Шахмат • 13 Қыркүйек, 2023

Жолың болсын, шахмат керуені!

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Көкшетауға еліміздің барлық ай­­мағында шахмат спортын дамытуды және насихаттау­ды мақсат еткен «Шах­мат керуені» рес­пуб­ли­калық жо­бас­ы­ның өкілдері келді.

Жолың болсын, шахмат керуені!

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында Көк­ше жұртшылығы ақ­сүйек өнердің ақсұңқарларын құшақ жая қарсы алып, кездесу рәсімі өткізілді. Ақыл-ойдың керуені елі­міздің барлық өңірін аралап шықпақ. Бұл жолғы сапар Петропавл, Қостанай, Қарағанды қалалары ар­қылы жалғаспақ. Сүм­біленің ақ жауыны құ­йып тұрса да,  кездесуге келушілер қатары көп. Осыған қарап-ақ жер­лес­теріміздің шахмат спор­тына деген ыстық ықы­ласын аңғаруға болады. Аға буынның айтуына қарағанда, осы өнерге ын­тық жастардың қатары күн сайын өсіп келеді.

«Шахмат ойынына Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мей­лінше назар аударып отыр, – деді облыстық мәсли­­хаттың әрі облыстық шах­мат феде­ра­циясының төр­­ағасы Бей­біт Жүсіпов. – Бү­гінде елімізде 200 мың­­нан астам адам спорт­тың осы тү­рімен айналысса, олар­дың төрттен бірі – балалар. Биылғы қыр­­­күйек айынан өңір­дегі жалпы білім бе­ре­тін мек­тептерде шахмат фа­куль­тативтік сабақ ретін­де өткізіле бастады. Қазір об­­­лыс­тағы 753 үйір­меде 7 мыңға жуық оқушы шах­­мат спор­тымен шұ­ғыл­да­нады.

Керуенді қарсы алып, көзайым болған көп­шілік шахмат жарысын ұйым­дас­тырды. Жеңімпаздар 10 қара­ша күні Түркістан қаласында өтетін ақтық сынға жолдама алады.

 

КӨКШЕТАУ