Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018

Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығы таныстырылды

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

«Тұран» университетінде Қазақстандағы әр түрлі қоғамдық құбылыстар мен оқиғалардың қалыптасу көздерін, рекордтарды, қазақстадықтардың жеткен жетістіктерін мәңгі есте сақтау мақсатында жазылған алғашқы кітап –  «ҚАЭА – 2014-2018» ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығының тұсаукесері өтті.

Қазақстандық ақпараттық-энциклопедиялық анықтамалығы таныстырылды

Анықтамалықтың мазмұны еліміздің кешегі, бүгінгі жарқын келбетімен толықтырылған.  

Таныстырылым барысында энциклопедияның бас редакторы Қуаныш Тазабеков қазақстандық рекордтар кітабының кейіпкерлеріне арнайы сертификаттар табыс етті. Олардың қатарында ең танымал және әйгілі джаз әнші Ирэн Аравина, актриса, режиссер, АРТиШОК тәуелсіз эксперименталдық театрының негізін қалаушылардың бірі және көркемдік жетекшісі Галина Пьянова, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «сегіздік» шеге байлайтын ұжым – қазақстандық үлкен күш иесі, рекордшы Сергей Цырульников, 1980 жылғы ХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының (грек-рим күресі) алғашқы қазақ чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, сондай-ақ, аты аңызға айналған қазақстандық байкер Дмитрий Петрухин, қазақстандық альпинизм аңыздары Қазбек Валиев пен Мақсұт Жұмаев, Nomad каскадерлік командасы, Қазақстанның №1 доноры Александр Скаковский, денеде сегіз килограммға дейінгі металл заттарды ұстап тұруға қабілетті «магнит әйел» Қарылғаш Нигметова, Қазақстандағы алғашқы зағип тележүргізушілер – Мәдина Ермаханова мен Ербек Бакиев және т.б. Осы кездесу аясында Нью-Йорктен бейнеүндеу арқылы 2017 жылы Нью-Йорк қаласының үздік полицейі атанған кәсіби бокстан әлем чемпионы, қазақстандық рекордтар кітабының кейіпкері Димаш Ниязов құттықтау лебізін білдірді.

Сертификаттарды табыстау рәсімінен кейін кейіпкерлердің қатысуымен жарқын көрсетілім өтті.

Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45