Премьер-Министрге «Смарт-Тараз» және Тараз-Хаб жобалары таныстырылды

Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында  Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өңірде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысып, АТ-лицейінде жаңа білім беру технологияларын қарап шықты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Егемен Қазақстан
14.11.2018 2233
2

Цифрландыру кеңсесінің басшысы Д. Егізбаевтың айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында «Смарт-Тараз» жобасы іске асырылып жатыр. Оған негізгі бес бағыт бойынша: білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, агроөнеркәсіптік кешен және қауіпсіздік бойынша 20 жоба кіреді.

Денсаулық сақтау саласында облыс халқының 70%-ында электронды денсаулық паспорты болады. Тіпті, бүгінгі күннің өзінде Тараз қаласының 34 мың тұрғыны медициналық қызмет алу үшін арнайы қосымшаны қолданады. Келесі жылға қарай пайдаланушылар саны 200 мыңға жетпек.

Білім беру жүйесінде компьютерлермен жабдықталған сыныптар саны осы жылдың 10 айында 22%-дан 58,5%-ға дейін өсті. Жыл соңына дейін 100% қамту жоспарланып отыр. Жүзеге асқан жобалар арасында «Балаларды бірінші сыныпқа және мектепке дейінгі мекемелерге қабылдау қызметтерін автоматтандыру» жобасы бар, ал келесі жылы мектеп сыныптары үшін роботтарды шығару жобасы іске қосылмақ. Ауылдық кітапханалар базасында 24 цифрлық сынып ашылды, жыл соңында мұндай орталықтардың саны 57-ге дейін көбеймек. 2019 жылдың соңына қарай цифрлы сыныптар 250 мыңнан астам тұрғыны бар барлық елді мекендерде жұмыс істейтін болады.

Көлік саласында бірыңғай диспетчерлік орталық пен автобус бағдарларына арналған мобильді қосымша енгізілді. Келесі жылы электрондық автобус билеттері іске қосылады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру тұрғысында биыл өңірде қалалық сумен жабдықтау жүйесі автоматтандырылған. Жыл соңына дейін «ақылды орам» жобасы бастау алып, 315 көппәтерлі тұрғын үй «е-Шаңырақ» бірыңғай ақпараттық жүйесіне қосылады. Келер жылы коммуналдық қызметтер төлемі үшін бірыңғай есеп айырысу орталығын енгізу жоспарда бар.

Биыл АӨК-те жайылымдар 100%-ға цифрландырудан өтеді. Сондай-ақ, облыста Талас өзенінің бойында су ресурстарын бақылау және бөлу жөніндегі орталық ашылған. 4 ферма ақылды технологиялар игілігін көріп жүр. Болашақта әкімдік 20 ферманы толық цифрландырмақ ниетте, ал 316-на білім тарату орталықтарының негізінде цифрландыру элементтерін енгізбек.

Премьер-Министрге ауылдық жерлерде «цифрлық сыныптар» жұмыс істейтіні туралы баяндалды. Орталық мамандары тұрғындарға электронды үкімет анықтамаларын алып беруге көмектеседі. Ал, жыл соңына дейін ақпараттық дерекқорларды біріктіру арқасында олар барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша толық кеңес беру мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі таңда 32 сынып жұмыс істейді, жыл соңына дейін тағы 34-і іске қосылады. 2019 жылы қосымша 209 сынып ашылмақ. Қабылданған шаралар осы жылдың мамыр–қыркүйек айларында 182 мың адамның цифрлық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік берді. Жалпы көрсеткіш 61%-дан 78,5%-ға дейін өсті.

Бүгінде Жамбыл облысы тұрғындарының 99%-ы интернетпен қамтылған, бұл — 378 елді мекеннің 347-інде интернет бар деген сөз. Биыл және келесі жылы интернет жылдамдығы 4 Мбит/с-тан төмен елді мекендерде жылдамдықты арттыру жұмысы атқарылып жатыр. 2020 жылы 250-ден астам тұрғыны бар елді мекеннің бәрі интернетке қосылады.

Желтоқсанның 1-інде Жамбыл облысында Astana Hub АT-стартаптар халықаралық технопаркіне ұқсас Тараз хабы іске қосылады. Бұл туралы жоба жетекшісі Т. Омаров хабарлады. АТ-орталық аталмыш сала мамандарының жаңа буынын өсіріп, оларға роботты техника және ВЕБ-бағдарламалауды үйретуді көздейді.

«Орталық базасында 2019 жылдың басынан бастап информатика, роботты техника және 3D модельдеу оқытушыларын оқытпақпыз. “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы арқасында үш білім беру жобасын жүзеге асырамыз. Біріншісі – балабақшаларды автоматтандыруды көздейтін “ақылды балабақша” жобасы. Оның арқасында Жамбыл облысының барлық мектепке дейінгі ұйымдары 100%-ға (508 ұйым) тегін автоматтандырылған. Екінші жоба – “ақылды мектеп” деп аталады, бірінші сынып балаларын мектепке қабылдауға арналған жоба бүгінгі таңда 119 мектепке енгізілді. Қалған 326 мектеп 15 желтоқсанға дейін автоматтандырылады. Үшіншісі – “ақылды колледж” жобасы, ол арқылы Жамбыл облысының барлық колледждері автоматтандырылады», — деді Т. Омаров.

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев, цифрландыру саласындағы жобаларды іске асыру кезінде аймақтың экономикалық тиімділігін ескерудің маңызды екенін атап өтті.

Цифрландыру барысымен іс жүзінде танысу үшін АТ-лицейдің Веб-бағдарламалау және роботты техника сыныптары таныстырылып, онда Премьер-Министр өңірде білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар болды. Заманауи цифрлық технологиялар мен бағдарламалар цифрлық экономикаға қажетті дағдыларды өскелең ұрпақ бойына сіңіруге септігін тигізеді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпараты бойынша ақпараттық технологияларға оқыту ісі қалалық әрі аудандық мектептерде де жүргізіліп келеді. Биыл облыста 120 роботты техникалық сынып ашылған. Облыстың барлық аудан орталықтарында, сондай-ақ Тараз қаласында АT-сыныптарда қосымша сабақтар оқытылады. Бұдан басқа, Тараз техникалық шығармашылық орталығында робот құрастыру ісімен 100-ге жуық студент айналысады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу