Спорт • 08 Сәуір, 2023

Тағы бір қазақ UFC-мен келісімшартқа отырды

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Zulfikhar лақап атымен танымал Асу Алмабаев UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағы бір қазақ UFC-мен келісімшартқа отырды

Бұл туралы Dark Team командасының PR-менеджері мәлімдеді

Ең ірі ММА-промоушенде Алмабаев ең жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Қазіргі уақытта бұл дивизионның UFC чемпионы мексикалық файтер Брэндон Морено (21-6-2) болып табылады. Рейтингтегі бірінші және екінші орынды қос бразилиялық иеленген: Дэвисон Фигейреду (21-3-1) және Алешандра Пантожа (25-5).

29 жастағы Алмабаевтың есебінде 16 жеңіс және аралас жекпе-жекте бір жеңілісі бар. 2022 жылы BRAVE Kombat Федерациясының үздік спортшысы атанған.