16 Қазан, 2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

1468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде сарбаздардың жауынгерлік туымен қоштасу ғұрыпы өткізілді. Салтанатты шара кезінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 700-ге жуық сарбазы әскери бөлімнің саптық алаңымен соңғы рет өтті, оның 500-ге жуығы теңіз жаяу әскері сарбаздары. 

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

Сарбаздардың әскери бөліммен қоштасу іс-шарасы салтанатты  түрде Ақтау, Ақтөбе және Атырау әскери бөлімдерінің жауынгерлік туымен қоштасу ғұрыпымен аяқталды. Бір жыл бойы сарбаздар жауынгерлік мамандықты меңгеріп, жауынгерлік даярлықта айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олар өздерінің машықтылығын көптеген оқу-жаттығулары мен «Батыс-2018» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде көрсете алды.

Осы іс-шараға орай, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған сарбаздар грамотарлармен, алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, олардың ең үздіктері әскери атаққа ие болды, олардың бірі - ефрейтор Сартай Дархан.

-Әскердегі бір жыл, мен және менің қызметтестерім үшін нағыз ерлік пен достықтың, өр мінезділік пен қайраттылықтың емтиханы болды. Бүгін біздер кіндік қанымыз тамған өлкемізге нағыз ер азамат болып оралудамыз. Бұның барлығы дерлік біздің командирлеріміздің арқасында, сол үшін оларға мың алғыс, деді ефрейтор Сартай Дархан.

Әскери бөлімдердегі қалыптасып қалған салттарға сәйкес сарбаздар саптық алаңмен соңғы рет шерумен өтті. Бір қызығы, мерзімді әскери қызметшілердің біразы келісімшарт бойынша әскери қызметке қалуға бел буып, Қарулы Күштердің қатарында тұрақты түрде қалды, ал кетіп бара жатқандардың орнын еліміздің барлық аймақтарынан күзгі шақырылымның жас сарбаздары толықтырады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше