«Бес әлеуметтік бастама»: салық жүктемесін төмендету 2 млн азаматқа қосымша кіріс алуға жол ашады

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру барысы қаралды.

Егемен Қазақстан
22.01.2019 4757
2

«7–20–25» бағдарламасын іске асыру барысы туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев баяндады. Оның айтуынша, бұл бағдарлама қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған. Қатысу шарттары өткен жылдың ортасында бекітілді. Ипотека нарығын дамыту үшін заңнамалық түзетулер енгізілді. Бағдарлама операторы болып «Баспана» ұйымы құрылды. Бағдарлама 2018 жылғы шілдеде іске қосылды. Бағдарламаны іске асыруға 8 банк қатысады.

Биылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша «7–20–25» бағдарламасы аясында 52 млрд теңгеге 4350 өтінім мақұлданды.

«Бағдарламаны іске асыру барысы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жүйелі түрде жарияланады. Тәулік бойы колл-орталық жұмыс істейді. Ұлттық банктің аумақтық бөлімшелері мен “Баспана” ипотекалық ұйымы барлық өңірлердегі халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесу өткізуде. Халықпен белсенді түрде түсіндіру жұмысын жүргізуге 6 млн-нан астам азамат қамтылды», — деді Д. Ақышев.

ҚР Ұлттық банкі Бағдарламаны жандандыру үшін бірқатар шараны ұсынады:

  • тұрғын үйге сұранысты, демографиялық өсімді және халық көші-қонын ескере отырып, тұрғын үй құрылысын еліміздің перспективалық өңірлерінде қамтамасыз ету;
  • ЖАО-ға «Баспана» ИҰ қаражаты есебінен тұрғын үй салуға қаржы тарту құқығын беру;
  • «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы салымшылар мен кезекте тұрғандарға және барлық азаматтарға «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық қарыздар арқылы сату.
  • Тұрғын үй сертификаттарын беру нақты сипатқа ие болуы керек және бағдарламаның басында ғана болуы мүмкін;
  • Үкіметтің бағдарламаға меншік құқығында баспанасы бар азаматтарға қатысу құқығын беру мүмкіндігін зерделеуі;                                                           

Бес әлеуметтік бастаманың екінші бағытын іске асыру аясында жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов баяндады.

«Барлық дайындық жұмыстары жүргізілді және аяқталды. Заңнамалық өзгерістер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, салық төлеушілердің арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу көзделген, нормалар қолданылуда», — деді Р. Дәленов.

Бірінші вице-министр заңнамалық өзгерістерге қатысты, Салық кодексінде жалақысы 63 125 теңгеден төмендер үшін тәртіп өзгергенін айтты. Олардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді және 2 млн-ға жуық жұмысшы жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алады.

Жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеу бойынша айтар болсақ, өзгерістер жергілікті бюджеттердің шығындарына әкеледі. Осыған орай, аталған шығындар республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралды және мақұлданды. Республикалық бюджетте трансферттер көзделген. Осылайша, жергілікті бюджеттердің кірістері жеңілдіктердің арқасында азаймайды.  

Бұған қоса, Р. Дәленов барлық жұмыс берушілер өзгерістермен танысқанын, халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, екінші бастамада жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеу тапсырылған. Бірінші вице-министрдің айтуынша, халықаралық тәжірибе зерделенді және жалдамалы еңбекке ақы төлеудегі ағымдағы жағдайға егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

Жалпы, ҰЭМ деректеріне сәйкес, жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту туралы тапсырма орындалды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Galaxy S10 телефоны 8 наурыздан сатылымға шығады

22.02.2019

Алдағы уақытта мұнай қымбаттай ма?

22.02.2019

Дзюдошыларымыздың Дюсельдорфтағы қарсыластары анықталды

22.02.2019

Өткен тәулікте 43 мың текше метрден астам қар жиналды

22.02.2019

Қай министрліктер мемқызметшілерге артық жұмыс істетіп отыр

22.02.2019

Маңғыстаудың көші-қон қызметі бюджетке 99 млн теңгеден астам қаражат енгізді

22.02.2019

Алматы әкімдігі мен халықаралық IFC қаржы корпорациясы ынтымақтастыққа уағдаласты

22.02.2019

Астана қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың басымдықтары белгіленді

22.02.2019

Солтүстік Қазақстанда әлемдегі ірі қалайы  кен орны ашылады

22.02.2019

Алматы қаласының энергоқауіпсіздігін нығайтқан жоба аяқталды

22.02.2019

Жетісулықтар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазымен жүздесті

22.02.2019

«DIGITAL URPAQ» САРАЙЫ – елімізде баламасы жоқ нысан

22.02.2019

Кәсіпорындар қажет маманды өздері оқытады

22.02.2019

Кеше елордаға бір мың тоннадан астам көмір жеткізілді

22.02.2019

Қазақстанда отандық өндірістегі РТ маркалы авиациялық отынның көтерме бағасы арзандады

22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер көп балалы отбасына баспана сыйлады

22.02.2019

Қозғалысты реттеймін деп айыппұл төледі

22.02.2019

Көкшетауда «EL jastar» театры ашылды

22.02.2019

БҚО құтқарушылары 5 айлық сәбиді құтқарды

22.02.2019

Асыл тұқымды 5 мың сиыр әкеледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу