Ғылым • 06 Ақпан, 2023

Юпитердің 12 жаңа серігі табылды

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астрономдар Юпитердің 12 жаңа серігін тапты. Енді олардың жалпы саны 92-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Юпитердің 12 жаңа серігі табылды

Қазір Юпитер күн жүйесіндегі басқа планеталарға қарағанда ең көп серігі бар планета. Бұрын Сатурн болатын. Оның 83 серігі бар.

«Жақында Юпитердің спутниктері Халықаралық астрономиялық одақтың кіші планеталар орталығы басқаратын тізімге қосылды», деді Карнеги институтының қызметкері Скотт Шеппард.

Олар 2021 және 2022 жылдары Гавайи мен Чилидегі телескоптардың көмегімен табылып, орбиталарды бақылау нәтижесінде расталған.

Шеппардтың айтуынша, бұл жаңа серіктердің өлшемдері 1 шақырымнан 3 шақырымға дейін өлшенген.

Сәуір айында Еуропалық ғарыш агенттігі планетаны және оның ең үлкен серіктерін зерттеу үшін Юпитерге ғарыш кемесін жібереді. Ал келесі жылы NASA Юпитердің серігін зерттеу үшін «Europa Clipper-ді» ұшырады.

 

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті