Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі аясында Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдығына орай «Айтматов және Кино» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Егемен Қазақстан
22.11.2018 819
2

Кинофестиваль ұйымдастырушыларының Айтматовты басқосудың арнайы тақырыбы етіп алуының себебі бар. Әлемдік рухани кеңістікке құлашын кең сермеген Ш.Төреқұлұлының бір қанаты – әдебиет болса, бір қанаты – кино болды. Посткеңестік елдердің қаламгерлері арасында шығармаларының ең көп экрандалуы жағынан Айтматовтың алдына түсетін жазушы кемде-кем. Бір ғана Болотбек Шамшиевтің өзі Шыңғыстың 12 шоң шығармасына кинокартина түсіріп, олардың барлығы да кеңестік елдердің ұлттық тіліндегі телевизиясында табыспен жүрді.  

Іс-шараға ақын, драматург, сазгер, Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің лауреаты Исраил Сапарбай, қырғыз кинорежиссері, сценарист, КСРО және Қырғыз Республикасының халық әртісі Болотбек Шамшиев, түркімен кинорежиссері, сценарист, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Түркімен Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері  Ходжакули Нарлиев, «Ш.Айтматов атындағы халықаралық Ыстықкөл форумының» вице-президенті Ассоль Молдакматова, ақын Аян Нысаналин, қазастандық дипломат Валерий Толмачев, режиссер, Шәкен Айманов халықаралық кинофестиалінің бас директоры Ермек Тұрсынов, философия және өнертану ғылымдарының докторы, Еуразияның ғаламдық байланыс жөніндегі агенттігінің бас директоры  Светлана Слапке қатысты.

Ұлттық кітапханаға келген қонақтар Ш.Айтматов шығармаларының көрмесімен танысып, көшпелі халықтардың мәдени бұйымдарын тамашалап, көне түркі жауынгерлерінің соғыс айлаларын паш ететін кішігірім көріністі бақылады.

Ал дөңгелек үстел басында жалғасқан әңгіме, негізінен, келген қонақтардың Шыңғыс Айтматовқа байланысты қызықты оқиғаларын еске алып, пікір алмасуына құрылды. 

«Әлемдік деңгейде әр ұлттың, әр елдің өзінің бір алға салатын, тарихтың өзі, өмірдің өзі алға қоятын адамдары болады. Сондай адамдардың бірі – Шыңғыс Айтматов. Биылғы жыл, арнайы жарияланбаса да мерейтойына орай бейресми Шыңғыс Төреқұлұлының жылына айналып кетті. Мен жақында ғана әлеуметтік желіде отырып, Айтматовтың тойы Өзбекстанда аталып өткенін оқып қалдым. Оған өз басым қатты қуандым. Өйткені, көп жағдайда  мұндай мерекелер сол елдің деңгейінде ғана тойланып жатады. Бірақ адамзаттың Айтматовы алақандай ғана елдің алқалағанына сыя ма? Осындай тұлғалардың түркі әлемінде, әлемдік масштабта алатын орны ерекше»,  - деді  ақын Исраил Сапарбай.

«Мені Айтматовпен 10-класста ақын әкем таныстырды. Мен, ол кездегі әдебиетті аса ұнатпайтын едім, жаспын ғой. Бірақ, анам әдебиетті сүюім үшін барлық амалды жасап бақты, ақыры көндірді. Бірде қолыма әлдеқандай газетті ұстатты. Ол жерде Айтматовтың «Бетпе-бет» деген шығармасы тұр екен, соны оқыдым да таң қалдым. Таң қалғаным, әсерленгенім сонша, отыра салып бір деммен осы шығармаға сценарий жазып тастадым. Мектеп оқушысы не жазады дейсіздер, бірақ әкем сценарийді оқыды да, қолымнан жетектеген бойы Айтматовқа алып барды. Сол кезде мен оны бірінші рет көрдім. Арық, мұрынды. Мұрнынан басқа ешнәрсе көрінбейді. Ол менің жазбамды алып оқыды. Содан бері мен Айтматовпен елу жылдай бірге жүрдім, бірнеше шығармасын экранизацияладым және ол ешқашан ешкімнің қолын қақпады», - деді Б.Шамшиев мырза. 

«Әр елдің күші мен намысы -  сол елдің абыройлы балалары» дейтін мақал бар түркімен елінде. Айтматов тек қана қырғыз елінің мақтанышы емес, бүкіл түркі жұртының, бүкіл әлемнің мақтанышы», - деп түйіндеді Х.Нарлиев ақсақал.

Кездесу соңында фестивальдің бас директоры Ермек Тұрсынов та Айтматовпен Бельгияда болған кездесуін еске алып, тұлғалармен жүздесудің шығармашылыққа тигізетін игі әсері туралы баяндады. Бүгінде алыстап кеткенімен, кинофестиваль аясында басы қосылып, қайта қауқылдасқан бауырлас елдердің мықтылары  Айтматовқа тағзым жасау арқылы киноның алтын діңгегі іспетті ізгілік пен ұлылықты бірдей дәріптеді.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2019

Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді

19.02.2019

Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады

19.02.2019

56 ауылды елді мекен сапалы интернетпен қамтылды

19.02.2019

«Сергек» жобасы жол-көлік оқиғаларының санын 15%-ға төмендетті

19.02.2019

Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

19.02.2019

Халық сауалы жауапсыз қалмайды

19.02.2019

Қызылордада алаяқтар азаймай тұр

19.02.2019

Астана әкімдігінде тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар санының өсу себептері түсіндірілді

19.02.2019

Жеке клиникалардың белсенділігі жоғары

19.02.2019

«Алтын жауынгер» анимациялық фильмі жарыққа шығады

19.02.2019

Оразалы Досбосынов атындағы аудитория ашылды

19.02.2019

Шетелмен әріптестік нығайып келеді

19.02.2019

«Смарт-Астана» қосымшасының жаңа сервистеріне қатысты мәселелер талқыланды

19.02.2019

Дәурен Сүйеукенов: дзюдодан Еуропа кубогінде ел чемпионатындағы есемді қайтардым

19.02.2019

Әлия Юсупова Гран-при кезеңі мен Будапешттегі халықаралық турнирді қорытындылады

19.02.2019

Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев батыр баламен кездесті

19.02.2019

Жер жаһанды шарлаған Мағжан

19.02.2019

Қарағандыда 24 000 жер үйге газ құбыры тартылады

19.02.2019

Абылайхан Жүсіпов Софиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

19.02.2019

Елбасы «Лукойл» мұнай компаниясының президентімен кездесті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу