19 Наурыз, 2019

Астана, Алматы және Шымкенттегі жастар үшін пәтер құрылысына 7,2 млрд теңге бөлінді

927 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының «Жастар жылының» ашылуы кезінде берген тапсырмаларын іске асыру аясында 2019 жылға Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін 1 мың жалдамалы пәтер құрылысына 7,2 млрд. теңге қарастырылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Үкімет отырысында айтты.

Астана, Алматы және Шымкенттегі жастар үшін пәтер құрылысына 7,2 млрд теңге бөлінді

Ақпараттарға сүйенсек,  3 жылда жас мамандар үшін 3 мың пәтердің құрылысына 21,6 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Айта кетейік, бюджетке қатысты барлық мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдады және Мәжілістің қарауында.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше