Әлем • 01 Қазан, 2018

Әзербайжан зейнеткерлері бір ай бойы банктерде жұмыс жасамақ

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық қарттар күніне орай Әзербайжанның «Капитал банк» атты банкі зейнеткерлерге арналған әлеуметтік жоба өткізуде.

Әзербайжан зейнеткерлері бір ай бойы банктерде жұмыс жасамақ

Банктың баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Үшінші көктем» тобының бастамасымен қолға алынған жоба барысында қатысушылар банктың астанадағы бөлімшелерінде халыққа қызмет көрсетпек. Зейнеткерлер бір ай көлемінде банкке келген жасы үлкен тұтынушыларды қызметтеріне сәйкес бағыттап отырады.

«Капитал банк» жыл сайын халықаралық қарттар күніне әр түрлі шаралар ұйымдастырады. Былтырғы жылдың жақсы нәтижесі бізді «Жаса» орталығын ашуға қанаттандырды. Жобаға қатысып жатқан зейнеткерлер негізінен жасы үлкен тұтынушылармен жұмыс істеп, соларға көмек көрсетеді. Жобаның мақсаты – зейнеткерлердің өзіне сенімділігін арттыру», дейді банктың маркетинг бөлімінің басшысы Гюнель Фарзалиева.

Бүгінде 95 бөлімшесі бар банктың қолдауымен ұйымдастырылған «Жаса» орталығы Әзербайжанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігініне бағынышты. Қазіргі таңда топтың 300 белсенді мүшесі бар және әр жаңа жоба сайын 40-50 адам қатарын толықтырып тұрады.