Ұлы даланың жеті қыры Фьордтар жерінде

Қазақстан Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен Осло қаласында «Норвегиядағы Қазақстанның Ұлттық күні» өтті. Шараға Норвегия Корольдігінің билік, саяси партиялар, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдар, БАҚ, бизнес, дипломатиялық корпус, сондай ақ жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері жиналды.

Егемен Қазақстан
10.12.2018 5357
3333
2222
2222
2222
2222
2222
2222
2222
2222
2222

Қазақстан дипломаттары қонақтар назарына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы» кітабын норвег тілінде, Сириядағы шиеленісті жағдайды шешудегі Астананың үлесі туралы «Бітімгер» еңбегін тағы басқа кітаптарын ағылшын тілінде ұсынды.  

Жиынға қатысушылар Қазақстан Президентінің «АТОМ» бастамасына қолдау білдіріп, іске асыру мақсатында ядролық сынақтарды тоқтату жөніндегі петицияға қол қою акциясына қатысты. Норвегия діни ұйымдармен байланыс Кеңесінің басшысы Ингрид Розендорф: «Бұл заманауи аса қажет бастаманы қолдаймын. Мен Қазақстанның басқа да халықаралық бастамаларымен жақсы таныспын. Қазан айында Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндердің съезіне қатысып, Қазақстан Президенті мен Үкіметі діндер аралық диалогты барынша жеңілдетуге қыруар жұмыс жасап жатқанына күә болдым. Бұл Норвегияда біздің атқарып жатқан шаруалармен үндес. Қазақстан – жыл сайын конфессиялар саны өсіп келе жатқан ел. Діннің көптігі азаматтық қоғамның, өзара түсіністіктің дамуының кепілі деп білемін. Қазақстанның дінаралық серіктестікті әлемдік деңгейде белсенді насихаттауы бізді тамсандырады.

Шақырылғандар Елбасының Қазақстан Халқына Жолдауында жария етілген бастамаларымен және жақында жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған ұлттық тарихымыздың, мәдениетіміздің жаһандық өркениетке қосқан үлесі туралы кеңінен танысты.  

Сондай ақ, қонақтарға Қазақстанның туристік мүмкіндіктері арнайы таныстырылды. Қазақстанның туристік хабының жаңа мүмкіндіктері жайлы «Қазақ туризм» отандық компаниясы мен келер жылы тұрақты түрде Ұлы дала еліне туристік сапарлар ұйымдастыруды қолға норвегиялық «Витус» компаниясы жиналғандарға толыққанды ақпарат берді. «Максишипинг» логистикалық компаниясының коммерциялық директоры Кристиан Клемметсен: «Қазақстанның туристік мүмкіндіктерімен қатар транзиттік, логистикалық мүмкіндіктері де бізді қызықтырады. Біздің жүк тасымалы теміржол поездары Еуропадан Орталық Азияға тауар тасиды. Сондықтан Қазақстанның құрлықтағы логистикасына сұраныс жоғары. Шынында да, бұл өте тиімді маршрут, теңіз жолынан жылдам, әуе қатынасынан әлдеқайда арзан».

Қазақстан Президентінің ұлттық сананы түлеткен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған терең ойларды жаһанға жеткізу мақсатында, қазақтың тарихы мен мәдениетінен мол мағлұмат беретін «Сән мен Сахна» халықаралық фестивалінің көрсетілімі болды. Фестиваль директоры, белгілі этно дизайнер Ханум Айдаштың бұл Скандинавия еліне екінші сапары. Осы жолы фестиваль шеңберінде норвегиялықтарға қызылордалық этнодизайнер Қарлығаш Ільясова мен ақтаулық Мөлдір Бекібаеваның «Шын жүректен» коллекциясы таныстырылып, жиналғандарды тамсандырды.

Осло қаласындағы «Кон-Тики» мұражайының директоры Мартин Бил: «Мен үшін Норвегиядағы Қазақстан күніне қатысу үлкен құрмет. Қазақ ұлттық киім үлгілері таныстырылған шоу өте керемет болды. Қазақстан Норвегиядан өте алыс, сондықтан мен миллиондаған скандинавиялықтар санатында қазақ жерімен, мәдениетімен таныс емес едім. Алайда, бүгінгі шараның арқасында Ұлы дала елімен де, халқымен жақынырақ танысып, тәнті болдым. Тіпті өзімізбен ұқсастықтар тауып таң қалдым!»

Суреттері әлемнің ондаған елдерінде жекелеген коллекцияларда сақталған, белгілі суретші, Қазақстан еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Гүлмира Телғозиеваның сурет көрмесі де Ұлы дала өркениеті мен ұлттық болмысымызды викингтер еліне танытудың заңды жалғасы іспеттес болды.     

«Норвегиядағы Қазақстанның ұлттық күні» Қазақстан тәуелсіздігінің 27-жылдығына арналған дипломатиялық қабылдаумен аяқталды. Жиын барысында Норвегия Корольдігіндегі Қазақстанның уақытша сенімді өкілі Ільяс Омаров екі жақты байланысты дамыту бағытында үстіміздегі жылы атқарылған жұмыстар жайлы  айтып берді. Дипломат Қазақстан Норвегия елімен жан жақты кеңінен серіктестік орнатуға ниетті екенін, «сондықтан қазақстандықтар фьордтар елі туралы, ал норвегиялықтардың ұлы дала елі жайлы танымы барынша өсетіні сөзсіз» деді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу