еліміздің әлеуметтік әлеуетін арттыру мақсатында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жариялады. Қазір «Бір белдеу, бір жол» бастамасы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал етуде және Қазақстанның ауқымды инфрақұрылымын дамытудың жаңа кезеңін ашып отыр», деп ойын түйіндеді.

Қазақстандық саясаттанушы аталған бастамаларды іске асыру үшін Ақтау, Құрық порттарының әлеуеті өскендігін, көліктік-транизттік жобалардың қолға алынғандығына да тоқталды. Ол сондай-ақ Орталық Азияның стратегиялық маңыздылығы ұзақ жылдар бойы тек аймақтағы қауіпсіздікке қатысты мәселелерге сай аталып келгендігін, ал бүгінде Қытай тарапының көңіл бөлуімен басқаша сипат алғандығын жеткізді.

Ал ҚХР-ның Қазақстандағы бұрынғы елшісі, ҚХР Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Орталық Азия департаментінің бұрынғы директоры Чжань Сиюнь «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Жібек Жолы бойындағы елдер төл бағдарламаларымен ұштастырып, игілігін көруде деген ойын білдірді.

«Қазақстан шетел нарығына көбірек шығуы үшін экспорттық әлеуетін арттыра түсуі керек. Ал Қытай тарапы Қазақстанға өз порттарын ұсынып теңізге шығатын жол ашып берді. Бұл – іс жүзінде тек логистика мен көлік-транзиттік байланыстармен шектелмейтін өзара сенімді қарым-қатынастың, ауызбіршіліктің жарқын үлгісі» деп толықтырды Чжань Сиюнь.

Бұрынғы елші енді көлік және коммуникациялар саласындағы ынтымақтастықты бекіте түсіп, екі мемлекет арасындағы теміржол байланысын жаңғырту керектігін айтты. Оның пікірінше, Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізі ашылғалы бері бұл жолмен 200 мың жүк контейнері тасымалданған.

Бұдан соң сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты, кезінде Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Қуаныш Сұлтанов:  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізі екі елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтерді. Жол бойында мыңдаған жұмыс орындары құрылып, орта және шағын кәсіпкерлік өркендеді. Ал «Бір жол, бір белдеу» бастамасы да тек бір елдің мүддесін көздемейді. Бұл – халықаралық жоба» деді.

Форум БАҚ, мәдениет және денсаулық саласын қамтыған өзге де пікірталас алаңдарында жалғасын тапты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Өскеменде Қазыбек би даңғылы ашылды

19.09.2018

Мәжіліс: кинематография туралы заң жобасы I оқылымда мақұлданды

19.09.2018

Велошабандоз Андрей Кивилевтің құрметіне арналады

19.09.2018

Қызылордалық полицейлер «Қалта ұрлықтарынан сақ болыңыздар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді

19.09.2018

Атырауда халықты емханаларға тіркеу науқаны басталды

19.09.2018

Роботтар Қызылорда да құрастырылады

19.09.2018

Алқызыл алау Алматы арқылы өтеді

19.09.2018

Таразда Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды

19.09.2018

Сауль Альварес IBO чемпиондық титулынан айырылды

19.09.2018

Жаңа жылдан бастап дәрілік заттардың бағалары реттелмек

19.09.2018

Қостанайда ішкі істер органдары ақпараттық қызметтің 100 жылдығы аталып өтілуде

19.09.2018

Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған кеш өтті

19.09.2018

Солтүстік Қазақстанның қос бишісі Азия чемпионатынан екі алтын медаль олжалады

19.09.2018

Қазақстанның тұрақты өкілі: елдегі жағдайды тұрақтандырудағы жетекші рөл ауғандарға тиесілі болуы керек

19.09.2018

Арыстанбек Мұхамедиұлы фильмдерді қазақ тіліне аударудың үш нұсқасын ұсынды

19.09.2018

«Астана Банкі» лицензиясынан айырылды

19.09.2018

Жауқазын жырлар жалыны

19.09.2018

Тоғыз тонна есірткі тәркіленді

19.09.2018

Жазушымен жүздесу

19.09.2018

Қостанайда Отбасы күні қарсаңындағы акциялар шеруі басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу