Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2018

Солтүстік Қазақстанда қыз бала менингиттен көз жұмды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айыртау ауданы, Кирилловка ауылының 18 жастағы тұрғыны  менингиттен қайтыс болды, деп хабарлады  қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Құшбасов.

Солтүстік Қазақстанда қыз бала менингиттен көз жұмды

Оның  сөзіне қарағанда,марқұм  дене қызуының көтерілуіне байланысты сол елді мекендегі  амбулаторлық пунктке келіп, дәрігерге қаралған. Бірнеше күн ем-дом алғаннан кейін  Көкшетаудағы Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжіне оқуына барған. Бірақ денсаулығының төмен екенін сезінгеннен кейін ауылына қайта оралған.  Екі күннен соң емханаға қайрылып, ангина деген диагноз қойылған. Дерттің күрт асқынғаны соншалық, сол күні ес-түсінен айрылып, көз жұмған.

– Биыл өңірде менингит науқасына шалдыққан екінші оқиға тіркеліп отыр. Марқұммен қарым-қатынаста болған адамдардың денсаулығы жіті тексеріліп, жағдай бақылауға алынды», дейді А. Құшбасов.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45