Қазақстан • 12 Тамыз, 2021

Тауарлардың ұлттық каталогында не қамтылған?

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда министрлігінің алқа мәжілісінде «Тауарлардың ұлттық каталогы» жобасын әзірлеу барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тауарлардың ұлттық каталогында не қамтылған?

Ведомство вице-министрі Әсел Жанасованың айтуынша, Тауарлардың ұлттық каталогының жобасын әзірлеу «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

Жобаның мақсаты – нарыққа қатысушылар үшін тауардың цифрлық паспортын ұсыну.

«Бүгінде 2021 жылғы 1 қазаннан бастап әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларын кодтау бойынша пилоттық жобаны өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар бекітілді, сондай-ақ интерфейс макеті әзірленді», деп түсіндірді Әсел Жанасова.

Вице-министр өз баяндамасында каталогта медиа контент, салмақ-көлем және басқа да тұтыну сипаттамалары бар тауарлардың цифрлық көшірмелері қамтылатынын, ал 2021 жылдың соңына дейін каталогта 30 000 тауар түрі қолжетімді болатынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024