Қазақстан • 13 Наурыз, 2023

«Қазақстанда жасалған»: дүкен сөрелері отандық өніммен толығады

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен 2023-2024 жылдарға арналған «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын іске қосу жөніндегі жол картасы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда жасалған»: дүкен сөрелері отандық өніммен толығады

Атап айтқанда, жол картасын іске асыру бойынша келесі іс-шаралар көзделген:

  • Техникалық реттеу құралдары арқылы ішкі нарықты қорғаудың жаңа моделін әзірлеу және «Қазақстанда жасалған» белгісімен тауарларды ерікті сертификаттау жүйесін құру.
  • «Қазақстанда жасалған» ұлттық стандарттар сериясын әзірлеу (өнімге, отандық өндірушілерге және оны сатушыларға қойылатын талаптар).
  • Азаматтарды қазақстандық өнімді сатып алуға ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктермен және сауда желілерімен бонустарды есептеу жүйесін (кэш-бэк) енгізу мәселесін пысықтау.
  • Бұдан басқа, құжат сауда қызметі туралы заңнаманы жетілдіруді көздейді.

Сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекске сауда қызметі бөлігінде, құқық бұзушылықтың сипаты мен қауіптілігіне байланысты пропорционалды және барабар әкімшілік жауапкершілікті енгізу, сондай-ақ сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың жаңа құрамдарын белгілеу тұрғысынан өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024