Қазақстан • 24 Қараша, 2021

Қазақстанның стандартты үлгісін басқа ел енді сынақсыз да таниды

487 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімнің ратификациясын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның стандартты үлгісін басқа ел енді сынақсыз да таниды

ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов палатаның жалпы отырысында «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ұсына отырып, осы келісімді ратификациялау келісімге қатысушы елдерде сынақтар бойынша қосымша рәсімдерді өткізбей, Қазақстанда әзірленген стандартты үлгілерді тануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Мысалы, Қазақстан Республикасы стандартты үлгі шығарады, сынақтар жүргізеді және типін бекітеді, ал келісімге қатысушы қалған елдер техникалық құжаттаманы сараптау нәтижелерін қосымша сынақтар жүргізбестен таниды», деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР-да стандартты үлгілерді өндіру бойынша барлығы 16 ұйым бар, олар «Қазстандарт» РМК, «ВНИИЦветмет» ЕМК, «Ұлттық ядролық орталық» РМК, «Центргеоаналит» ЖШС, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ.

Осылайша, мемлекетаралық мәртебесі бар осы келісімді ратификациялау метрология саласындағы өлшеу нәтижелеріне деген сенімді арттырады және өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мемлекетаралық стандартты үлгілер сұранысқа ие және экономиканың әртүрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ұлттық тізілімде 634 стандартты үлгі тіркелген. Оның ішінде 337 стандартты үлгі мемлекетаралық стандартты үлгілер тізіліміне енгізілді.

«Биыл біздің стандарттау және метрология институты мемлекетаралық стандартты үлгілер тізіліміне енгізілген 163 стандартты үлгі әзірлегенін атап өткім келеді», деп толықтырды Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024